Ел ардақтыларының еңбектері

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақ тіл білімінің мәселелері
Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері / Құраст.: Ғ.Әнес. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 640 бет.


Ұлтымыздың ұлы ұстазы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы жазған ана тіліміздегі алғашқы әліппе – «Оқу құралы», қазақ тілін танытатын тұңғыш грамматикалық оқулықтар – «Тіл-құрал», үлкендерге сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын «Тіл-жұмсар» және сөз өнерін зерделеген «Әдебиет танытқыш» зерттеуі тілдік мұра ретінде осы ғылыми жинаққа топтастырылып отыр. Сонымен бірге кітапқа мемлекет және қоғам қайраткерінің төл терминологиямыз бен оқу-ағартуға, емле мен әдістемеге қатысты мақалалары да енгізілді.
Араб харпіндегі түпнұсқадан қазіргі жазу үлгімізге салыстырыла аударылған бұл асыл қазына-мұра тілші ғалымдарға және көпшілік тіл жанашырларына арналады.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Алты томдық шығармалар жинағы 1-том
Байтұрсынұлы Ахмет Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», — 2013. Т. І: — 384 б.


Мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог-ғалым, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының І-томына «Қырық мысалә (1909, 1913, 1922), «Маса» (1911, 1922) жинақтары және «Қазақтың бас ақыны» (1913), «Әдебиет танытқыш» (1926) атты іргелі ғылыми зерттеулері еніп отыр.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Алты томдық шығармалар жинағы 2-том
Байтұрсынұлы Ахмет Алты томдық шығармалар жинағы. Оқу құралы. – Алматы: «Ел-шежіре», — 2013. Т. ІІ: — 384 б.

Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым, ғұлама әдіскер Ахмет Байтұрсынұлының шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге жазған «Оқу құралы» лқырмандар қолына тұңғыш рет 2004 жылы қазақ әрпіне түсіріліп, ұсынылған еді. Сол кітап түпнұсқамен қайта салыстырылып, толықтырылды.
Бұл хрестоматиялық еңбек бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тарихы, әдебиеті мен қазақ тілі, жағырапия, шаруа-кәсіп және жаратылыстану, т.б. ғылым салалары бойынша санқырлы мағлұматтар береді.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Алты томдық шығармалар жинағы 3-том
Байтұрсынұлы Ахмет Алты томдық шығармалар жинағы.

Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы:
«Ел-шежіре», — 2013. Т. ІІІ: — 384 б.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларынын ана тілінде білім алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықатрдың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын іргелі тілтанулық ғылыми құралдардың авторы. Бұл жинаққа «Тіл – құрал» оқулықтар мен методикалық құралдардың қолда бар мәтіндері түпнұсқамен қайта салыстырылып, толық ұсынылып отыр.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Алты томдық шығармалар жинағы 4-том
Байтұрсынұлы Ахмет Алты томдық шығармалар жинағы. Әліппелер мен мақалалар жинағы. (Төте жазудағы тұңғыш әліппелер және ұлттық баспасөзде жарияланған көсемсөздері) – Алматы: «Ел-шежіре», — 2013. Т. ІV: — 384 б.


Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақ баспасөзінің негізін қалаушы. Жинақтың 4-томына Оқу құралы: қазақша әліппесі (1912), Әліп-би (1926), Сауат ашқыш (1926) атты оқулықтары және өзекті мәселелерді көтерген түрлітақырыптағы мақалалары топтастырылып берілді.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Алты томдық шығармалар жинағы 5-том
Байтұрсынұлы Ахмет Алты томдық шығармалар жинағы.
«Ер Сайын». «23 жоқтау» ауыз әдеби мұрасы, көсемсөздері,
табылған туындылары. – Алматы: «Ел-шежіре», — 2013. Т. V: — 384 б.


Ұлт ұстазы, қазақ тілі мен әдебиетінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының 5-томына «Ер Сайын» (Мәскеу, 1923), «23 жоқтау» (Мәскеу,1926) атты аыз әдеби мұрасы, әр жылдары жазған көсемсөдері, сондай-ақ бұрын еленбей келген еңбектері мен табылған туындылары топтастырылды.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Алты томдық шығармалар жинағы 6-том
Байтұрсынұлы Ахмет Алты томдық шығармалар жинағы.
Мақалалар, хаттар, А. Байтұрсынұлы туралы құжаттар мен материалдар.
– Алматы: «Ел-шежіре», — 2013. Т. VІ: — 384 б.


