А.Қ.Құсайыновтың 70 жылдық мейрейтойына арналған кітап көрмесі (05.06.2021)

КІТАП КӨРМЕСІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

«Төменгі температурадағы плазманы зерттеу» зертханасында жұмыс істей бастап, нәтижесінде 3 авторлық күәлік алып, бірнеше ғылыми мақалалар жариялаған Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы қазіргі таңда Қазақстан Ғылымдар Академиясының президенті. Асқарбек Қабыкенұлы кім? Ол Қазақстан ғалымдарының ішінде алғаш рет педагогикалық ғылымдар саласындағы ерен еңбегі үшін берілетін К.Д. Ушинскийдің медалімен (Ресей Федерациясы) марапатталған. Оның – бұл салада өндіре еңбек етіп , алатын орны ерекше. Профессор А. Құсайынов 20 монография 11 түсіндірме және терминологиялық сөздіктің, 150-дан аса ғылыми мақаланың, сонымен қатар мерзімдік басылымдарда жарық көрген 140-тан аса мақаланың авторы екенің атап өтуіміз керек. Осы және басқада еңбектері туралы ғылыми-практикалық конференцияда білуге болады.

Академик А.Қ.Құсайыновқа арналып ұйымдастырылған кітап көрмесі 5 бөлімнен тұрады.

1-бөлімде Профессор А.Құсайыновтың алғаш басылымнан өткен және сирек кездесетін кітаптары, түсіндірме және терминологиялық сөздіктері, ғылыми мақалалары келтірілген плакаттар орналастырылды.

2-бөлімінде А.К.Құсайыновтың ізін басып, артынан ерген белгілі академиктеріміздің ғылым саласындағы кітаптары орналасқан.

3-бөлімде Тәрбие мен білім беру мәселелерінің түйінді проблемаларына арнап тынбай мақалалар жазып жүрген .ағамыздың нақыл сөздері мен мақалалары келтірілген плакаттар орналасқан.

4-бөлімде Асқарбек Құсайыновтың Қазақстандағы педагогиканың негізін салу жолындағы жазған әдебиеттері мен басылымдары орналасқан.

5-бөлімде А.Құсайынов туралы сөз еткенде оның қазақ тілі терминологиясы саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткендігін айтпай кету мүмкін емес. Оның 30 томдық қазақша-орысша терминологиялық сөздігі басылып шыққан Сол жемісті еңбектің нәтижелері осы бөлімде орналасқан.

Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған академик,профессорлар, мәдениеттанушы, әлеуметтанушы қауым, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлері, т.б.

Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасының ғимараты, фойе, 4-қабат, 2021 ж. 21 маусым.

Көрме түрі: Дәстүрлі (5 стеллаж кітаптар, фотоальбомдар мен мерзімді басылымдар)

Көрме құжаттары: Кітаптар саны-92, энциклопедия саны-4, фотосурет-4, журнал-5.

Келім саны-58адам.

Көрменің безендірілуі: Фотосуреттер, дәйексөздер.

Көрменің нәтижелігі: Педагогика ғылымдарының профессоры,Қазақстан Ғылымдар Академиясының президенті Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлының ғылым саласындағы маңызы жоғары кітаптарымен және сирек кездесетін басылымдарымен танысу.

Көрме туралы ақпараттың жариялануы: Әл-Фараби атындағы кітапхананың сайтында

Іс-шараның фото есебін көрсеңіз болады:

Іс-шара бойынша қатысушылардың пікірлері:

Яндекс.Метрика