Білім алушыларға ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып ұсынылатын деректер базасының сервистері

Жоғары оқу орнына арналған оқу әдебиеті орталығы (http://iculvuz.elib.kz/) –  көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған инклюзивті білім беру онлайн-порталы.

  • Контрастық кескін: пайдаланушылар қабылдауды жеңілдету үшін материалдардың контрастық бейнеленуін қолдана алады, бұл әсіресе көру қабілеті нашар адамдар үшін өте маңызды;
  • навигацияның қарапайымдылығы: пайдаланушыларға қажетті материалдарды оңай табуға және кітапхананы ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беретін, қолжетімділік талаптарын ескеретін ыңғайлы интерфейс;
  • көптілді қолдау: платформа көптілді оқу процестерін қолдай отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі материалдарға қол жеткізуді ұсынады.

Электрондық кітапхананы пайдалану жөніндегі нұсқаулық.

Электрондық кітапхананы пайдалану жөніндегі бейнеролик

IPR SMART (https://www.iprbookshop.ru) – көру қабілеті бұзылған адамдар үшін ресурстың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, инклюзивті оқытуға бейімделген технологияларды қамтитын, бір платформада оқытуға және оқуға арналған ыңғайлы сервистері бар цифрлық кітапхана

  • Нашар көретін пайдаланушыларға арналған IPR SMART ЭКЖ сайтының арнайы бейімделген нұсқасы https://www.iprbookshop.ru/special сілтемесі бойынша орналастырылған
  • инклюзивті білім беру құралдары:
    • мәтіннің көлемін ұлғайту, безендірілуінің түстер гаммасын таңдау, кернингті өзгерту бойынша қосымша құралдар бөгде ассистивті технологияларды қолданбай сайтқа қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді;
    • оқу процесін қамтамасыз ету үшін баспа материалдарының балама форматтарын (300%-ға дейінгі үлкен қаріп және аудиофайлдар) қамтиды;
    • Android, iOS-қа арналған IPRbooks WV-Reader мобильді құрылғылары үшін  арнайы бағдарламалық жасақтама (көру қабілеті нашар және зағип адамдар үшін), визуалды емес қол жетімділікке арнайы форматта дайындалған кітаптардың негізгі жиынтығы (260-тан астам кітап). Бағдарлама арнайы дайындалған көмекшіні қажет етпейді.
  • IPR Smart мобильді қосымшалары: IOS, Android

Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істейтін оқытушылар мен бөлімшелерге көмектесу мақсатында IPR SMART ЭКЖ-де инклюзия бойынша мамандандырылған басылымдар.

Яндекс.Метрика