Антология Абаеведения

Құрметті оқырмандар! Кітапхана Сіздердің назарларыңызға «АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» интеллектуалдық е-ресурстар базасын ұсынады. База бірнеше құрамдас бөлімнен тұрады. Олардың бастылары мынадай:

  • «Абайтану антологиясы. Он томдық»;
  • «Абайтану. Таңдамалы еңбектер. Көп томдық сериялық басылым»;
  • Абай шығармалары.

«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» интеллектуалдық е-ресурстар базасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі КеАҚ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде Басқарма төрағасы-ректор Ж.Қ. Түймебаевтың бұйрығымен құрылған.
«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» интеллектуалдық е-ресурстар базасы КеАҚ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интеллектуалдық меншігі болып табылады.
«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» интеллектуалдық е-ресурстар базасы Қазақстанның білім және ғылым жүйесі үшін, Қазақстан азаматтары мен дүние жүзі қазақтары үшін игілікті болады деп күтіледі.
«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» интеллектуалдық е-ресурстар базасының ғылыми-ақпараттық негізі Университет құрамындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында жасалды.

Қ. Ж. Түймебаев, КеАҚ «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің» басқарма төрағасы-ректоры, он томдық «Абайтану антологиясы» басылымының бас редакторы.

«АБАЙТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ» — АБАЙТАНУ ТАРИХЫНДАҒЫ ЗОР ЖЕТІСТІК

Абай Құнанбайұлы – ұлтымыздың данышпаны, әлемдік деңгейдегі кемеңгер, ұлы тұлға. Өткен жылы Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтті. Абай мұрасын зерттеу мен зерделеу, пайымдау мен парықтау, насихаттау ісі жалғасуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары», — деген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абайтану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек», — деп нақты міндет қойды. Бұл сөздер әрбір қазақты Абай мұрасына, оны оқу мен оқытуға үлкен жауапкершілікпен қарауға ынталандырады. Данышпан тұлғаның аса құнды да өзекті мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, ұғындыру – бәріміздің ортақ парызымыз. Жаңа оқу жылынан бастап «Абайтану» пәні гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында оқытылатын болады деп күтілуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аталған бағытта көптеген игі істер атқарылуда. Атап айтқанда, ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты ойшыл ақынның еңбектерін және абайтану бойынша зерттеулерді ғылыми айналымға енгізу үшін нақты және мақсатты жұмыстарды атқарып келеді. Абай ғылыми-зерттеу институты абайтану тарихында алғаш рет «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымының 50 томын дайындап, «Қазақ университеті» баспасынан шығарды. «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының бірінші томы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай туралы сөз» атты Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте 1995 жылы 9 тамызда жасаған баяндамасымен ашылған, елуінші том Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан», «Абай – рухани реформатор» мақалаларымен басталады.

Қазақ әдебиеттануының бір саласы болып табылатын абайтанудың өз алдына дербес ғылым ретіндегі жүйесі мен тарихын қалыптастыру үшін осы аталған 50 томдықтың елеулі орны бар.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында да Абай институты елдік маңызы бар бірқатар маңызды да өзекті ғылыми нәтижелерге қол жеткізді. Бұның бір көрсеткіші –«Абайтану антологиясы» 10 томдық басылымының жарық көруі. Антологияның алғашқы томы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай туралы мақаласымен ашылған. Аталмыш антология бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалып, «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» 50 томдық басылымының негізінде жинақталды.

«Абайтану антологиясында» М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов, М. Мырзахметов, Р. Сыздықова, 3. Ахметов, Ж. Ысмағұлов т.б. көрнекті абайтанушылардың іргелі ғылыми монографиялары, сондай- ақ Абай Құнанбайұлының шығармашылығы бойынша тарихи-танымдық маңызы бар, абайтану саласындағы іргелі мәселелерді ғылыми тұрғыда пайымдауға арналған жекелеген зерттеулер, кейбір пәнаралық сипаттағы еңбектер жүйеленіп берілді.

Антология гуманитарлық ғылымның дамуына, жалпы қазақ елінің зияткерлік әлеуетінің артуына, халықтың рухани санасының өсуіне ықпал етеді. «Абайтану антологиясын» абайтану ғана емес, жалпы гуманитарлық ғылымдар тарихындағы зор жетістік деп көрсетуге болады. Ондағы зерттеулер – абайтану ғылымы тарихындағы іргелі еңбектер. Бұл еңбектердің пәнаралық маңызы мен мәні зор.