Бұл томға А. Байтұрсынұлының жинақтарға енбеген мақалалары, ресми құжаттары, эпистолярлық мұрасы, сондай-ақ ғұлама туралы замандастарының лебізі, Алаш арысының аяулы есімі ақталғаннан кейін жазылған танымдық және ғылыми зерттеу мақалалары топтастырылды.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Тіл тағылымы
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы, «Ана тілі», 1992, 448 бет.


Ахмет Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына
арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын
тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін
пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да иесі. Бұл кітапта
сол оқулықтар мен методикалық құралдардың қолда бар басылымдарының
текстері толық ұсынылып отыр. Сонымен бірге автордың қазақ жазуы
(графикасы), емлесі, терминологиясы жайында жазған мақалалары, сөйлеген
сөздері мен қазақ жеріндегі оқу-ағарту мәседедеріне арналған еңбектері де енеді. Бұлардың барлығы дерлік араб жазуынан қазіргі қазақ жазуына көшіріліп берілді.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Ұлттың ұлы ұстазы
Ұлттың ұлы ұстазы: Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері,
ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновқа арналады / Құраст. В.Қ. Күзембаева.
– Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2001.- 316 бет, суретті.- «Ұлы тұлғалар»
ғылыми биографиялық серия.э


Бұл еңбек Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновқа арналады.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Тіл тағылымы
Байтұрсынов А.
Тіл тағылымы / бас ред. Арын Е.М., құраст., жауапты ред. Құдабаев А.Ж. – Павлодар: С.Торайғыров ат. ПМУ, 2008. – 172 б.

– (Қазақ тіл білімінің антологиясы).

Бұл кітапқа автордың қазақ жазуы (графикасы), емлесі,
терминологиясы жайында жазған мақалалары, сөйлеген сөздері
мен қазақ жеріндегі оқу-ағарту мәселелеріне арналған еңбектер енді.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Ақ жол
Байтұрсынов А.
Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу / Құраст. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Жалын,1991. – 464 бет.

Отызыншы жылдары сталиндік озбырлықтың құрбаны болған ұлы ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, ақын-аудармашы, публицист Ахмет Байтүрсыновтың ардақты есімі қазіргі қайта құру заманы арқасында ақталып, артына қалдырған асыл мұрасы халыққа қайтып оралды.
Ақынның бұл жинағына өзінің көзі тірісінде-ақ «революциялық рухтағы алғашқы сөз», елшілік ұраны» деп бағаланған атақты кітаптары – «Қырық мысал» мен « Маса» әйгілі «Әдебиет танытқыш», сондай-ақ ауыз әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өңдеген тынымсыз ізденісінің бір бөлігі ретінде танылған «23 жоқтау» мен « Ер Сайын» және қазақ жұртын өнер-біім шұғыласына, рухани жетілуге үндеген көсем сөздері (публицистика) еніп отыр.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Фотожинақ
Ахмет Байтұрсынұлы: фотожинақ / ҚҰрастырып, анықтамалық әрі ғылыми
түсініктерін жазған: Райхан Сахвбекқызы, Қайдар Байдебекұлы/.
– Алматы: «Орхон» баспа үйі, 2017. – 240 б., суретті, деректі.


Фотожинақта Алматы және Торғай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі қорының мұрағаттық деректері, шежірелері фотосуреттері, тарихи тұлғаны өз дәуірі мен бүгінгі тәуелсіздік кезеңдегі ұлт ұстазын ұлықтаған ресми жиындар мен арнайы ісшаралар материалдары топтастырылған.
Оқу

«Қазақ» газетінің 100 жылдығына және қазақ руханиятының ұлы тұлғасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақ журналистикасы …» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.1 ақпан 2013 ж. / жауапты ред.: Г.С. Сұлтанбаева, А.Қ. Мектеп. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 297 б.

Жинаққа ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі тарихы мен Алаш Зиялыларының ұлттың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-рухани өміріндегі қызметіне қатысты кейінгі табылған тың деректер негізіндегі ізденістер мен зерттеу материалдары енгізілді. Жинақ «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөз қоғамдық-саяси һәм мәдени-ағартушылық қызметіне арналған.
Оқу

А. Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы» атты халықаралық
ғылыми-әдістемелік конференция материалдары / ғыл.ред. А.Б. Салқынбай,
— Алматы, 2012. 318 бет.


