Зулхаир Аймухаметұлы Мансұров профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры (1992-1999), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры (2001-2010), «Жану проблемалары институты»РМК Бас директоры.
700-ге жуық ғылыми мақалалар мен баяндама тезистерін, 5 монография, 6 оқулық, КСРО мен ҚР-ның 30-дан астам авторлық куәліктері мен патенттерін жариялаған, оның ішінде 210 ғылыми мақала мен баяндама тезистері, 2 монография, 3 оқулық, 17 ҚР авторлық куәліктері мен патенттерін алған Мансуров Зулхаир Аймухаметұлының қазақ, орыс және шет тілінде жазған танымал әдебиеттерімен бүгінгі кітап-көрмесінде оқып таныса аласыз.
Зулхаир Мансуровтың 75 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған кітап-көрме 8 бөлімнен тұрады.
1-бөлім. Ғылым ұя салған шанырақта еліміздің дамуына үлес қосып ғылым салсында көп еңбектер жазып, жұмыс жасап жүрген отбасы мүшелері көп. Профессорымыз Зулхаир Мансұровтың әкесі мен анасынан бастап, бауырлары, әйелі және келіні жазған ғылыми еңбектері бар. Бұл отбасының әдебиеттері 1-бөлімде орналастырылды.
2-бөлім. Нағыз білікті Ғалым, шәкірттеріне үйретуден жалықпайтын Ұстаз. Мансуров Зулхаир қазақ қоғамына ықпалы бар, үлкенді-кішілі оқиғалардың басы-қасында жүретін сирек Тұлғалардың бірі. Алғашында ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры болып, 2001 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры болды. Білікті Ғалым, керемет Ұстаз туралы жазған кітаптар мен мақалаларды осы бөлімде оқып, көре аласыз.
3-бөлім. Химиялық физика саласында көптеген жұмыстар жасап, осы ғылымның дамуына үлесін қосып, әлі де зерттеп жүрген Зулхаир Мансуров ғалымымыздың химиялық физика ғылымы туралы жазған еңбектері осы 3-бөлімде орналастырылады.
4-бөлім. Бұл бөлімде Мансұровтың Қазақ Ұлттық Университетіне қосқан үлесі мен осы қара шанырақта жазған әдебиеттері орналастырылды.
5-бөлім. Жалыннан табылған жаңалық атты бөлімде Жану проблемалары институтының әдебиеттері және жаңу туралы жазған профессордың кітаптары орнластырылды.
6-бөлім. Ғылымды зерттеуден жалықпаған ғалымның әдебиеттері мен мақалаларын осы бөлімде оқып біле аласыздар.
7-бөлім. А.З.Мансуров химия саласындағы басты жетекшілердің бірі болған және осы химия жөнінде басқа да ғалымдардың жазған әдебиеттері бар. Осы аса маңызды рөл атқаратын химия саласы жөнінде 7-бөлімде оқып, біле аласыздар.
8-бөлім. Бұл бөлімде ғалымның шәкірттерінің жазған диссертациялық жұмыстары орналастырылған. Докторанттық, кандидаттық диссертацияларымен 8-бөлімде таныса аласыз.
Көрменің оқырмандық бағыты: Университетке іс-шараға жиналған ғалымдар, химия және физика ғалымдары, әлеуметтанушы қауым, кітапхана пайдаланушылары – студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар, кітапхана қызметкерлер, т.б.
Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасының ғимараты, фойе, 4-қабат, 2021 ж. 26 маусым.
Көрме түрі: Дәстүрлі (8 стеллаж кітаптар, фотоальбомдар мен мерзімді басылымдар)
Көрме құжаттары: Әдебиеттер саны-251
Көрменің безендірілуі: Фотосуреттер, дәйексөздер.
Көрменің нәтижелігі: Химиялық-физика, жаңу және т.б мәселелерді шешу жолында көптеген еңбектер жазып және сол мәселелердің шешілуінің себепкерлерінің бірі болған, қазірігі таңда «Институт Проблем Горения» директоры А.З.Мансуровтың еңбектерімен танысу.
Көрме туралы ақпараттың жариялануы:
Әл-Фараби атындағы кітапхананың сайтында elibrary.kaznu.kz
Біздің Instagram мен Facebook парақшаларымызда
Және Youtube арнамызда.
Кітап көрмесінің фото есебі
Кітап көрмесінің видео-үзіндісі