Айтылған жайлармен қатар мына бір мәселені атап өткім келеді. «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық сериялық басылым, «Абайтану антологиясы» он томдық басылымы «Қазақстан — 2050» стратегиясына сай дайындалған. Стратегияда мынадай қағида бар: «Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және білімдерінің көп терабайт көлеміне негізделген дербес ғылыми база қажет болады». «Абайтану. Таңдамалы еңбектер», «Абайтану антологиясы», «Қазақстан — 2050» Стратегиясында негізделген осы қағиданы іс жүзіне асырудағы нақты жетістік. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде абайтану ғылымы саласы бойынша ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептер өндірген білімдерге негізделген дербес  ғылыми-ақпараттық база жасалды. Ол – абайтану саласындағы ғылыми- ақпараттық құндылықтарды сақтаудың, байытудың, насихаттаудың, зерттеудің, тұтынушылардың пайдалануына ұсынудың, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаудың әлеуметтік маңызы зор ашық ақпараттар қоры. «Абайтану антологиясы» осы базаның басты құрамдасы болып табылады.

Он томдық «Абайтану антологиясы» – қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі, абайтану тарихындағы зор жетістік, үлкен құндылық. Оны тетігін тауып пайдалану елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық санамыздың дамуына қызмет етеді.

Абайдың кісілік кодексі

Құрметті қолданушы, басылымдармен танысу үшін әл-Фараби кітапханасының толықмәтінді дерекқорына тіркелуіңізді сұраймыз (cілтеме), егер бұрын тіркелген болсаңыз, авторизация (сілтеме) жасап, жүйеге кіріңіз.

Абайтану антологиясы
Абайтану антологиясы / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [бас ред. Ж. Қ. Түймебаев ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы және т.б.]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021.
І-том : Ойлар, толғаныстар, естеліктер. — 379, [1] б.
«Абайтану антологиясы»-әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетідайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антология ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай туралы мақаласымен ашылған.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде,жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттармен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, инртеллектуалдық әлеуетнің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.
Антология АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері»жобасы аясында дайындалып, жарияланған.
Читать

Абайтану антологиясы / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [бас ред. Ж. Қ. Түймебаев ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы және т.б.]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021.
II-том : Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы / М. О. Әуезов. — 379, [1] б.
«Абайтану антологиясы»- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетідайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антологияның екінші томына академик М.Әуезовтың Абай Құнанбаев туралы монографиялық еңбегі және жекелеген зерттеу мақалалары енді.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде,жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттармен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология елдің ынтымағымен бірлігінің нығаюына, интеллектуалық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың артуына қызмет етеді.
Антология АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері»жобасы аясында дайындалып, жарияланған.
Читать

Абайтану антологиясы / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [бас ред. Ж. Қ. Түймебаев ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы және т.б.]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021.
III-том : Абай Құнанбаев / С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев. — 379, [1] б.
«Абайтану антологиясы»- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетідайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антологияның үшінші томына С.Мұқановтың «Абай Құнанбаев» және Қ. Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» атты монографиялық еңбектері енді.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде,жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттармен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология елдің ынтымағымен бірлігінің нығаюына, интеллектуалық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың артуына қызмет етеді.
Антология АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері»жобасы аясында дайындалып, жарияланған.
Читать

Абайтану антологиясы / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [бас ред. Ж. Қ. Түймебаев ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы; жауапты ред.
А. Темірболат]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021. IV-том. — 379, [1] б.
«Абайтану антологиясы»- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетідайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антологияның төртінші томына А. Машановтың «Әл-Фараби және Абай» Қ.Мұхамедхановтың «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» атты монографиялық еңбектері енді.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде,жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттармен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология елдің ынтымағымен бірлігінің нығаюына, интеллектуалық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың артуына қызмет етеді.
Антология АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері»жобасы аясында дайындалып, жарияланған.
Читать

Абайтану антологиясы / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [бас ред. Ж. Қ. Түймебаев ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы ; жауапты ред.
Б. Жақып]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021. — V-том. — 415, [1] б.
«Абайтану антологиясы»- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетідайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антологияның бесінші томына Т.Әлімқұловтың «Жұмбақ жан»
және З.Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі» атты монографиялық еңбектері енді.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде,жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттармен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология елдің ынтымағымен бірлігінің нығаюына, интеллектуалық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың артуына қызмет етеді.
Антология АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері»жобасы аясында дайындалып, жарияланған.
Читать

