VII Халықаралық жас архившілер жазғы мектебі

Тарих факультетімен ҚР Президенті Архивімен біркен  Жас архившілердің VII cъезі өтті.

Осы іс-шараға байланысты әл-Фараби кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: конференцияға қатысушыларды, студенттерді, магистранттарды кітапхана қорындағы архив ісіне қатысты кітаптармен таныстыру.

Көрме бөлімдері:

  • «Әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман»
  • «ҚазҰУ тарихы»
  • «ҚазҰУ даму бағыттары»
  • «Ұлт мұрасы – ұрпақ қазынасы»

Әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман.Көрмені әл-Фараби еңбектері ашады, әл-Фараби «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар»,  «Қайырымды қала»және«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан «Он томдық шығармалар жинағы» қойылды. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.

ҚазҰУ тарихы. Бұл бөлім университет тарихы туралы кітаптарға арналған.  Көпшілік қауымға «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – болашақтың университеті, Казахский национальный университет имени аль-Фараби – университет будущего» жинағы, жалпы ред. басқ. Б. Жұмағұлов, «Біздің Элита» кітабы, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  Казахский национальный университет им. аль-Фараби» басылымы, бас ред. Ж. Қ. Түймебаев, «Летопись Казахского национального университета имени аль-Фараби» төрт томдық жинағы және тағы басқа да университет тарихы туралы басылымдар көпшілік назарына ұсынылды.

Университеттің даму бағыттары. Көрменің бұл бөлімінде Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының ең үздік инновациялық жобалары енген, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген «ҚазҰУ-дың инновациялық жобалары», «Инновационные проекты КазНУ», «Innovative projects of KazNU атты ғылыми-танымдық еңбектері, университеттің даму бағыттарының көрсеткіштерін айқындайтын «Айшықты оқиғалар-2021-Знаковые события», «Айшықты оқиғалар-2022-Знаковые события» кітаптары, университетке қатысты кітаптарды көруге болады, соның ішінде «Казахский государственный университет, Қазақ мемлекеттік университеті» фотоальбомы және Scopus ғылыми журналдар дерекқорына енген «Physical sciences and technology», «International Journal of Mathematics and Physics», «International Journal of Biology and Chemistry», «Journal of Interdisciplinary Approaches to Medicine» ҚазҰУ шығаратын журналдар қойылған.

Ұлт мұрасы – ұрпақ қазынасы. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді. Архив қызметінің басты бағыттары: қор жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп, жүйелеу, ғылым анықтамалар мен көрсеткіштер жасау; құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру және жария ету. Көрменің бұл бөлімінде архив ісіне қатысты кітапхана қорындағы монографиялар, жинақтар, оқу-әдістемелік құралдары қойылған. Мысалы, Б. Асанова «Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу : оқу құралы», М. Ақшал  «Кітапхананың библиографиялық қызметі : оқу құралы», Н. Дәулетова «Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы : монография», Еуразия кітапханаларының жаңа форматы. Ақпараттық жүйелер және технологиялар» (құраст.: Н. А. Барсукова, К. К. Коштаева, А. Н. Нурсеитова), «Кітапхана ісі мамандығының терминдері : оқу-әдістемелік құрал» (құраст.: М. Т. Раймбекова, Б. С. Асанова).  және т.б.

Сондай-ақ әл-Фараби кітапханасында өткен іс-шараларды сілтеме арқылы көре аласыз: осы жерде

Яндекс.Метрика