Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуындағы саяси-құқықтық және экономикалық мәселелер:тарихы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға орай Әл-Фараби атындағы кітапхана ұйымдастырған көрмесі.
Бiздiң өмiрiмiздi түбегейлi өзгертiп, Қазақстан тәуелсiздiкке ие болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Бұл бiздің мемлекетімiздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешiм болды. Осыған орай экономикалық және саяси мәселелер туындап, басылымдарда шықты. Қазақстанның тәуелсіздік алу жолындағы саяси-құқықтары және экономикалық мәселелері туралы бүгін өтетін кітап көрмесінде әдебиеттерді оқып білуге болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуындағы саяси-құқықтық және экономикалық мәселелерге арнап ұйымдастырылған кітап көрмесі 5 бөлімнен тұрады.
1-бөлімде Елдің бірлігі мен ынтымағы, ұрпақтар сабақтастығын баяндайтын, еліміздегі бейбітшілік пен келісім тәрізді құндылықтар туралы әдебиеттер және тәуелсіздік туралы әдебиеттер қойылды.
2-бөлімінде Саяси-құқықтық ілімдер туралы басылымдар, мақалалар орналастырылды.
3-бөлімде Тәуелсіздік жолындағы заңдардың маңыздылығы мен заң туралы нақыл сөздер келтірілген плакаттар мен әдебиеттер қойылды.
4-бөлімде Экономиканы меңгеру және оның маңыздылығы туралы әдебиеттер қойылды.
5-бөлімде Ұлттық қауіпсіздік туралы жазылған кітаптар мен суреттер орналастырылды.
Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған мәдениеттанушы, әлеуметтанушы қауым, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері, т.б.
Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасының ғимараты, фойе, 4-қабат, 2021 ж. 21 маусым.
Көрме түрі: Дәстүрлі (5 стеллаж кітаптар, фотоальбомдар мен мерзімді басылымдар)
Көрме құжаттары: Кітаптар саны-146, мерзімді басылымдар саны-2газет, энциклопедия саны-2, мат.конференциялар саны-7, журнал-3.
Көрменің безендірілуі: Фотосуреттер, дәйексөздер.
Көрменің нәтижелігі: Сана мен сезiмнің шиеленiсi мен ширығуы жағынан ерекше болған тәуелсіздік жылдарындағы саяси экономикалық мәселерді сипаттаған әдебиеттермен танысуы.
Көрме туралы ақпараттың жариялануы:
Әл-Фараби атындағы кітапхананың сайтында elibrary.kaznu.kz
Біздің Instagram мен Facebook парақшаларымызда
Және Youtube арнамызда.
Өздеріңіздің сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды біздің сайттың төмен жағында орналасқан “Кітапханашыдан сұра” рубрикасында қоя аласыз, сонымен қоса біздің электронда пошта немесе әлеуметтік желі арқылы ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.