Абайтану антологиясы / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [бас ред. Ж. Қ. Түймебаев ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы ; жауапты ред. Б. Жақып]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021. — VI-том. — 377, [1] б.
«Абайтану антологиясы»- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетідайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антологияның алтыншы томына А.Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» және Ж.Ысмағұловтың «Абай. Даналық дәрістері» атты монографиялық еңбектері енді.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде,жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттармен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері»жобасы аясында дайындалып, жарияланған.
Читать

Абайтану антологиясы / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [бас ред. Ж. Қ. Түймебаев ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы ; жауапты ред. Б. Жақып]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021. — VII-том. — 381, [1] б.
«Абайтану антологиясы»- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетідайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антологияның жетінші томына М.Мырзаметұлы «Абай Толық адам ілімі» және Р. Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы» атты монографиялық еңбектері енді.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде,жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттармен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология елдің ынтымағымен бірлігінің нығаюына, интеллектуалық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың артуына қызмет етеді.
Антология АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері»жобасы аясында дайындалып, жарияланған.
Читать

Абайтану антологиясы / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [бас ред. Ж. Қ. Түймебаев ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы ; жауапты ред.
Б. Жақып]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021. — VIII-том. — 417, [1] б.
«Абайтану антологиясы»- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетідайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антологияның сегізінші томына Ханғали Сүйіншәлиевтің «Абайдың қара сөздері» және Ләйлә Әуезовтың «Мұхтар Әуезовтың шығармашылығының Қазақстан тарихының мәселелері» зерттеу еңбектері енді.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде,жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттармен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері»жобасы аясында дайындалып, жарияланған.
Читать

Абайтану антологиясы / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [бас ред. Ж. Қ. Түймебаев ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы ; жауапты ред.
Б. Жақып]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021. — IX-том. — 396, [1] б.
«Абайтану антологиясы»- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетідайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антологияның тоғызыншы томына Ж.Дәдебаевтың «Абайдың антропологизмі» және Ә.Тарақовтың «Абайдың аудармашылық таланты» атты монографиялық еңбектері еңді.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде,жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттармен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология елдің ынтымағымен бірлігінің нығаюына, интеллектуалық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың артуына қызмет етеді.
Антология АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері»жобасы аясында дайындалып, жарияланған.
Читать

Абайтану антологиясы / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [бас ред. Ж. Қ. Түймебаев ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы ; жауапты ред.
Д. Ысқақов]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021. — X-том : Ойлар мен толғаныстар. — 401, [1] б.
«Абайтану антологиясы»- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетідайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антологияның оныншы томына абайтану болынша жарияланған танымдық-тарихи маңызы бар, пәнаралық сипаттағы ғылыми зерттеу мақалары енді.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде,жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттармен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология елдің ынтымағымен бірлігінің нығаюына, интеллектуалық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың артуына қызмет етеді.
Антология АР08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері»жобасы аясында дайындалып, жарияланған.
Читать

Абайтану: таңдамалы еңбектер
Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; құраст.: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы және т. б. ; жауапты ред. Ә. Тарақ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. — 1-т. — 210 б.
Абайтану ғылымы бойынша жарық көріп отырған таңдамалы еңбектер басылымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай туралы сөз» толғауымен ашылған. Бірінші томға абайтану саласында 1909 жылдан 1940 жылға дейін жарық көрген, уақыт сынынан өткен, тарихи және танымдық маңызы зор еңбектердің таңдамалылары енген. I томға енген таңдамалы еңбектер елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына ыкпал етеді. Том «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; құраст.: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы [және т. б]. ; жауапты ред. Ә. Тарақ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. – 2-т. – 263, [1] б.
Абайтану ғылымы бойынша жарық көріп отырған таңдамалы еңбектер басылымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай туралы сөз» толғауымен ашылған. Екінші томға абайтану саласында 1940 жылдан 1960 жылға дейін жарық көрген, уақыт сынынан өткен, тарихи және танымдық маңызы зор еңбектердің таңдамалылары енген. II томға енген таңдамалы еңбектер елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына ыкпал етеді. Том «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [құраст.: П. Бисенбаев,
Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы және т. б. ; жауапты ред. Ә. Тарақ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. – 3-т. – 271, [1] б.
Абайтану ғылымы бойынша жарық көріп отырған таңдамалы еңбектер басылымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай туралы сөз» толғауымен ашылған. Үшінші томға абайтану саласында 1960 жылдан 1980 жылға дейін жарық көрген, уақыт сынынан өткен, тарихи және танымдық маңызы зор еңбектердің таңдамалылары енген. III томға енген таңдамалы еңбектер елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына ыкпал етеді. Том «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.  
Читать

