Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында География және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы әл-Фараби кітапханасында «ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатерлері және қоршаған орта» атты конференциясы өтті.
Қазіргі таңда заманауи жаһандық қатарлер мен мәселелер бір-бірімен байланысты және олардың шешімі өркениеттің келешегіне әсер етеді. Жаһандық қатарлер заманауи адамзаттың әр түрлі салаларының біркелкі дамымауының нәтижесінде, оның табиғатпен және қоршаған ортамен байланысы, сонымен қатар қоғамдық-экономикалық, қоғамдық-табиғи, саяси-идеологиялық және басқа адамдармен қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болады.Бұл мәселелер барлық адамзатқа және Қазақстан Республикасына да қатысты. Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көне айналдырған.Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 2 желтоқсан 2021 ж
Көрмені ұйымдастырушы: әл-Фараби кітапханасы.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
- Ғылыми зерттеулер
- Жаһандану және экологиялық қауіпсіздік
- Климатология
- Қазақстандағы қорықтар
Краткий обзор выставки
Ғылыми зерттеулер факультеттің еңбектері қойылды. Атап айтар болсақ С.К Мырзаәлиева « Қоршаған орта химясы» атты оқу құралы Б.Х. Түсіпованың « Геоэкологиялық зерттеу әдістері» атты оқу құралдары таныстырылды.
Жаһандану және экологиялық қауіпсіздік «Арал өңіріндегі өндірісті экологияландыру» кітабы қойылды. Аталмыш кітапта Арал, Балқаш және Семей ядролық және әскери полигондары, Каспий маңы аймағының проблемаларын жазып көрсеткен. Кітап авторлар А. Нұрғызарынов және Қ. Шапшанов. Көрме бөлімі тағыда көптеген экологиялық проблемалар және табиғи ортаның мониторингі туралы кітаптармен толықтырылды.
Климатология Көрменің бұл бөлімінде кітаптардан бөлек газет және журналдар қойылды. «Жаhандық жылынудың салдары әлемді алаңдатады» атты мақаласы қойылды.
Қазақстандағы қорықтар Бұл бөлімде «Қазақстан Республикасының қызыл кітабы» басты кітаптардың бірі болып таныстырылды. Ерекше тоқталып өтетін тағы да «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» және « Ақсу жабалығы» кітаптары қойылды. Кітаптар жоғарғы дәрежеде таныстырылды.Табиғатты таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес — өмір үшін күрестің негізі болып табылады
Көрменің оқырмандық бағыты: конференцияға қатысушылар, қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.
Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар.
Көрменің безендірілуі: фотосуреттер.
Көрменің нәтижесі: әл-Фараби кітапханасының қорындағы журналистика тақырыбына арналған материалдармен оқырмандарды таныстыру.