Ғалия Ахметқалиева Мовкебаева 1962 жылы 9 мамырда Гурьев қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Алматы қаласындағы №81 мектепті бітіріп, сол жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ға оқуға түсті. 2011 жылдан бастап Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры. 1997 жылы 07.00.15 мамандығы бойынша «Ф.Науманның сыртқы саяси тұжырымдамасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.- халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат тарихы. 2009 жылдың мамыр айында «Еуропалық Одақтың сыртқы саяси стратегиясының қалыптасу тарихы (теория және практика)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады, мамандығы 07.00.15 — Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы.
Осы іс-шараға байланысты Әл-Фараби кітапханасы ақпараттық-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Күні: 14 мамыр 2022
Көрменің мақсаты: қонақтар мен студенттерді, оқырмандарды Мовкебаева Г.А. жетістіктерімен таныстыру.
Көрмеге қысқаша шолу
Еуропалық Одақтың сыртқы саясаты. Кітапта ЕО-ның сыртқы саясатын қалыптастырудың институционалдық құрылымдары және оны жүзеге асыру құралдары, ЕО-ның қазіргі сыртқы саясатының тетіктері қарастырылған, ЕО-ның сыртқы саяси стратегиясын қалыптастырудың ерекшелігі анықталған, ЕО-ның сыртқы саясатын қалыптастыру эволюциясы көрсетілген.
Еуразиялық кеңістіктегі жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту әлеуеті: 2019 жылғы 29 қазанда Еуразиялық зерттеулер орталығы ұйымдастырған халықаралық дөңгелек үстел материалдары.
Халықаралық мамандар ұстаханасы. / Мовкебаева Г. А., Т. Ғ. Д., Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры, әл — Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры.
Көрменің оқырмандық бағыты: халықаралық қатынастағы оқу залы: студенттер, кітапхана оқырмандары және т. б. көрменің оқырмандар бағыты:Халықаралық қатынастағы оқу залы: студенттер, кітапхана оқырмандары және т. б.
Көрмеде ұсынылған құжаттар: кітаптар, конференциялар, газеттер.