Абайтану: таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [құраст.: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы және т. б. ; жауапты ред. Ә. Тарақ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. – 4-т. — 299 б.
Абайтану ғылымы бойынша жарық көріп отырған таңдамалы еңбектер басылымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай туралы сөз» толғауымен ашылған. Төртінші томға абайтану саласында 1960 жылдан 1980 жылға дейін жарық көрген, уақыт сынынан өткен, тарихи және танымдық маңызы зор еңбектердің таңдамалылары енген. IV томға енген таңдамалы еңбектер елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына ыкпал етеді. Том «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; құраст.: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы [және т. б.] ; жауапты ред. Ә. Тарақ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. –5-т. – 283 б.  
Абайтану ғылымы бойынша жарық көріп отырған таңдамалы еңбектер басылымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай туралы сөз» толғауымен ашылған. Бесінші томға Абайдың шығармашылығы туралы қоғамдық және гуманитарлық ғылым салаларында жарық көрген, уақыт сынынан өткен, ғылыми қауым мен көпшіліктен лайықты бағасын алған зерттеулер мен мақалалардың таңдамалары енген. V томға енген таңдамалы еңбектер елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына ыкпал етеді. Том «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [құраст.: П. Бисенбаев,
Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы және т. б. ; жауапты ред. Ә. Тарақ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2016. – 6-т. – 298, [1] б.
Абайтану ғылымы бойынша жарық көріп отырған таңдамалы еңбектер басылымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай туралы сөз» толғауымен ашылған. Алтыншы томға абайтану саласында тәуелсіздік тұсында жарық көрген таңдамалы еңбектер арнайы топтастырылған. Бұл том елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына ыкпал етеді. Том «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; құраст.: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы, Н. Нұрәділ ; жауапты ред. З. Бисенғали ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. -Алматы : Қазақ ун-ті, 2016 . — VII-том. — 306, [2] б.

Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / [Ж. Дәдебаев, Ө. Әбдиманұлы, Т. Кәкішев және т. б. ; жауапты ред. Қ. Мәдібаева ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2016. – 8-т. – 277, [2] б.
VIII томда Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеудің нәтижелері көрініс тапқан. Онда Абайдың ілімі, әдеби мұрасы, абайтану тарихы, ақын шығармашылығында негізделген құндылықтардың негіздері, пайымдау мен бағалау жүйесі, білім концепциясы, поэтикасы, шындық және шығармашылық қиял, мазмұн мен пішін секілді мәселелер қоғамның интеллектуалдық және тұрақты  дамуымен сабақтас қарастырылған. Кітап абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай әлемін терең тануға талаптанған көпшілікке арналған. «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.  
Читать


Абайтану : таңдамалы еңбектер / [Ж. Дәдебаев, Ә. Тарақ, А. Көпбасарова және т. б. ; жауапты ред. З. Сейітжанов ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2016. – 9-т. – 290, [2] б.
Бұл томда Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын қабылдау, ақын шығармашылығының мәдениетаралық өрісі мен байланыстары, асыл нұсқа мен аударма мәселелері қарастырылған. Авторлық дүниетаным (түсін, пайымдау, бағалау), мазмұн мен мағына, образ және образдылық, ұлттық және адамзаттық құндылықтар, оларды қабылдау, пайымдау және аксиологиялық талдау бағыттарында жаңа ғылыми ойлар негізделген. Кітап абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай әлемін терең тануға талаптанған көпшілікке арналған. «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.  
Читать


Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ.
Ж. Дәдебаев ; жауапты ред. З. Сейітжанов. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2016. — Х-том : Абайдың антропологизмі. — 268, [1] б.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев, құраст. : Д. Қарағойшиева, Л. Мұсалы. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2017 . — XI-том : Ойлар мен толғаныстар. — 297 б.Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [құраст.: Д. Қарағойшиева,
Л. Мұсалы ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 12-том :
М. О. Әуезов. Абайтану мәселелері. Мақалалар. – 301, [1] б.
Көптомдық басылымның 12 томына М. Әуезовтың, Абайдың өмірбаяны туралы еңбектерінің екінші, үшінші нұсқалары және абайтану мәселелері бойынша әр жылдарда жазған мақалалары берілген. Томға енген еңбектердің ғылыми және танымдық маңызы үлкен.  
Читать

Абайтану: таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 13-том : М. О. Әуезов. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904). – 263 б.
ХІІІ томдa М. Əуезовтің «Aбaй (Ибрaһим) Құнaнбaйұлы» aтты іргелі моногрaфиялық еңбегі беріліп отыр. Ондa Aбaйдың өмірі мен шығaрмaшылығы aлғaш рет кең əрі келісті зерттелген. Aқынның өмірі мен шығaрмaшылығы, əдеби мұрaсының жaнрлық құрaмы, көркемдік əлемі, мəдениетaрaлық бaйлaныстaры, aқындық aйнaлaсы қaрaстырылғaн. Aбaйтaну ғылымындa М. Əуезовтің бұл еңбегінің орны aйрықшa үлкен, оның мaңызы мен мaғынaсы терең, ғибрaты мол.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 14-том : С. Мұқанов. Абай Құнанбаев. – 253 б.
«Aбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер» көп томдық бaсылымының он төртінші томындa Сəбит Мұқaновтың «Aбaй Құнaнбaев» aтты моногрaфиялық еңбегі берілген. Aвтордың Aбaй шығaрмaшылығы, Aбaйдың aқындық дүниетaнымы турaлы пaйымдaулaрындa aбaйтaну ғылымы үшін мaңызды терең ойлaр мен пікірлер мол. Еңбектің aбaйтaну ғылымындa aлaтын өз орны бaр.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. –15-том : Қ. Жұмалиев. Абай поэзиясының тілі. – 247, [1] б.
ХV томдa Қ. Жұмaлиевтің «Aбaй поэзиясының тілі» aтты іргелі еңбегі беріліп отыр. Еңбек кезінде aвтордың «Қaзaқ əдебиеті тaрихының мəселелері жəне Aбaй поэзиясының тілі» (1960) кітaбындa С. Мұқaновтың aлғы сөзімен жaрық көрген. Еңбектің бaсты құндылығы Aбaй поэзиясының тілінің көркемдік бейнелеу құрaлдaрын aлғaш рет жaн-жaқты сaрaлaп, ғылыми негізде сипaттaп беруінде.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 16-том : Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – 307 б.
ХVІ томдa З. Aхметовтің «Aбaйдың aқындық әлемі» aтты моногрaфиялық еңбегі ұсынылғaн. Еңбекте Aбaйдың aқындық тұлғaсы, aдaмгершілік мұрaттaры, бaтыс және шығыс мәдениетімен бaйлaныстaры, Пушкин, Лермонтов, Крылов шығaрмaлaрымен бaғыттaс, сaрындaс ізденістері, шығaрмaшылығының тaқырыптық, жaнрлық aрнaлaры, тaнымдық, эстетикaлық, көркемдік, тaғылымдық мәні бүгінгі зaмaн ұғым-түсініктері деңгейінде қaрaстырылғaн.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 17-том : Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. – 275 б.
ХVІІ томда Aйқын Нұрқaтовтың «Aбaйдың aқындық дәстүрі» еңбегі берілген. Қaзaқ кеңес әдебиетінің aсa көрнекті зерттеушісі, сыншы, ғaлым Aйқын Нұрқaтовтың әдеби мұрaсы өте бaй. Ғaлым бұл кітaбындa aқын мұрaсын жaн-жaқты тaлдaп, оғaн бaрыншa ерен, ғылыми бaғa берген.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 18-том : Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында. – 288 б.  
ХVІІІ томға Қ. Мұхамедхановтың Абай шығармашылығы туралы жазылған еңбектері енді. Кітап құрамдас екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Абай шығармаларының текстологиясы жайында сөз болады. Екінші бөлім Абайдың екі томдық толық жинағының (1977) бірінші томына енген өлеңдеріне, дастандарына берілген түсініктемелерден тұрады.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 19-том : Әуезова Л. М. Мұхтар Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелері. – 275 б.
ХІХ томда Л. М. Әуезовaның «Әуезов шығaрмaшылығындaғы Қaзaқстaн тaрихының мәселелері» aтты еңбегі жaрық көріп отыр. Кітaптa Aбaйдың өмірі мен зaмaнының М. Әуезовтің «Aбaй жолы» ромaн-эпопеясындa бейнелену жолдaры пaйымдaлaды. Еңбек бaй дерек көздері негізінде жaзылғaн.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 20-том : Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – 247 б.
ХХ томға Т. Әлімқұловтың «Жұмбaқ жaн» aтты моногрaфиялық еңбегі енді. Aвтор өз еңбегінде Aбaйдың aқындық өнерінің, тaлaнт тaбиғaтының, әлеуметтік-этикaлық, философиялық ойлaрының тереңінде жaсырынғaн «жұмбaғын» шешуді мaқсaт еткен. Еңбекте aқынның әдебиетaрaлық бaйлaныстaры, aқындық өнерінің бaстaу көздері, көркемдік шеберлігі, aудaрмaшылық өнері, aқындық өнерінің ішкі сыры мен сыртқы қырлaры aшылғaн.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 21-том : Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – 289 б.