«А. Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдарында қазақ тіл білімінің негізін салушы А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі негезгі ғылыми концепциялар бүгінгі күннің талаптарына сәйкес талданады. Сондай-ақ қазақ тіл білімі мен оқыту әдістемесінің негізгі теориялық және практикалық мәселелеріне қатысты өзекті пайымдаулар жасалады.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: «Шапағат-Нұр» баспасы,
2013. – 368 бет. – («Ұлы Дала тұлғалары» сериясы).


Ұлтымыздың рухани көсемі, ағартушы-ғалым, мемлекет және қоғам
қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ақындыығы мен ұстаздық тағылымы,
«Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметін ұйымдастырудағы белсенді қызметі,
тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газеті арқылы елді оятқан ерен еңбегі,
патшалық және кеңестік түрмелердегі азапты жылдары туралы соңғы
ширек ғасырдажұртшылық көп шындыққа қанықты, оның күрескерлік
бейнесін жан-жақты танып-білді.
Оқу

Сыздықова Рәбиға
Ахмет Байтұрсынов
Сыздықова Р.
Ахмет Байтұрсынов – Алматы: Қазақ ССР «Білім» қоғамы, 1990, 52 бет.


Бұл кітапшада ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінің тұңғыш оқулықтарын жазып, графикасын реттеуші, сол арқылы қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы ағартушы-ғалым, ірі мәдениет және қоғам қайраткері, тамаша публицист әрі ақын Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны мен қызмет жолы, білім-ғылымдағы еңбегімен азаматтық бейнесі сөз болады. Мұнда А. Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық мұрасы мен әлеуметтік қызметі жөніндегі бірсыпыра материалдар және оларды талдау-таныту тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Оқу

Тұрғараева Гүлфара
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі
Тұрғараева Г.М.
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық – саяси және мемлекеттік қызметі
(1872-1937 жж.) : Монография – Алматы, Нур-Принт, 2015 – 258 б.


Автор ұсынып отырған еңбек А.Байтұрсыновтың өскеп ортасы, білім алған орны мен ағартушылық қызметінің саяси күрестегі орыс зиялылары арасындағы арақатынасын салыстыру арқылы оның дүниетанымын, саяси көзқарасының өсуінің ішкі мазмұнын, табиғатын аша отырып, оның қоғамдық, саяси, мемлекеттік және ғылыми қызметіне қатысты барлық зерттеулерді, мұрағат құжаттары мен басқа да дерек көздерін жаңа заман талаптары тұрғысынан саралап, Ресейлік патша үкіметінің қазақ қоғамының ішкі бірлігіне іріткі түсіріп, қазақ жерлерін тартып алу, озбырлық саясатының кез келген көрінісіне қарсы күштерді басып жаншуға арналған түрлі құқықтық, нормативтік құжаттар мен актілерін талдап, А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасының саяси қайраткер ретінде қалыптасуына тигізген әсерін өте тартымды көрсеткен.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Қырық мысал: Өлеңдер.-Алматы-Жазушы.2002-120 бет


Ұлт ұстазының ұсынылып отырған «Қырық мысалы»Аханның көзі тірісінде-ақ «революциялық рухтағы алғашқы сөз»,«елшілдік ұраны» (М.Әуезов) деп бағаланған.
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастыруға қызмет еткен бұл шығармалар
Крыловтың жасалған таза аударма емес, автордың төлтума туындысы деген дұрыс.
Сондай-ақ 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса»жинағынан алынған өлеңдер
де ұлттық ой-сананы оятуда ұйытқылық рөл атқарған еді. Көкейкестілігімен қазірде
қадірлі, қасиетті.
Оқу

Ахмет Байтұрсынұлы
Жоқтау. — Алматы: А. Байтұрсынов атындағы қор,
1993-96 бет


Ахмет Байтұрсынұлының «Жоқтау» деп аталатын бұл кітабында өзінің көзі тірісінде
жарық көрген сондай-ақ, ауыз әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өңдеген тынымсыз ізденісінің бір бөлігі ретінде танылған «23 жоқтау» бұл жоқтауларды бастырғанда Қазақ тарихының төрт жүз жылын алған.
Оқу

Яндекс.Метрика