Кемел Тоқаев

Кемел Тоқаев (1923—1986) 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында туған.Ұлы Отан соғысының ардагері. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған.

1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған. Толығырақ … .

Тоқаев, Кемел
Түнде атылған оқ [Мәтін] : повестер / К. Тоқаев. — Алматы : Жазушы, 1971. — 227, [3] б.

Жазушы Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқ» атты бұл кітабы милиция өмірін көрсетуге арналған. «Қастандық», «Түнде атылған оқ» повестерінде милиция қызметкерлерінің алаяқтарды әшкерлеудегі айлакер әрекеттері тартымды суреттеледі.
Читать

Тоқаев, Кемел
Тасқын [Мәтін] : повестер және әңгіме / К. Тоқаев. — Алматы : Көркем әдебиет, 1958. — 203, [1] б.

Бұл повестерде баяндалатын әрқилы жайлар жазушының құрғақ қиялынан туған емес, әр кезде, әрқилы жағдайда болған оқиғалардың негізіне сүйеніп жазылды. Мұндағы кейіпкерлердің кейбіреуі қәзір милиция органдарында қызмет істейді. Тек олардың аты-жөні өзгертіп алынды.
Читать

Тоқаев, Кемел
Таңдамалы [Мәтін] : жинақ / К. Тоқаев ; сый Ж. Д. Дәдебаев. — Алматы : Ана тілі, 2010 .
5-т. : Повестер. — 246, [2] б.


Оқырманға көптеген шытырман оқиғалы деректі дүниелерімен белгілі қаламгердің таңдамалы шығармаларының бесінші томына «Таудағы жаңғырық», «Замандас сыры» атты повестері еніп отыр. Қаламгер өз кейікерлерінің тағдырын, олардың тіршіліктегі соқпақты жолдарын шеберлікпен суреттеп оқырманын қызықтыра баурайды. Сондай-ақ бес томдық таңдамалының түйін сөзі ретінде қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаған көрнекті қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайында терең толғап зерделі көңілмен жан-жақты баяндайтын Қ.Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» эссесі де берілді.
Читать


Тоқаев, Кемел
Таңдамалы [Мәтін] : жинақ / К. Тоқаев ; сый Ж. Д. Дәдебаев. — Алматы : Ана тілі, 2009 .
4-т. : Роман және повесть. — 309, [3] б.


Қаламгердің таңдамалы шығармаларының төртінші томына оқиға өрімі өмірдің өзінен алынған сүбелі шығармасы «Ұясынан безген құс» атты романы мен «Қастандық» повесі берілді.
Читать


Тоқаев, Кемел
Таңдамалы [Мәтін] : жинақ / К. Тоқаев ; сый Ж. Д. Дәдебаев. — Алматы : Ана тілі, 2009 .
3-т. : Роман. — 309, [3] б.


Қаламгердің таңдамалы шығармаларының үшінші томына кезінде қалың оқырман көңілінен шыққан кесек туындысы «Соңғы соққы» романы берілді.
Читать

Тоқаев, Кемел
Таңдамалы [Мәтін] : жинақ / К. Тоқаев ; сый Ж. Д. Дәдебаев. — Алматы : Ана тілі, 2008 .
2-т. : Повестер мен әңгімелер. — 294, [2] б.


Қаламгердің таңдамалы шығармаларының екінші томына адалдық пен әділдікті, батылдық пен тапқырлықты арқау еткен шынайылығы әсерлі шытырман оқиғалы белгілі повестері мен әңгімелері берілді.
Читать



Тоқаев, Кемел
Таңдамалы [Мәтін] : жинақ / К. Тоқаев ; сый Ж. Д. Дәдебаев. — Алматы : Ана тілі, 2008 .
1-т. : Роман, повесть. — 293, [3] б.


Кемел Тоқаев – қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан қаламы қарымды көрнекті қаламгер. Оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы көптеген роман, повестерімен қалың қауымның ықылас-ілтипатына бөленген қаламгердің көп томдығының бірінші кітабына «Солдат соғысқа кетті» романы мен «Түнде атылған оқ» повесі берілді.
Читать



Тоқаев, Кемел
Соңғы соққы [Мәтін] : роман / К. Тоқаев. — Алматы : Жазушы, 1981. — 292, [4] б.

