Әл-Фараби кітапханасында Биология ғылымдарының докторы, молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры, ҚР Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Бигалиев Айтхажы Бигалиевичтің 80 жылдығына арналған «Экологиялық генетика және Халық денсаулығы: жетістіктері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Қонақтарды, ОҚП, студенттер кітапхана қорындағы Айтхажа Биғалиұлы Биғалиевтың еңбектерімен және конференция тақырыбына байланысты зерттеу жұмыстарымен таныстыру.
Көрме 4 бөлімнен тұрады:
- «Тұғыры биік ғалым-ұстаз»
- «Ғылыми, ұстаздық еңбектері»
- «Генетика және экологияның іргелі мәселелері»
- «Экология және табиғатты пайдалану»
«Тұғыры биік ғалым-ұстаз» Айтқожа Биғалиұлы Қазақстанда экологиялық проблемаларды, өнеркәсіптің, әскери полигондардың табиғатқа, адамға тигізетін зиянды әсерлерін зерттеумен айналысты. Ядролық сынақ алаңдарына іргелес орналасқан аудандарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеп қана қоймай, зерттеу нәтижелерін көпшілікке жеткізіп, алыс-жақын шет елдерде болған кездерінде ядролық сынақтардың Қазақстанның табиғатына тигізген зиянын, Қазақстан халқына әкелген қасіретін жария етуге ат салысты. Ақын-жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ұйымдастырған антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының жұмысына да өз үлесін қосты.
«Ғылыми, ұстаздық еңбектері» Профессор А.Б. Биғалиев 7 монография мен бірнеше оқулықтың, 300 -ден астам ғылыми мақаланың авторы (оның 50- астамы ағылшын тілінде). Ол 1970 ж. В. И. Ленин 100 ж. мерейтойына арналған медальімен, 1974 ж. – «КСРО Денсаулық сақтау үздігі» Белгісімен, 1987 ж. – «КСРО Білім беру үздігі» белгісімен, 1990 ж. – «ҚР Білім беру үздігі» белгісімен, 2005 ж. – ҚР «Құрмет» Орденімен марапатталған. Ал 2009 ж. – ҚР «ЖОО Үздік мұғалімі» грантын иеленген. Оқырман назарына профессордың «Қазақстан топырағы және оның экологиясы», «Биоэкология», «Экологиялық генетика», «Жалпы экология», «Биоэкология» сынды және т.б. еңбектері оқырман назарына ұсынылды.
«Генетика және экологияның іргелі мәселелері» Бұл бөлімге экологиялық генетиканың барлық ұғымдары және аса маңызды жалпы заңдылықтары биосфераға және оның компоненттеріне антропогендік әсердің заманауи проблемаларымен байланыстырылып қаралған еңбектері мен мақалалары қойылды.
«Экология және табиғатты пайдалану» Табиғи ортаның ауыр металдармен ластануы нәтижесінде адам денсаулығын әсер етуіне математикалық модельдеу арқылы жасалған экологиялық болжамы ұсынылған және жер мәселесі қозғалған мақалалары, биология ғылымының негізі ретінде қарастырылған экологияның іргелі мәселелері жазылған еңбектері көрмеге қойылды.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы кітапхана
Көрменің оқырмандық бағыты: Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары, журналистер, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, т.б.
Көрме құжаттары: кітапхана қорынан 100-ге жуық кітап, мерзімді басылымдар.
Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде