Новое гуманитарное знание. Издания вышедшие в рамках государственной программы «Рухани жаңғыру»

Новое гуманитарное знание. Издания вышедшие в рамках государственной программы «Рухани жаңғыру»

Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев в своей статье «Взгляд в будущее: Модернизация общественного сознания» отметил, что нашему обществу нужны не просто инженеры и медики, но и люди гуманитарного профиля, хорошо понимающие современность и будущее. В этой связи, Глава государства поручил создать все необходимые условия для получения студентами образования, соответствующего требованиям времени в области истории и политологии, социологии и философии, психологии, педагогики, экономики, культурологии, а также филологических наук.
Для реализации данного поручения был создан и активирован проект «Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке».
В рамках данного проекта в ближайшие несколько лет на казахский язык будут переведены учебники лучших университетов мира по всем гуманитарным направлениям, наши студенты получат возможность получить образование на основе лучших мировых образцов. Узнать подробнее.

Для пропаганды этого важного и масштабного проекта в нашей библиотеке был организован обзор книг среди сотрудников библиотеки. Вы можете подробнее ознакомиться по ссылкам:

Здесь вы познакомитесь с изданиями по филологии, литературе, бизнесу и философии.

В данной презентации вы познакомитесь с изданиями проекта по философии, экономике, психологии и со словарем иностранных слов внедренных в казахский язык.

В данной ознакомительной презентации вы познакомитесь с трудами известных современных авторов Юваля Ной Харрари, Клауса Шваба, Стивена Кови и др.

Данная презентация познакомит с изданиями проекта по международному праву и экономике, предпринимательству, социологии, философии и IT сфере.

ПСИХОЛОГИЯ

Аронсон, Эллиот.
Көпке ұмтылған жалғыз [Мәтін] = The Social Animal : әлеуметтік психологияға кіріспе : [оқулық] / Э. Аронсон ; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [және т. б.]. — 11-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. — 407, [2] б.
Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, салыстырмалы түрде, ғылыммның жас саласы деп есептегенмен, оның алғы шарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан.
Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы адам психолгиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.
Читать

Кови, Стивен Р.
Жасампаз жандардың 7 дағдысы: тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері[Мәтін] : монография / С. Р. Кови ; жоба жетекшісі Р. Кенжеханұлы ; ауд. Ғ. Төлеғұл [және т.б.] ; жауапты ред. Ә. Жапақ. — Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. — 350, [2] б.
Автор жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін 7 дағдыны атап көрсетіп, әрқайсысын жеке-жеке талдайды. Алғашқы үш дағды адамның өзін-өзі басқару – толық тәуелсіздікке жету жолдары, келесі үш дағды – айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынас, соңғы жетінші дағды – адамның өзін және өзгелермен қарым-қатынасын басқара білу қабілетін үздіксіз жетілдіріп отыру тақырыбын қамтиды. Жетістікке жетудің жолы мен өмірлік маңызды негізгі принциптерді атап көрсетіп, кез келген жағдайда дұрыс әрі нақты шешім қабылдаудың әдіс-тәсілдерімен бөліседі
Читать

Тіл – инстинкт = The Language Instinct [Мәтін] : тіл мен сана туралы жаңа ғылым / С. Пинкер ; [ауд.: Ш. Құрманбайұлы, С. Абдрасилов, С. Иманбердиева ; жауапты шығ. С. Үркінбаев]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 383, [2] б.
Бұл классикалық еңбек көпшілік ойындағы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Зерттеуші тіл ғылымы саласындағы тіл мен сананың байланысы туралы соны жаңалықтар мен ғылыми ортаның соңғы жетістіктерін талдап, тілдің қызметі қалай жүзеге асатынын, баланың тілді қалай үйренетінін мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелді де нақты тұжырымдар жасайды.
Читать

Уоллейс, Патрисия.
Интернет психологиясы = The Psychology of the Internet [Мәтін] : оқулық / П. Уоллейс ; [ауд., жауапты шығ. Е. Жеңісұлы]. — 2-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 355 б.
Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді.
Читать

Шульц, Дуэйн.
Қазіргі психология тарихы [Мәтін] = A History оf Modern Psychology : [монография] / Д. Шульц, С. Э. Шульц ; ауд. Б. Қ. Ақын [және т.б.]. — 11-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 447, [1] б. : сур.
«Қазіргі психология тарихы» кітабының 11-басылымы – психология пәні бойынша қазақ тіліне аударылған санаулы еңбектердің бірі. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды да қамтиды. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың «Өзі оқыған дәрістен» айдары арқылы берілген түпнұсқа дәрістер – ізденушілер үшін таптырмас дүние.
Читать

СОЦИОЛОГИЯ

Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі [Мәтін] = Dictionary of the Social Sciences : сөздік / ред. басқ. К. Калхун ; [ауд.: М. Жолшаева, А. Қуанышбекова, Д. Мәзен]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 479 б.
Кітапта әлеуметтік ғылымдардағы негізгі теорияларға, концепцияларға, ғылыми әдістер мен өзге де құбылыстарға қысқа, бірақ тұшымды анықтама беріледі. Оған қоса, ғылым салаларындағы негізгі ұғымдар мен заңдылықтар, үрдістер мен жаңалықтар түрлі көзқарас тұрғысынан сараланады. Терминологиямен қоса, сөздікте Франц Боастан бастап, Джон Мейнард Кейнс, Макс Вебер секілді әлеуметтік ғылымдарға серпіліс әкелген 300-ге жуық ғалымның өмірбаяны мен ғылымдағы жаңалықтары кеңінен қамтылған.
Читать

Бринкерхоф, Дэвид.
Әлеуметтану негіздері [Мәтін] = Essentials of Sociology : [оқулық] / Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега ; ауд. М. И. Амандосова [және т.б.]. — 9-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 454, [12] б. : сур.
Оқу құралы әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын саралап, әлеуметтанушы мамандардың оку орнындагы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және коғамдағы рөлін көрсетеді. Мәдениет және оган қатысты теориялық көзқарастар, оның әр алуандығы мен жаһандануға байланысты тақырыптар камтылып, коғамдағы институттар туралы толықканды ақпарат беріледі, коғам құрылысы, топтар, желілер, ұйымдар және олардың қызметтері талданады.
Читать

Майерс, Дэвид Г.
Әлеуметтік психология [Мәтін] = Social Psychology : [оқулық] / Д. Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г. Қ. Айқынбаева [және т.б.]. — 12-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 559, [1] б. : сур.
Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген.
Читать

316(075.8)
Р 51
Ритцер, Джордж.

Әлеуметтану теориясы [Мәтін] = Sociological Theory : [оқулық] / Дж. Ритцер, Дж. Степницки ; ауд. Г. О. Әбдікерова [және т. б.]. — 10-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. — 829, [1] б. : сур. — (Рухани жаңғыру). — Библиогр.: 758-829 б. — 10000 (таралым). — ISBN 978-601-7943-17-2 : Б. ж.
 Читать

Роббинс, Стивен П.
Ұйымдық мінез-құлық негіздері = Essentials of Organizational Benavior [Мәтін] : оқулық / Стивен П. Роббинс, Тимати А. Джадж ; ауд.: Е. Қашқынова, А. Қуанышбекқызы, Д. Мәзен ; жауапты шығ. Н. Қожабек. — 14-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 487 б.
Ұйымның өзегі – қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы байланысты басқару аса маңызды. Қарамағындағы қай қызметкер қандай мінез-құлық көрсететінін, ол жалпы ұжымның қызметіне қалай әсер етіп, ұйымның табысқа жетуіне немесе кері ықпал ететінін білу – әр басшының, әсіресе HR-менеджердің міндеті. Ұжымды дұрыс басқару, қызметкерлер мотивациясын арттыру, оған кері әсер ететін кертартпа элементтерді анықтау, олармен жұмыс істеу, үздік мінез-құлық үлгілерін анықтап, оларды ынталандыру – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімді меңгеруді талап ететін күрделі жұмыс.
Читать

Коннолли, Мэри
Әлеуметтік жұмыс: контексі мен практикасы [Мәтін] : оқулық / М. Коннолли, Л. Хармс, Д. Мэйдмент; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд. Б. Мизамхан]. — 4-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 382, [2] б.
Әлеуметтік жұмыстың контексі мен теорияларын жан-жақты талдап, таразылайтын оқулық «Әлеуметтік жұмыс: контексі мен практикасы» (Social Work: Contexts and Practice) деп аталады. Бұл еңбек Австралия мен Жаңа Зеландиядағы әлеуметтік жұмыстың практика теориялары, әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы байланыс түрлері әлеуметтік жұмыс практикасында кездесетін заңдар және олардың қолданылу ерекшелігі, әлеуметтік жұмысқа бағытталған саясат, әлеуметтік қызмет көрсетуде басшылққа алынатын философияльқ-рухани қағидалар туралы баяндайды. Байырғы хальқтардың мәдениеті мен өмip сапасының басты қағидаларын басшылыққа алатын әлеуметтік жұмыс практикасы құндылыққа ие екенін көрсетеді. Әлеуметтік жұмыстың мәдени аспектілері билікпен байланыс, отаршылдьқ тарихы, Австралия мен Аотеароа — Жаңа Зеландияның байырғы халқына қатысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыс туралы талдау — бұл кітаптың артықшылығы деуге болады. Осы және алдыңғы басылымда кітап авторлары Мэри Коннолли, Луиза Хармс пен Джейн Мэйдмент көтерген Транс-Тасмания болашағы туралы мәселелер оқырман үшін ерекше қызық болатынына сенімдіміз. Kітап әлеуметтік қызметкерлерге, осы сала студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ әлеуметтік жұмысқа қатысы бар барлық сала мамандарына арналады.
Читать

Синглтон, Ройс А.
Әлеуметтік зерттеу әдістері [Мәтін] : оқу құралы / Р. Синглтон, Б. Стрэйтс; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: Н. Ә. Муминов]. — 6-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 814, [1] б.
Ройс Синглтон мен Брюс Стрэйстің «Әлеуметтік зерттеу әдістері» кітабы – әлеуметтік зерттеудің ғылыми және логикалық негіздерін жан-жақты сипаттайтын оқу құралы. Негізгі тәсілдер мен ғылыми зерттеулердің логикасы арасындағы тепе-теңдікті ескере отырып, бұл кітап зерттеудің төрт тәсілі – эксперимент, сауалнама зерттеуі, далалық зерттеулер және қолда бар деректерді пайдаланудың сипаттамасын ұсынады. Эмпирикалық зерттеу мысалдарын ұсына отырып, зерттеу процесін егжей-тегжейлі баяндау студенттерге зерттеу барысын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғалымдар мен оқытушыларға, статистика саласында білімін арттырғысы келетін барша оқырман қауымға арналған.
Читать

ФИЛОСОФИЯ

Бартлетт, Стив.
Білім берудегі зерттеулер : кіріспе / С. Бартлетт, Д. Бертон ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд. Б. М. Мизамхан, 2020. — 462, [2] б.
Білім берудегі соңғы жетістіктерге тоқтала отырып, адамның мінез-құлқы, мотивация, жетістік және өзін-өзі бағалау жөніндегі білімін арттыруға көмектесетін оқыту стильдері, стратегиялары, тәсілдемелері мен преференцияларына қатысты жүргізілген зерттеулердің мәнін талдап және түсіндіріп береді.
Читать

Бейлис, Джон.
Әлемдік саясаттың жаhандануы. Халықаралық қатынастарға кіріспе : монография / Д. Бейлис, С. Стив, П. Оуэнс ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Н. Е. Тажқұран және т. б., 2020. — 651, [1] б.
Кітапта жаһандану дәуіріндегі әлемдік саясатқа шолу жасау, заманауи әлемдік саясатты түсіндіретін теориялық ұстанымдарды қысқаша баяндау және қазіргі әлемдік саясатты анықтайтын негізгі құрылымдар мен мәселелерді айқын түсінуге қажет материал ұсыну секілді үш түрлі негізгі мақсат көзделген.
Читать

Джонстон, Дерек.
Философияның қысқаша тарихы [Мәтін] = A Brief History of Philosophy : Сократтан Дерридаға дейін : [монография] / Д. Джонстон ; ауд.: Г. З. Әбдірасылова, Г. Ж. Нұрышева. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 212, [2] б. : сур.
Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты бұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған.
Читать

Кенни, Энтони
Батыс философиясының жаңа тарихы [Мәтін] : [монография] / Э. Кенни ; [ауд.: А. С. Аяпбекова, Н. Т. Базарбай, А. Рыскиева]. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. 1-т. : Антика философиясы = Ancient Philosophy. — 407, [1] б. : сур.
Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пай- ымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған. Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Тарихи баянның тақырыптық арқауы философияда туындаған сауалдарды келесі екі мыңжылдыққа мұра етіп кеткен және әр кезеңдегідей дәл бүгін де ықпалы бәсеңсімеген екі үлкен тұлға – Платон мен Аристотельге негізделген. Бұл – Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы.
Читать

Кенни, Энтони
Батыс философиясының жаңа тарихы = A New History of Western Philosophy [Мәтін] : [монография] / Э. Кенни ; ауд.: А. Алдабердіқызы, Ш. Ш. Әлменова, Д. М. Қалиев. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. 2-т. : Орта ғасыр философиясы = Medieval Philosophy. — 400 б. : сур.
Сэр Энтони Кенни Батыс философиясының жаңа тарихы жөніндегі еңбегін б.д.д. 400 жылдан, яғни христиандық және исламдық ой-сананың негізін салушылардан бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі аралықты қамтитын кезеңді баяндау арқылы жалғастырады. Орта ғасыр – философияның гүлдену кезеңі. Ақыл-ойдың кемелденуі ХІІІ және XIV ғасырда Акуинолық Томас пен Джон Дунс Скот сынды тұлғалардың арқасында шарықтау шегіне жетті.
Читать

Кенни, Энтони
Батыс философиясының жаңа тарихы = A New History of Western Philosophy [Мәтін] : оқулық / Э. Кенни ; [ауд. Г. Ж. Нұрышева ; жауапты шығ. С. Ә. Сыбанбай]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. 3-т. : Қазіргі заман философиясының бастауы. — 411 б. : сур.
Бұл том әлемдік ой тарихының XVI ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі кезеңін қамтиды. Бұл томның бастапқы үш тарауында сол кезеңнің ойшылдарына хронологиялық шолу жасалады. Қалған тарауларда олардың өзекті де нақты философиялық тақырыптарды талқылауға қосқан үлесі қарастырылады. Философия ежелгі заманда және орта ғасырларда қалыптасқан ең құнды деген құралдардың кейбірінен бас тартса да, осы үшінші томда қамтылатын кезең философтары тұрақты құндылықтарды орнықтыра түсуге қомақты үлес қосты.
Читать

Кенни, Энтони
Батыс философиясының жаңа тарихы = A New History of Western Philosophy [Мәтін] : оқулық / Э. Кенни ; [ауд. А. Байдлаева ; жауапты шығ. С. Ә. Сыбанбай]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. 4-т. : Қазіргі заман философиясы / Э. Кенни. — 419 б. : сур.
Бұл-философияның қайнар бастауынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының  төртінші томы. «Антика философиясы» деп аталатын алғашқы томында классикалық Грекия мен Римдегі ежелгі философия сипатталды. Екінші том, «Орта ғасыр философиясы», оның Әулие Аугустиннен гуманистік Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі тарихын баяндады. «Қазіргі заманғы философияның бастауы» атты үшінші томда XVI, XVII, XVIII ғасырлардың және Гегельдің өмірден озуымен аяқталатын ХІХ ғасырдың басты философтары қарастырылды
Читать

Маккиннон, Барбара.
Этика: теориясы мен қазіргі мәселелері : оқулық / Б. Маккиннон, Э. Фиала ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: А. Байдлаева және т. б., 2020. — 864, [4] б.
Оқулықта дін, утилитаризм, деонтология, табиғи құқық, қайырымдылық және феминистік этика, сонымен қатар қазіргі кезде жиі талқыға түсіп, қызу пікірталастарға негіз болған эвтаназия, мораль, әділ экономика, жануарлар, соғыс пен зорлық-зомбылық және жаһандану этикасы кең талқыланады.
Читать

Уолф, Джонатан.
Саясат философиясына кіріспе : оқулық / Д. Уолф ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд. Д. А. Сиқымбаева, 2020. — 230, [2] б.
Алғаш рет қазақ тіліне аударылып отырған Джонатан Уолфтың «Саясат философиясына кірісіпе» деп аталатын кітабында адамзатты бұрыннан толғандырып келе жатқан және қазіргі кезде әлі де өзектілігін жоғалтпаған табиғи күй, мемлекет, демократия, еркіндік, меншік сияқты саяси ғылымдардың зерттеу аясын айқындайтын ұғымдарға қатысты сұрақтар қарастырылады.
Читать

Хесс, Реми
Философияның таңдаулы 25 кітабы [Мәтін] : монография / Р. Хесс; ауд.: Ә. Құранбек, А. А. Рыскиева. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 359 б.
Париж университетінің профессоры Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты талдауы студенттерді көрнекті ойшылдар және олардың шығармаларымен француз философиялық мектебі тұрғысынан таныстырады.
Читать

Хили, Джозеф Ф.
Статистика негіздері: әлеуметтіук зерттеу құралы : оқулық / Д. Хили ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: М. Маульшариф, А. М. Мусина, 2020. — 574, [2] б.
Оқулық төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауға бөлінген. Атап айтқанда, дескриптив статистика, орталық тенденция өлшемдері, дисперсия өлшемдері, қалыпты қисық, инференциал статистика, гипотезаны сынау түрлері, ассоциацияның бивариатив өлшемдері, мультивариатив техникалар тәрізді статистиканың ауқымды бөлімдері теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді.
Читать

Рассел, Бертран
Батыс философиясының тарихы [Мәтін] : оқулық / Б. Рассел; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: А. Шәріп]. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 893, [3] б.
Бертран Рассел – XX ғасырдағы аса көрнекті ойшылдардың бірі, философ, математик, тарихшы және Нобель сыйлығын иеленген жазушы. Оның Еуропа ой-дүниесінің ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі дамуын зерделеген «Батыс философиясының тарихы» атты кітабы – әлемнің көптеген тілдеріне аударылған танымал еңбек. Үш кітаптан тұратын зерттеу антика дәуіріндегі рационалды ойдың қалыптасуынан бастап, Сократ, Платон, Аристотельден, Аугустин, Руссо, Кант, Шопенгауэр Маркс, Дьюиге дейінгі философтардың доктриналарына терең талдаулар жасады. Автор бұл еңбегінде әр ойшылды өскен отбасымен сабақтастыра қарастырып, философияға тән ұғымдар, ілімдер, көзқарстармен қатар, рухани ізденістерге ықпал еткен тарихи үдерістерді де тартымды баяндайды. Еркін пікірталас дискурс тұрғысынан жазылған кітап гуманитарлық білім саласын зерттеуші мамандарға, философтар мен мәдениеттанушыларға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналған.
Читать

Әл-Руайхеб, Халид
Ислам философиясы [Мәтін] : оқулық / Х. Әл-Руайхеб, С. Шмидтке; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: А. Ғ. Тасболат, М. Ж. Төлеген]. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 825, [3] б. 
Халид Әл-Руайхеб пен Сабина Шмидткенің жетекшілігімен құрастырылған «Ислам философиясы: Оксфорд оқулығында» IX–XX ғасырлар аралығындағы ислам философиясының көрнекті өкілдірінің зерттеу мәселелері, адамзат ақыл-ойына қосқан үлесі сараланған. Көптеген ғылым салалары бойынша маңызды еңбектер қалдырған алғашқы ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рұшд сияқты тұлғалардың өмір жолы мен көзқарастары, философиялық мұрасы зерделенген. Сонымен қатар Даууани, Мир Дамад, Молла Садра сынды постклассикалық және Зәки Нәжиб Махмұд, Мұхаммед Иқбал секілді модерн кезең ойшылдарының туындылары да қарастырылған. Оқулықта осы аталған және басқа да фәлсафа өкілдерінң метафизика, онтология, логика, табиғат философиясы, эпистемиология, психология т.б. тақырыптардағы шығармалары кеңінен талданады. Атйта кетерлігі әр тарауда авторлар тұпнұсқа мәтіндерді негізге алған. Кітап жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен доктаранттарға, оқушыларға және ислам философиясына қызығатын барша оқырман қауымға арналған.
Читать

Юлән, Фың
Қытай философиясының қысқаша тарихы [Мәтін] : оқулық / Ф. Юлән; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: Қ. Бақыт, Д. Б. Дәуен]. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 366, [2] б.
Аталмыш еңбек ХХ ғасырдағы Қытайдың көрнекті ғалымдарының бірі Фың Юләннің қаламынан туған. Кітапта екі мыңжылдық дәстүр және модерн дәуіріне дейінгі Қытай философиясы жүйелі түрде әрі ұғынықты тілде топтастырылған. Еңбекте оқырманға таныс Конфуций, Лао-цзы, Мо-цзы, Мэн-цзыдан өзге де қытай философтары және философиялық мектептер туралы сөз болады. Сондай-ақ Қытай философиясы мен Батыс философиясы арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер де назардан тыс қалмаған.
Читать

Нортхаус, Питер Г.
Көшбасшылық: теория және практика [Мәтін] : оқулық / П. Нортхаус; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: Б. М. Икрамова, Ә. Жапақ]. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 559, [1] б.
Он үш тілге аударылып, тоқсанға тарта елге таралған «Көшбасшылық: теория және практика» оқулығы көшбасшылық теорияларын кәсіби және ғылыми тұрғыдан терең талдап, оларды нақты ситуацияларда қалай қолдануға болатынын зерделейді. Автор әр тарауда ұтымды құрылымдау арқылы оқырманның түрлі теорияларды оңай салыстырып, меңгеруіне жол ашады. Тың кейс – стадилер мен сауалнамалар көшбасшылық әдістері жайында түсінік қалыптастырып, жеке басшылық стилін анықтауға көмектеседі.
Читать

Элдридж, Ричард
Өнер философиясы кіріспе [Мәтін] : оқулық / Р. Элдридж ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд. Е. Жеңісұлы]. — 2-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 302, [2] б.
«Өнер философиясы. Кіріспе» — өнер табиғаты мен құндылығының философиялық теорияларының анық та ықшам шолуы. Ол өнерді, кескіндемені, мүсін өнерін, музыканы, биді, сәулет өнерін, киноны, концептуал өнерді және перформансты қамтиды. Бұл екінші басылымға бейнелеу өнері, музыка, концептуал өнер, Гегель және өнер мен қоғам тақырыптары бойынша айтарлықтай жаңа зерттеулер қосылған. Классикалық және заманауи философияға, әдебиет теориясына және өнер сынына сүйене отырып, Ричард Элдирдж өнердің қолданбалы, шартты және экспрессивті қырларды зерттейді.
Читать

Касулис, Томас П.
Жапон философиясының қысқаша тарихы [Мәтін] : оқулық / Т. Касулис ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: А. К. Байдлаева, Г. Ж. Нұрышева]. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 801, [3] б.
 
мерикалық танымал ғалым Томас П. Касулистің бұл eңбeгiндe жапон философиясының ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі тарихы хроналогиялық ретпен баяндалған. Автор жапон философтарын, олардың еңбектері мен теорияларын әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктеріне және түсініктері мен ұғымдарына сипаттама бере отырып таныстырады. Кітапта жапон философиясына халықаралық қарым-қатынастың, тарихи оқиғалардың, елдегі ертеден-ақ негізі қаланған мектептер мен академиялардың, дін мен саясаттың тигізген ықпалы ғылыми тұрғыдан зерделеніп, дәйекті тұжырымдар жасалды. Сондай-ақ автор Күншығыс елі философиясы мен Батыс әлемі философиясының өзара сабақтастығы жайындағы пікірталастарды талдап, саралайды.
Читать

Үнді философиясының тарихы [Мәтін] : оқулық / құраст., бас ред. П. Билимориа ; жауапты ред. Дж. Н. Моханти; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: Г. С. Жолдасбаева, Е. Н. Ысқақов, Б. М. Мизамхан]. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 719, [1] б.
Routledge баспасының әйгілі «Әлемдік философия» сериясы аясысында жарық көрген «Үнді философиясының тарихы» — кейінгі үш мың жыл ішінде үнді ой мектептерінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан түрлі ағымдар мен ғұлама ойшылдар жөнінде жан-жақты мәлімет беретін халықаралық зерттеу жинағы. Жинақты әзірлеуге осы саланың ең беделді ғалымдары қатысқан. Барлығы 58 тараудан тұратын бұл кітапқа енген мақалалар «Таным, контекст, ұғымдар», «Философиялық дәстүрлер», «Өзара ықпалдастық: модерн және постмодерн» деген үш ауқымды тақырып аясында топтастырылған. Осыған дейін қазақ тілінде кешенді түрде үнді философиясын талдаған еңбек болған емес. Кітап жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға және философия пәніне қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға арналған.
Читать

Классикалық араб философиясы: антология [Мәтін] : оқулық / [құраст.: Д. МакГиннис, Д. Райсман; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Б. Ш. Адилхаким және т. б.]. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 474, [2] б.
Бұл кітап ортағасырлық философиясының әлем, болмыс, құдай, ақыл, жауһар (субстанция), араз (акциденция) сияқты және баска да тақырыптар төңірегінде өрбиді. Жинаққа әл-Фараби, әл-Кинди, Ибн Сина, әр-Рази, әл-Ғазали т.б. ғұламалардың еңбектері іріктеліп алынған. Қолыңыздағы басылым аясында бұл еңбектер қазақ тiлiне тұңғыш рет аударылды. Оқулық философия, дiнтану мамандығын таңдаған студенттер, оқытушылар мен зерттеушілерге және философияға қызығушылығы бар барша оқырман қауымға арналған.
Читать

Постон, Дадли Л.
Халық саны және қоғам. Демографияға кіріспе [Мәтін] : оқулық / Д. Постон, Л. Бувье; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд. Е. Әбдіраман]. — 2-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 486, [2] б.
Бұл кітап демография ғылымының негізгі тұжырымдары мен мәселелерін қамти отырып, демография пәніне жан-жақты кіріспе оқулық ретінде қарастырылған. Мұнда туу, өлім-жітім, көші-қон, нәсіл, халықтың жастық және жыныстық құрамы сияқты өзекті тақырыптар кеңінен қарастырылады. АҚШ, Азия, Еуропа және Африканың түрлі елдерінен алынған мысалдар әлем халқының дамуы мен өзгеруін сипаттайды, олардың қоршаған ортаға Һәм адамзат болашағына әсерін зерделейді. Демография пәні бойынша қазақ тіліне аударылып отырған тұңғыш оқулық әлеуметтанушы мамандар мен студенттерге ғана емес, аталмыш білім саласына қызығатын көпшілікке арналған
Читать

ДІНТАНУ

Армстронг, Карен.
Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс [Мәтін] = A History of God The 4000-year Quest of Judaism, Christianity and Islam : Құдайтану баяны : [монография] / К. Армстронг ; ауд. Д. Кенжетай [және т.б.]. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 421, [10] б. : карталар.
Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты? Адамзаттың Жаратушы туралы түсінігі қалай өзгеріп отырды? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін – яхудилік, христиандық пен ислам – қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті? Автор осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған: бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған – Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушының тану тарихын баян еткен. Яхудилік, христиандық пен исламның өрісі аясында адамзат ақыл-ойының Жаратушы туралы ұғым-түсінігінің даму кезеңдерін көрсеткен. Карен Амстронг – ағылшын ғалымы.
Читать

КӘСІПКЕРЛІК

Куратко, Дональд Ф.
Кәсіпкерлік [Мәтін] = Entrepreneurship : теория, процесс, практика : [монография] / Д. Ф. Куратко ; ауд. М. Қыстаубаева [және т.б.]. — 10-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 479, [1] б. : сур
Халықаралық кәсіпкерлік білім беру ұйымының жетекшісі Дональд Куратконың “Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика” атты оқулығы кәсіпкерлік құбылысын жан-жақты зерттей отырып, студенттерді кәсіпкер болудың қыр-сырына үйретеді..
Читать

МЕДИА

Медиаэтика [Мәтін] = Media Ethics at Work : жас мамандардың тәжірибесінен / ред.: Л. Э. Пек, Г. С. Рил ; ауд.: Б. Мұқанов, Б. Сәбит, Б. Қадылбек. — 2-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 304 б.
Бұл кітап студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған. Әрбір жағдай кеңінен баяндалып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. Сондықтан оқырман «Мұндай жағдайда мен не істер едім?»-деген ой үстінде болады.
Читать

Бейнбриж, Жейсон.
Медиа және журналистика теория мен практикаға жаңа көзқарас = Media and Journalism: new Approaches to Theory and Practice [Мәтін] : оқулық / Ж. Бейнбриж, Н. Гок, Л. Тайнан ; [ауд.: Ү. Кеңесбаева, Е. Қашқынов, А. Қуанышбекқызы ; жауапты шығ. Д. Дариябек]. — 3-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 591 б.
«Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас» – кәсіби журналистиканың қалыптасу тарихынан бастап, қоғамның қозғаушы күшіне айналған медиа cаласындағы соны өзгерістерді талдаған құнды еңбек. Әлемнің озық жоғары оқу орындары таңдаған кітаптың үшінші басылымы медиа мен журналистиканың өзара байланысына қызығушылық танытқан кез келген оқырман көңілінен шығады.
Читать

Хиллиард, Роберт Л.
Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу : оқулық / Л. Р. Хиллиард ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: А. Шералы, Ә. Тілеужанқызы, Т. Жолдасұлы, 2020. — 526, [2] б.
Оқулықтың осы басылымында телевизия мен радиодан бөлек жаңа медиа да қамтылған. Кітап қарапайым тілмен жазылған. Оқырман камераның ракурсы, пландардың қойылуы, композициялық шешім, кейіпкер, монтаж, дыбысты ойнату сынды тек практикада ұшырасатын дүниелердің алғышарттарымен танысады.
Читать

МЕНЕДЖМЕНТ

Гриффин, Рикки У.
Менеджмент [Мәтін] = Management : [оқулық] / Р. У. Гриффин ; ауд. Г. А. Абдуллина [және т.б.]. — 12-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 766, [2] б. : сур.
Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды. Менеджер жұмысына тікелей де, жанама да әсер ететін этикалық бақылау, қоғамдық жауапкершілік, менеджмент саласының жаһандық сипаты, цифрлық технологиялар, теория мен тәжірибенің ұштасуы сынды категориялардың әрқайсысы нақты кейстер негізінде түсіндіріледі.
Читать

Гэмбл, Джон.
Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмытылу = Essentials of Strategic Management the Quest for Competitive Advantage [Мәтін] : оқулық / Д. Гэмбл, М. Питереф, А. Томпсон ; [ауд. Ж. Кушебаев ; жауапты шығ. Г. Н. Смағұлова]. — 5-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 534 б.
«Стратегиялық менеджмент негіздері: Бәсекелік артықшылыққа ұмтылу» оқулығы стратегиялық менеджмент принциптері мен талдау тәсілдеріне концептуалдық тұрғыда маңызды әрі мазмұнды әдістеме жасап ұсынған. Студенттерді қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттің қыр-сырына баулитын ең озық түрлеріне, үздік әдіс-тәсілдеріне жан-жақты талдау, зерттеу жүргізеді.
Читать

Шиллинг, Мелисса А.
Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент = Strategic Management Technological Innovation [Мәтін] : оқулық / Мелисса А. Шиллинг ; [ауд. С. Зиядин ; жауапты шығ. Г. Нұрмолдақызы]. — 5-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 378 б.
«Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент» оқулығында инновациялық менеджмент стратегиялық процесс ретінде қарастырылады.
Стратегиялық менеджмент процесін нақты көрсету үшін бәсеке динамикасы, бағалау стратегиясын қалыптастыру және стратегияларды жүзеге асыру мән-жайы автордың соңғы онжылдықтағы зерттеу жұмыстары негізінде жан-жақты баяндалады.
Читать

Уилтон, Ник.
HR-менеджментке кіріспе = An Introduction to Human Resource Management [Мәтін] : оқулық / Н. Уилтон ; [ауд.: Г. Әбішева, А. Бергалиева ; жауапты шығ. Н. Қожабек]. — 3-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 531 б.
Кез келген ұйымның басты байлығы-адам ресурсы.Ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып, қалай бағыттап, ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару – HR-менеджменттің табыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам, құндылықтары, мінезі, өмірлік тәжірибесі, арманы мен мақсаты бар дара тұлға деп қабылдаудан басталады.
Қызметкерді жұмысқа қабылдаудан бастап, оның қызмет бабымен өсуі, ұйымның дамуына, табысқа жетуіне үлес қосуы, осы жолда бар білімі мен тәжірибесін пайдалануы, оқуы, жетілуі, дамуы – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімнің зерттеу нысаны.
Читать

Розенбаум-Эллиотт, Ричард
Стратегиялық бренд менеджмент [Мәтін] : оқулық / Р. Розенбаум-Эллиотт, С. Перван, Л. Перси ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: Ү. Кеңесбаева, А. Қуанышбекова]. — 4-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 365, [2] б.
Танымал бренд — компанияның ең құнды активтерінің бipi, оны қалыптастыру кең уақьт пен күш-жігерді талап етеді. «Стратегиялық бренд-менеджмент» кітабы бренд туралы негізгі тусініктермен қатар бренд капиталының мәні мен мазмұнын, оның функцияларын, эмоциялық қырларын таныстырады және бренд капиталын қалыптастырудың ұтымды әдіс-тәсілдерін ұсынады. Авторлар компанияның ұзақмерзімді табыстылығын арттыру жолындағы брендті басқару стратегиясының тиімді, тұжырымдамалары мен қағидаларын ортаға салады. Танымал компаниялардың тәжірибесінен алынған мысалдарды нақты кейстерге сүйене отырып түсіндіреді. Қазақ тіліне 4-басылымы аударылып отырған оқулық экономика мамандықтарында білім алушы студенттерге, ipi, орта және шағын бизнес менеджерлері мен маркетологтарына, ұйым басшыларына, сондай-ақ осы салаға қызығатын көпшілік қауымға арналған.
Читать

ЭКОНОМИКА

Блак, Джон.
Оксфорд экономика сөздігі [Мәтін] = A Dictionary of Economics (Oxford Quick Reference) : сөздік / Д. Блак ; [ауд.: А. Арғынғазиев, Ж. Кушебаев, А. Өміртай]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 606, [2] б.
Оксфорд экономика сөздігінде дүниежүзіндегі экономика жағдайы, экономикалық белсенділік, адамдар арасындағы, ел ішіндегі, елдер арасындағы экономикалық қатынас негіздері, банк ісі, әлеуметтік қамсыздандыру теориясы, жұмыспен қамту және жұмыссыздық, ақша, несие және басқа да негізгі тұжырымдар бойынша түсініктермен қатар, ойын теориясы және эконометрика тұжырымдары да қамтылған.
 
Читать

Гарман, Томас.
Жеке қаражат (Қазақстанға бейімделген нұсқа) : оқулық / Т. Е. Гарман, Р. Форг ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Р. Исаева және т. б., 2020. — 631, [1] б.
Ақшаны тиімді жұмсаудың әр қадамы сипатталып, жүйеленген бұл оқулық үнемдеуді және инвестициялауды, несиелерді басқаруды, салық төлеуді, кредит картасы бойынша борышыңызды азайту және қаржылық болашағыңызды жоспарлауға көмектеседі.. Оқулық мақсаты – кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қол жеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Читать

Интеллектуалдық меншік құқығы : оқулық / Л. Бентли және т. б. ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд. Г. Б. Түсіпова. I том, 2020. — 510, [2] б.
Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтып, қыр-сырымен таныстыратын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, әділетсіз бәсекелестік пен құпия ақпарат мәселелерінің әрқайсысына бірнеше тарау арнап, тақырыпты жан-жақты талқылайды.
Читать

Интеллектуалдық меншік құқығы : оқулық / Л. Бентли және т. б. ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Л. Т. Тәңірбергенова, Ж. Сәдуақас, О. Кенжебаев II том, 2020. — 567, [1] б.
Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтып, қыр-сырымен таныстыратын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, әділетсіз бәсекелестік пен құпия ақпарат мәселелерінің әрқайсысына бірнеше тарау арнап, тақырыпты жан-жақты талқылайды.
Читать

Интеллектуалдық меншік құқығы : оқулық / Л. Бентли және т. б. ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Л. Т. Тәңірбергенова, Б. Төлімбет, О. Кенжебаев III том, 2020. — 603, [1] б.
Интеллектуалдық меншік құқығы – құқықтың осы саласын мейлінше толық қамтып, қыр-сырымен таныстыратын елеулі еңбек. Кітапта авторлық құқық, патент, тауар белгісі, дизайн және өнеркәсіп үлгісі, әділетсіз бәсекелестік пен құпия ақпарат мәселелерінің әрқайсысына бірнеше тарау арнап, тақырыпты жан-жақты талқылайды.
Читать

Куратко, Дональд Ф.
Предпринимательство: теория, процесс, практика [Текст] = Entrepreneurship Theory, Process, Practice : учебник / Д. Куратко ; [пер. С. А. Нурова ; отв. ред. И. А. Малахова]. — 10-е изд. — Алматы : ОФ «Ұлттық аударма бюросы», 2019. — 513, [1] с.
Материал, представленный в книге «Предпринимательство: теория, процесс, практика, 10-e издание», объединяет теоретический и практический подход к пониманию теории, процессов и опыта предпринимательской деятельности. Книга уже более 25-ти лет не уступает лидерства в области преподавания предпринимательства. Креативные упражнения служат для активной презентации стиля предпринимательского мышления.
Читать

Мэнкью, Н. Грегори.
Экономикс [Мәтін] = Economics : [оқулық] / Н. Г. Мэнкью, М. П. Тейлор ; ауд. Л. Ә. Бимендиева [және т.б.]. — 4-халықаралық бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 833, [1] б. : сур.
Кітап — Мэнкюдің классикалық туындысының бейімделуі. Оқулықтың презентация әдісіндегі басты артықшылығы — авторлар экономиканы оқырман тұрғысынан ұсынуда. Басылым қолданбалы сипатқа ие және экономикалық қатынастардың барлық тақырыптарын қамтиды. Саясат пен экономикалық теория мәселелерін түсінікті, қол жетімді ету бұл оқулықты әсіресе студенттер арасында танымал етеді.
Міне, толығымен жаңартылған 4-ші халықаралық басылым.
Читать

Паркин, Майкл.
Макроэкономика : оқу құралы / М. Паркин ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Ү. Кеңесбаева, Ә. Мұхаметжанова, 2020. — 462, [2] б.
Автор ең маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға шығарады. Оқулықтың әр тарауы қазіргі дүниежүзіндегі басты мәселелердің бірінен басталып, одан әрі тақырып теориялық тұрғыда талданып, соңында қосымша сұрақтар қойылады. Сондай-ақ студенттерді экономикадағы соңғы зерттеу, тұжырымдамалар мен ақпараттан хабардар етіп, «экономист» сияқты ойлауға үйретеді. Қазақ тіліне бұл оқулықтың 13-басылымы аударылып отыр.
Читать

Паркин, Майкл.
Микроэкономика : оқулық / М. Паркин ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Т. Керімбек, А. Қуанышбекова, Ә. Мұхамеджанова, 2020. — 545, [3] б.
Майкл Паркиннің «Микроэкономика» оқулығы – жергілікті экономикалық қатынастарды түсіндіретін оқу құралы. Жеке адамның қалауы мен таңдауынан ел экономикасы қалай қалыптасатыны, ол жаһандық экономика процестерімен қалай сабақтасатыны, ақша қатынастары қалай жүргізілетіні, салық неден қалыптасып, елдегі әлеуметтік бағдарламалар қалай жүргізілетініне дейін нақты кейстер мен мысалдарға сүйене отырып түсіндіріледі.
Читать

Розен, Харви Ш.
Мемлекеттік қаржы [Мәтін] : оқулық / Х. Розен, Т. Гейер; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: Т. Тоқыжанова, Р. Исаева]. — 10-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 597, [3] б.
Мемлекеттік қаржы саласын зерттеуге зор үлес қосып, кең танылған қос автор – Харви Ш. Розен мен Тед Гейер бұл еңбегінде «Үкімет ақшаны қалай жұмсайды, кірісті қалай арттырады? Экономикалық саясат жүргізуге кім құқылы?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, өз пайымдарын түрлі дәлелдермен негіздейді. Оқулықта үкіметтің экономикаға әсер ету ауқымы мен құқықтық негіздері, қоғамдық шешім қабылдау процесі, білім беру саясаты, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, кедейлікпен күресу бағдарламалыры, салық салу және оның тиімділігі, әділ салық негіздері, ірі түсім көздері сияқты бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты талқыланады. Бұл еңбек экономика, әсіресе мемлекеттік қаржы тақырыбын зерттейтін мамандарға, студенттерге, сондай-ақ қаржылық сауатын арттырғысы келетін көпшілік қауымға арналған.
Читать

Феллс, Рэй
Нәтижелі келіссөз алғышарттар мен амалдар [Мәтін] : оқу құралы / Р. Феллс ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: Қ. Ахметова, А. Оспанбаева]. — 4-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 358, [2] б.
Келіссөз теориясы мен тәжірибесіне тың көзқарас ұсынатын бұл кітап келіссөздің негізгі элементтері – өзара түсіністік, сенім, үстемдік ету және этиканы жан-жақты талдайды. Сонымен қатар келіссөздегі ақпарат алмасу, шешім іздеу және шегінудің әдіс-тәсілдерін сипаттайды. Медиация процесі, мүдделі топтың атынан келіссөз жүргізу, мәдениетаралық келіссөздер, жұмыс орны мен бизнестегі келіссөздер де кеңінен қамтылған. Сондай-ақ келіссөзшілердің жеке дағдыларын жетілдіруі мен келіссөзді тиімді басқару тетіктеріне баса назар аударылды. Бұл кітап бизнес, құқық, адам ресурстары менеджменті, еңбек қатынастары салаларының студенттері мен кәсіби мамандарына арналған маңызды оқу құралы.
Читать

Баттл, Фрэнсис
Тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті: ұғымдар мен технологиялар [Мәтін] : оқулық / Ф. Баттл, С. Маклан ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд. А. Мұхамеджановна]. — 4-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 441, [2] б. 
Бұл еңбек тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті саласын, оған қатысты теориялар мен тұжырымдарды жүйелейді. Кітап тұтынушыларға құндылық жеткізу үшін олармен қарым-қатынас орнатуды негізгі бизнес-стратегия ретінде қарастырып, тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті (CRM) ұғымы, оның артықшылықтары, қолданылатын жағдайлары, технологиялары мен стратегияларын түсіндіреді. Сонымен бірге тұтынушыға қол жеткізу, оны ұстап қалу және өзара қарым-қатынасты дамыту кезеңдері жан-жақты қамтылып, тұтынушыға қатысты деректер жинау, оны қолдану және бұл процестерде маркетинг, сату, ақпараттық технологиялар HR-менеджмент, қызмет көрсету, бухгалтерлік есеп және стратегиялық менеджмент салалары қалай байланысатынын көрсетеді. 15 тараудан тұратын еңбек әр тақырыпқа қатысты кейстер, нақты мысалдармен толықтырылған. Оқулық экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.
Читать

АНТРОПОЛОГИЯ

Барнард, Алан.
Антропология тарихы мен теориясы [Мәтін] = History and Theory in Anthropology : [оқулық] / А. Барнард ; ауд. Ж. Жұмашова. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 240 б. : схемалар.
Кітаптың мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымдық-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған.
Читать

ЛИНГВИСТИКА

Лотман, Юрий.
Семиосфера [Мәтін] : монография / Ю. Лотман ; [ауд. Ұ. Еркімбай ; жауапты шығ. Т. Муктаров]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 637, [1] б.
Автор оқулықта тілдердің жойылып кетпеуі мен үнемі қолданыста болуы үшін қажет коммуникация алғышарттарына тоқталады. Семиотика кеңістігін түгелдей бүтін бір жүйе немесе ағза ретінде қарастыруды ұсынады. Сонымен қатар семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардың қызметін, семиотикалық процестер мен семиозис құбылысын түсіндіреді. Семиосфераның ішкі құрылымы және зандылықтарын, өзге де семиотикалық құбылыстарды жатық тілмен жеткізеді.
Читать

Тер-Минасова, С. Г.
Тіл және мәдениетаралық коммуникация [Мәтін] = Язык и межкультурная коммуникация : [монография] / С. Г. Тер-Минасова ; ауд.: Х. Ордабекова, Ш. Бағиева. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 317, [2] б. : сур.
Бүгінгі техника мен байланыс қуралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы, ултаралық, мәдениетаралық байланыс еш кедергісіз, саяси немесе экономикалық шектеуді елемей, табиғи жолмен еркін өріс алуда. Сондықтан өзге журттың тілі мен мәдениетін игеру, онымен етене араласа білудің маңызы бурын-соңды болмаған дәрежеге көтеріліп отыр. Мәдениетаралық коммуникация — бүгінде кез келген салада қызмет ететін маманға, әр адамға қажетті жаңа пән.
Читать

Фромкин, Виктория.
Тіл біліміне кіріспе [Мәтін] = An Introduction to Language : [монография] / В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамс ; ауд.: М. Жаңабекова, Б. Мизамхан, Ұ. Ісләмова. — 10-бас. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 586, [2] б.
Бұл кітап «Тіл біліміне кіріспенің» оныншы басылымы болғандықтан, онда елеулі толықтырулар мен жаңалықтар бар. Бұл ақпараттың басым көпшілігі студенттерге лингвистика мәселелері жөнінде жүйелі білім алуға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауға қатысуға және оқытушылар мен студенттерге маңызды лингвистикалық зерттеулерден хабардар болуға көмектеседі. Мұнда тіл және тілді пайдалануға қатысты көкейкесті мәселелерге де жауап табылады. Басылымдағы жаттығулар студенттердің материалдарды қаншалықты игергенін тексеруге мүмкіндік береді.
Читать

Янсон, Торе.
Тіл тарихы = The History of Languages [Мәтін] : кіріспе / [ауд. Ү. Кеңесбаева ; жауапты шығ. Н. Қожабек]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 223 б.
Бұл кітапта ежелгі дүниеден тартып, уақыт ағысына ілесе отырып, бүгінгі күнді көктей өтіп, алыс болашаққа шолу жасайтын тілдердің жалпы даму тарихы баяндалады. Тілдер қалай қалыптасып, қалай жойылады, олардың тағдыры неліктен әрқилы деген мәселе, түптеп келгенде, тілдерді қолданатын халықтың тіршілігімен тікелей байланысты. Былайша айтқанда, тіл мен тарих – бір-бірімен сабақтаса байланысқан егіз құбылыс. Демек, тарихи оқиғалар да халықтың сөйлеу тіліне байланысты өрбиді. Бұл еңбекте тілдің тарихтағы рөлін көрсету үшін, әлемдегі тілдерге қатысты үлкен мәселелермен қатар, көпшілікке көп белгілі емес, қалтарыста қалып келген тақырыптар да қамтылған
Читать

ИННОВАЦИЯ

Шваб, Клаус.
Төртінші индустриялық революция [Мәтін] = The Fourth Industrial Revolution : [монография] / К. Шваб ; ауд.: Н. Б. Ақыш, Л. Ә. Бимендиева, К. І. Матыжанов. — Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 198, [2] б. : сур.
Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз. Бүкіл әлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы және тұрақты президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған. Демек, бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған.
Читать

ӘДЕБИЕТТАНУ

Райан, Майкл.
Әдебиет теориясы = Literary Theory [Мәтін] : кіріспе / М. Райан ; [ауд.: Ә. Ахметов, Ә. Жапақ ; жауапты шығ. Ә. Жүсіпова]. — 3-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 291 б.
Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын – орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. Еңбек құрылымы америкалық және орыс формализмінен басталып, хронологиялық, эвристикалық сипатта берілген. Жаңашылдықты басты мақсат еткен ғалымдар осы кезге дейін жүйелі әңгіме арқауы болмаған өзекті мәселелерді молынан қамтып, іріктеп топтастырған.
Читать

Әдебиет теориясы = Literary Theory [Мәтін] : антология / ред.: Д. Ривкин, М. Райан ; [ауд. М. Ибрайымова ; жауапты шығ. А. Әліш]. — 3-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. 1-т. — . — 567 б.
Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар – біздің сыншыларымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі. Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады.
Читать

Әдебиет теориясы = Literary Theory [Мәтін] : антология / ред.: Д. Ривкин, М. Райан ; [ауд. А. Исембердиева ; жауапты шығ. Л. Асқар]. — 3-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. 2-т. — . — 371 б.
Кітап постструктурализм ағымын жан-жақты саралауға арналған философиялық толғамдарға және оның әдебиетпен, тіл білімімен, психологиямен арақатынасына арналады. Францияда пайда болып, АҚШ және неміс ғалымдарының зерттеулерінде көбірек көрініс тапқан постструктурализмнің қайнар көздері, оның жеке ағым ретінде өрістеуі әдебиеттегі трансгрессиялық, яғни бұзып-жару идеяларымен астарласа зерделенген. Жазу мен сөйлеудің байланысы, таңбаның классикалық теориясын жаңаша пайымдау, бейсаналық пен тіл, автор мен шығарма сияқты күрделі мәселелер кеңінен қозғалады.
Читать

Әдебиет теориясы = Literary Theory [Мәтін] : антология / ред.: Д. Ривкин, М. Райан ; [ауд. Ж. Жұмашова ; жауапты шығ. Д. Мұхамедиев]. — 3-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. 3-т. — . — 439 б.
«Әдебиет теориясы» антологиясының үшінші томы үлкен екі бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауларға бөлінген. Атап айтқанда, еңбек мәселесі, мемлекет пен идеология, тарихшылдық, тарих философиясы, құрылымдар, һабитус, ориентализм, отарлық, жаһандану, мәдени бірегейлік пен диаспора, аударма, эмпиризм, этика тәрізді ауқымды мәселелер теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді.
Уилиям Шекспир, Елизабет Бишоп, Макс Жакоб, Джон Галт, Элис Манро сияқты белгілі қаламгерлердің шығармалары жаңаша пайымдалады. Зерттеу еңбегіне арқау болған тың теориялық ұғымдар аталмыш оқулықтың құндылығын арттыратыны сөзсіз.
Читать