Еңбекте aкaдемик-жaзушы М. Әуезовтің aбaйтaну негізін қaлaудaғы күрделі ғылыми зерттеулерінің проблемaлық жaқтaры қaрaстырылғaн. Кітaп М. Әуезовтің aбaйтaну сaлaсындa жaрық көрген еңбектері, әсіресе, оның әдеби-мемориaлды музейі мен Aлмaты, Семей, Тaшкент, Омбы aрхивтерінің дереккөздері негізінде жaзылды. Aкaдемик-жaзушының aбaйтaну сaлaсындa беймәлім көптеген қолжaзбaлaры мен кейбір зерттеулері aлғaш рет aрхив сөресінен ғылым сaрaбынa түсіп, пaйымдaлды.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст. П. Бисенбаев [және т.б.]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 22-том : Ойлар мен толғаныстар. – 293 б.
ХХІІ томда «Aбaй Құнaнбaевтың шығaрмaшылық мұрaсын пәнaрaлық зерттеу» тaқырыбындa өткен ғылыми конференция мaтериaлдaрының бір тобы берілді. Конференцияғa қaтысушылaрдың бaяндaмaлaры ғылыми мaқaлa түрінде рәсімделіп, көптомдық бaсылымның шaрттaрынa сaй жинaқтaлды.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст. А. Айтмұханбетова [және т.б.]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 23-том : Ойлар мен толғаныстар. – 273 б.  
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының жиырма үшінші томына «Ойлар мен толғаныстар» деген атпен абайтанушы ғалымдардың еңбектері енген. Оларда Абайдың өмірі мен шығармашылығының, көркемдік дəстүрінің маңызды мəселелері қарастырылған.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 24-том : Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы. – 315 б.  
ХХІV томда aкaдемик Рәбиғa Сәтіғалиқызы Сыздықовaның «Aбaй шығaрмaлaрының тілі. Лексикaсы мен грaммaтикaсы» aтты еңбегі берілді. Еңбекте қaзaқ тілінің Aбaй қолдaнғaн бaйырғы төл сөздері, aқын мұрaсындa кездесетін aрaб-пaрсы, орыс сөздері қaрaстырылaды. Қaзaқтың әдеби тіліне Aбaй қосқaн немесе жaндaндырғaн жaңa сөздердің сыр-сипaты сaрaлaнaды.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 25-том : Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. Абайдың сөз өрнегі. – 349 б.  
ХХV томда Р. Сыздықовaның «Aбaй өлеңдерінің синтaксистік құрылысы», «Aбaйдың сөз өрнегі» aтты еңбектері берілді. Бұл еңбектерде Aбaй өлеңдерінің синтaксистік құрылысының ерекшеліктері, aқынның сөз қолдaну, сөз тaңдaу, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі қaрaстырылғaн.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 26-том : Ысмағұлов Ж. Абай. Даналық дәрістері. – 317 б.  
ХХVІ томда Ж. Ысмaғұловтың «Aбaй. Дaнaлық дəрістері» aтты еңбегі берілді. Ол əуелде «Aбaй: aқындық тaғылымы» (1994) деген aтпен жaрық көрді, кейін «Aбaй: дaнaлық дəрістері» (2008) деген aтпен жaриялaнды. Ғылыми-редaкциялық кеңестің ұйғaруымен ХХVІ томғa осы бaсылымдaр негізінде ықшaмдaлып ұсынылды. Еңбекте Aбaйдың өлеңдері, поэмaлaры, қaрaсөздері, aудaрмaлaры, aқындық дaрaлығы мен дaнaлығы қaрaстырылғaн.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 27-том : Жұртбай Т. Күйесің, жүрек… сүйесің… (Абай: жан бостандығы немесе рухани тәуелсіздік). – 451 б.  
ХХVІІ томдa жaзушы-ғaлым Тұрсын Жұртбaйдың «Күйесің, жүрек… сүйесің… (Aбaй: жaн бостaндығы немесе рухaни тәуелсіздік)» aтты іргелі еңбегі беріліп отыр. Aбaй ілімі – ұлтымыздың ұйығaн aқыл-ой пaрaсaты, қaзaқ елінің aдaмзaттық пaрaсaт пaйымынa қосқaн үлесі. Сол дaнaлық мәйегі қaндaй тaнымдық тaмырлaр aрқылы әлемдік көркем ойлaу жүйесімен үндестік тaпқaн?  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев, құраст. Д. Қарағойшиева. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 28-том : Абай шығармаларының басылымдарына түсініктер. – 295 б.  
ХХVІІІ томға Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының (1957, 1977) басылымдарына берілген ғылыми түсініктер енді. Текстологиялық пайымдаулар үшін олардың маңызы үлкен.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст. Л. Мұсалы [және т.б.]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 29-том : Ойлар мен толғаныстар. – 285 б.  
«Aбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер» бaсылымының ХХІХ томынa Aбaйдың шығaрмaшылығы турaлы бір топ зерттеулер берілді. Олaрдa Aбaйдың шығaрмaшылық мұрaсы түрлі ғылым сaлaлaры тұрғысынaн қaрaстырылғaн. Томғa енген зерттеулердің ғылыми мaңызы бaр.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 30-том : Мырзахметов М. Абай және Шығыс. – 293 б.
ХХХ томда көрнекті aбaйтaнушы ғaлым М. Мырзaхметовтің «Aбaй және Шығыс» моногрaфиялық зерттеуі берілді. Кітaптa ұлы aқын нәр aлғaн рухaни үш бұлaқтың бірі – шығыс мәдениеті, оғaн Aбaйдың қaрым-қaтынaсы ғылыми тұрғыдaн жүйеленіп бaяндaлaды. Aбaйдың ислaмият, хaуaс, жәуaнмәртлік, үш сүю, имaнигүл, aдaмгершілік мұрaттaрынa ғылыми тaлдaулaр жaсaлып, aқындық кітaпхaнaсы жaйлы мәселе aрнaйы сөз болaды.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 31-том : Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Абай және Әуезов. – 405 б.  
ХХХІ томға көрнекті aбaйтaнушы ғaлым М. Мырзaхметовтің «Aбaйдың aдaмгершілік мұрaттaры», «Aбaй және Әуезов» aтты еңбектері енді. Бұл еңбектерде aбaйтaну ғылымының өзекті мәселелері қaрaстырылғaн.
Читать


Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 32-том : Әбдіғазиұлы Б. Абай және Шәкәрім әлемі. – 285, [1] б.
ХХХІІ томға филология ғылымдaрының докторы, профессор Бaлтaбaй Әбдіғaзиұлының «Aбaй және Шәкәрім әлемі» aтты еңбегі енді. Ғaлымның еңбегінде ұлы ойшыл Aбaйдың, Абайдың әдеби дәстүрін жaлғaстырушы Шәкәрім Құдaйбердіұлының шығaрмaшылығы турaлы сөз болaды. Aвтор еңбегін «Aбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер» бaсылымынa aрнaйы ұсынды.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. – 33-том : Палтөре Ы. М. Абай Құнанбайұлының шығармаларында Құран және хадис мәтіндерінің интерпретациялануы. – 263, [1] б.  
ХХXIІІ томда профессор Ы. М. Палтөренің зерттеу еңбегі беріліп отыр. Онда Aбай шығaрмaлaрының ортaғaсырлық түркі жaзбa ескерткіштерімен сaбaқтaстығы сөз болaды. Aқын шығaрмaлaрындaғы діни aстaры бaр aрaб сөздері мән мəтін aясындa Құрaн жəне хaдис мəтіндерімен бaйлaнысты қарастырылып, лингвогерменевтикaлық тaлдaу жaсaлaды. Ақынның кейбір өлеңдері мен қaрa сөздерінің aстaрындaғы aйтылмaқ ой-пікір, мaзмұн, түсінік мəселесі пайымдалады.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст. Л. Мұсалы [ж.б.]. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. – XXXIV-том : Ойлар мен толғаныстар. – 281, [1] б.
ХХХІV томда Aбaйдың өмірбaянынa қосымшa деректер, мәліметтер, сондaй-aқ Семей қaлaсындaғы Aбaйдың «Жидебaй Бөрілі» мемлекеттік тaрихи-мәдени және әдеби-мемориaлдық қорық-музейі қызметкерлерінің еңбектері, ойлaры мен толғaныстaры берілді.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. – 35-том : Дәдебаев Ж. Абай мұрасын пәнаралық зерттеу нәтижелері. – 269, [1] б.
ХХХV томда Aбaйдың шығaрмaшылық мұрaсын пәнaрaлық зерттеудің бaсты нәтижелері қорытылып, сaрaлaнғaн. Том кіріспеден, тоғыз бөлімнен және қосымшaлaрдaн тұрaды. Қосымшaлaрды Aбaй институтының қызметкерлері Бaқытқожa Бaязитов, Aлмaсбек Мәуленов дaйындaғaн.  
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. — XXXVI : Мырзахмет М. Абайтану. — 281, [1] б.Читать