Жазушы Кемел Тоқаевтың «Соңғы соққы» деп аталатын жаңа бұл романында совет чекистерінің жиырмасыншы жылдардағы ішкі және сыртқы жаулармен күрестегі ерлік істері сипатталады. Туындының негізгі кейіпкері – белгілі совет чекисі Қасымхан Чанышев. Оқушы қауым мұнда М. В. Фрунзе, Дм. Фурманов, О. Жандосов, Б. Шагабутдинов сияқты революционерлермен жүздеседі.
Читать



Тоқаев, Кемел
Солдат соғысқа кетті [Мәтін] : роман / К. Тоқаев. —
Алматы : Жазушы, 1983. — 398, [2] б.


Кемел Тоқаевтың 1983 жылы қазақ тілінде басылып щыққан «Солдат соғысқа кетті» атты романы «Солдат соғысқа кетті» және «Ұясынан безген құс» атты 2 бөлімнен тұрады.
Читать

Тоқаев, Кемел
Сарғабанда болған оқиға [Мәтін] : повестер / К. Тоқаев. —
Алматы : Жазушы, 1975. — 330, [2] б.


Кемел Тоқаев көптен бері милиция өміріне қалам тербеп келе жатқан жазушы. Автордың «Сарғабанда болған оқиға» атты бұл жаңа кітабы да сол байырғы тақырыпқа арналған. Отан алдындағы парыз, адалдық, ерлік – жинаққа енген повестердің негізгі арқауы. Повестердің сюжеті ширақ, оқиғалары шынайы, тартымды оқылады.
Читать



Тоқаев, Кемел
Көмескі із [Мәтін] : повестер / К. Тоқаев. —
Алматы : Қазақстан, 1972. — 207, [1] б.


Жазушы Кемел Тоқаев – совет чекистері мен милиционерлерінің қиын да қызықты өмірін баяндаған бірнеше повесть пен әңгімелер жинағының авторы.
Жазушы бұл жинағында да өзінің осы сүйікті тақырыбынан айнымаған. «Арнаулы тапсырма» повесінде Ұлы Отан соғысы жылдарында жау тылындағы ауыр, қатерлі де қиын кезеңдер, партизандардың өшпес ерлік істері, орыс, украин, қазақ және басқа ұлттардың достығы суреттелсе, «Көмескі із» повесі совет чекистерінің жау агентін әшкерлеудегі тапқырлығы мен батылдығын сөз етеді.
Читать



Тоқаев, Кемел
Замандастар сыры [Мәтін] : журналистің жол дәптерінен / К. Тоқаев. —
Алматы : Қазақстан, 1965. — 257, [3] б.


Журналист, жазушы Кемел Тоқаевтың бұған дейін «Көмескі із», «Тасқын», «Жұлдызды жорық» атты повестер мен әңгімелер жинақтары жарияланған болатын.
Автор бұл кітабында Ұлы Отан соғысы жылдарында туысқан Украина жерінде ту көтерген партизандар өмірін байсалды да мазмұнды әңгіме етеді. Орыс, украин, қазақ және басқа ұлттар өкілдерінің өшпес ерлігі мен мәңгі достығы баяндалады мұнда.
Кітаптың бүгінгі өмір көріністерін суреттейтін бөлімдері де өз оқушысын таппақ.
Читать


Тоқаев
Азамат [Мәтін] : Кемел Тоқаев : өмірі мен тағдыры / сый Сыртқы істер министрлігінен. — Алматы : Парасат, 2003. — 431, [2] б.

Туғанына 80 жыл толған көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың арамыздан кеткеніне біраз уақыт болды. Араға жылдар түскенмен ол ұмытылған жоқ. Қаламгердің шығармаларын іздеп жүріп оқитындар аз емес. Оның туған халқымен бірге жасай береріне ешкімнің күмәні жоқ.
Кемел Тоқаев кім, тірлігінде қандай адам болып еді? Осы сауалға оның замандастары жауап береді. Кітапқа жазушының ұлы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әке туралы эссесі және бір топ қалам қайраткерлерінің естеліктері еніп отыр.
Читать



Яндекс.Метрика