Герольд Бельгерді еске алуға арналған шығармашылық кездесу

Әл-Фараби кітапханасында Герольд Бельгерді еске алуға арналған шығармашылық кездесу өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Герольд Бельгердің өмірі мен қызметі, жазған кітаптары мен мерзімді басылымдарда жарық көрген еңбектерімен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • Герольд Бельгер – Қазақстандық жазушы, сыншы, аудармашы, публицист
  • Герольд Бельгердің аудармалары

Герольд Бельгер – Қазақстандық жазушы, сыншы, аудармашы, публицист. Герольд Бельгер – Қазақстандық жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты. Герольд Бельгер 53 кітаптың авторы. Қазақ әдебиетінің Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов секілді классиктерінің шығармаларын орыс тіліне аударды.[2] Еңбектерінде ол Абайдың сан қырлы шығармашылық дарынына, ақындық құдіретіне, жаңашыл дәстүріне шолу жасады. И. В. Гете мен А. Құнанбаев шығармалары үндестігінің филос., эстетик., этик., психол. заңдылықтарын талдады.

Герольд Бельгердің аудармалары. Көрменің бұл бөліміне Бельгердің аудармалары қойылды. Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» шығармасы негізінде туындаған М. Ю. Лермонтовтың «Тау шыңдары» мен Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдеріндегі поэтикалық рухани бірлігін, әлеуметтік ой толғауындағы жақындық пен тамырластықтың түп төркінін ашып көрсетті. Абай өлеңдерінің орыс тіліне аударылуындағы жай-күйіне, ақынның кемел ойы мен көркем теңеулерін тәржімелеудегі кемшіліктерге, текстолгиялық ала-құлалықтарға, жаңсақ жазылған сөздерге тоқталды. Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нүрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, т.б. қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшалан орыс тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер, т.б. неміс жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды.

Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 80-нен астам кітаптар мен мерзімді басылымдар.

Яндекс.Метрика