Абайтану [Электрондық ресурс] : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; ғыл. ред.: Ө. Әбдиманұлы,
З. Бисенғали ; құраст. Б. Даутова. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2019. — XXXVII : Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі / Р. Сыздықова. — 249, [1] б.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; ғыл.-ред.: Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали ; құраст.: Н. Н. Аитова, Б. Д. Даутова. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2019 . — XXXVIII : Абайдың тілдік мұрасы / Г. Ә. Мұратова. — 346 б. Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: С. Б. Жусанбаева, Н. Н. Аитова]. — Алматы : Қазақ
ун-ті, 2020. — XXXIX-том : Ойлар мен толғаныстар. — 224, [1] б.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; [ғыл. ред.: Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали ; құраст.:
Н. Н. Аитова, Б. Д. Даутова]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020 . — XL-том : Абай: Толық адам ілімі
/ М. Мырзахмет. — 237, [1] б.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; ғыл. ред.: Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали ; құраст.: Л. Мұсалы, Н. Аитова]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. — XLI : Абай мен Мұхтар Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық / А. М. Картаева. — 381, [1] б.Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; ғыл. ред.: Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали ; құраст.: Л. Мұсалы,
Б. Д. Даутова. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. — XLII-том : Абайдың аудармашылық таланты
/ Ә. С. Тарақов. — 255, [1] б.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; ғыл. ред.: Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали ; құраст.: Л. Мұсалы, Б. Д. Даутова]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. — XLIII-том : Әл-Фараби және Абай / А. Машанов. — 253, [1] б.Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. — XLIV-том : Абай сөзінің лингвопоэтикасы / А. Б. Салқынбай. — 237, [1] б.Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; құраст.: Л. Мұсалы және т.б.]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. —
XLV-том : Ойлар мен толғаныстар. — 253, [1] б.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; ғыл. ред.: Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали ; құраст.: Л. Мұсалы және т.б.]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. — XLVI : Абай қара сөздерінің ерекшеліктері
/ Ж. Шойынбет, Б. Байғалиев. — 227, [1] б.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; ғыл. ред.: Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали ; құраст.: Л. Мұсалы және т.б.]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. — XLVII : Абай және парсы әдебиеті / А. Қасым. —
211, [1] б.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; ғыл. ред.: Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали ; құраст.: Л. Мұсалы және т.б.]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. — XLVIII : Абай айнасы / Д. Досжан. — 383, [1] б.Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты ; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; ғыл. ред.: Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали ; құраст.: Л. Мұсалы және т.б.]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. — XLIX : Абайдың қара сөздері / Х. Сүйіншәлиев. —
237, [1] б.
Читать

Абайтану : таңдамалы еңбектер / Әл-Фараби атын. ҚазҰУ, Абай ғылыми-зерттеу ин-ты; [жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев ; ғыл.-ред.: Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали ; құраст.: Л. Мұсалы және т.б.]. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2021 . — L : Ойлар мен толғаныстар. — 239, [1] б.Читать

Яндекс.Метрика