Әдебиет теориясы = Literary Theory [Мәтін] : антология / ред.: Д. Ривкин, М. Райан ; [ауд. А. Шәріп ; жауапты шығ. А. Шәріп]. — 3-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. 4-т. 450 б.
Бұл оқулықта ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазірге дейінгі әдебиет теориясының қалыптасуы, даму бағдары және оған ықпал еткен факторлар туралы жан-жақты түсінік беретін америкалық және еуропалық ғалымдардың эсселері топтастырылған.
Читать

Алпысбаева, Қ. Б.
Дала фольклорының антологиясы [Мәтін] : он томдық / ҚР Білім және ғылым м-гі, Ғыл. ком., М. Әуезов атын. әдебиет және өнер ин-ты; [құраст. С. И. Сәкен және т. б.; жалпы ред. басқ. К. І. Матыжанов]. — Алматы : Brand Book, 2019.
1-том : Батырлар жыры. — 555, [2] б.

Дала фольклоры антологиясының алғашқы томы батырлар жырына арналған. Оның «Көне эпос» деп аталатын бірінші бөліміне «Құламерген», «Дотан батыр» жырлары, «Батырлар жыры» деп аталатын екінші бөліміне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Ер Едіге», «Шора батыр» сияқты классикалық эпостың таңдаулы үлгілері топтастырылған. Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады. Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.
Читать

Алпысбаева, Қ. Б.
Дала фольклорының антологиясы [Мәтін] : он томдық / ҚР Білім және ғылым м-гі, Ғыл. ком., М. Әуезов атын. әдебиет және өнер ин-ты; [құраст. С. И. Сәкен және т. б.; жалпы ред. басқ. К. І. Матыжанов]. — Алматы : Brand Book, 2019.
2-том : Батырлар жыры. — 570, [1] б. 

Дала фольклоры антологиясының 2-томына атақты жыршы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы орындауынан 1939-1948 жылдары жазып алынған «Қырымның қырық батыры» жырлар топтамасының үлгілері енгізілді. Бұл эпикалық циклде Алтын Орда және оның орнында пайда болған түркі мемлекеттері тарихының XIV-XVII ғасырлардағы ірі оқиғалары көркем баяндалған. Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады. Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.
Читать

БИЗНЕС

Бове, Куртланд Л.
Қазіргі бизнес-коммуникация = Business Communication Today [Мәтін] : монография / К. Бове, Д. Тилл ; [ауд. А. Қуанышбекова ; жауапты шығ. М. Бисенбаева]. — 14-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 735 б. : сур.
Коммуникация саласының белгілі мамандары ұсынған қолыңыздағы кітапта бизнес-коммуникацияға қатысты маңызды мәселелер, практикалар мен ұсыныстар кең ауқымда талқыланған. Бұл кітаптың 14-басылымы болғандықтан, қалыптасқан дәстүр жалғасып, оқытуды жеңілдетуге, белсенді білім алуға мүмкіндік беретін, сыни тұрғыда ойлануды жетілдіруге қажет теңдессіз механизмдер жиынтығы енгізілген. Әр тараудың басы мен аяғында жетекші компаниялардағы даму сатылары түрлі мысалдармен беріліп, карьера жасағысы келген және оны әрі қарай дамытуды көздеген бизнес иелері үшін таптырмас бизнес-тәжірибе үлгілері, толымды зерттеулерге бай материалдар ұсынылған.
Читать

Кром, Михаил Маркович.
Тарихи антропология : оқу құралы / М. М. Кром ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд. Р. Рақымқызы, 2020. — 201, [2] б.
Оқу құралы оқырмандарды заманауи тарихи зерттеулердегі аса ықпалды бағыттардың бірімен таныстырады. Мұнда антропологиялық бағыттағы тарихтың бастапқы (менталдылық тарихы) түрлерінен бастап, кейінгі түрлеріне (микротарихтар, күнделікті өмір тарихы, жаңа мәдени тарих) дейін қамтылған.
Читать

Лурье, Светлана Владимировна. Тарихи этнология : оқулық / С. В. Лурье ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Ж. О. Артықбаев және т .б., 2020. — 499, [1] б.
Бұл оқулықта психологиялық антропология, этнопсихология, мәдениеттану, этнос экологиясы, дәстүртану тарихы баяндалады. Әлемнің этностық картинасы, оның құрылымы мен өзгеру механизмдері және функционалдық этносішілік конфликт, этностың өзін-өзі құрылымдауы теориялары орыс, армян, ағылшын, фин, түрік халықтарының тұрмысынан алынған тарихи очерктермен жан-жақты дәйектеліп беріледі.
Читать

Хилл, Чарльз.
Халықаралық бизнес: жаһандық нарықтағы бәсеке = International Business: Competing in the Global Marketplace [Мәтін] : оқулық / Ч. Хилл, Т. Халт ; [ауд.: А. Алманова және т.б. ; жауапты шығ. А. Оспанбай]. — 12-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 693 б.
«Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл – «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы. Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары егжей-тегжейлі талқыланған. Осы тақырыптар әр тарауда кейстермен толықтырылып, теория мультиұлттық компаниялар тәжірибесімен өрнектелген.
Читать

Шағын бизнестегі менеджмент: кәсіп бастау және венчурді дамыту [Мәтін] : оқулық / Ж. Лонгенекер; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: А. Қуанышбекова, Д. Б. Мәзен]. — 18-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 703, [1] б. 
Шағын бизнес – дүниежүзілік экономиканың басты тірегі. Әлемдегі қаражаттың көбі алпауыт компанияларда емес, үй жанындағы шағын дүкендерде, гүл сататын дүңгіршектерде, кішкентай кофеханалар мен тігін шеберханаларында айналып жатыр. Әр адам ұдайы көлігінің майын ауыстырып, оны жуғызады, сансыз рет жақындарына гүл сыйлайды, таңғы шайға тәтті тоқаш сатып алады, көйлегінің етегін қысқартып, үйін жөндетеді. Осының бәрін шағын бизнес субъектілері атқарады. Қолыңыздағы оқулық Америка Құрама Штатындағы шағын бизнеске қатысты заңнамаға сүйеніп жазылғанмен, бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлердің өмірі мен табысқа жету құпиясынан сыр шертеді. Бұл еңбек адам бойындағы кәсіпкерлік «өзекті» тани білуден бастап, кәсіпорынды құру, өсіру, дамыту, тіпті мұраға қалдыру сынды кезеңдердің бәрін мысалдармен, кейстермен толықтыра отырып егжей-тегжейлі сипаттайды. Оқулық экономика, менеджмент, кәсіпкерлік бағытында білім алып жатқан студенттерге және кәсіпкерлік табиғаты туралы тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға арналады.
Читать

ТАРИХ

Данн, Росс.
Panorama: Дүниежүзі тарихы = Panorama a World History [Мәтін] : монография / Р. Е. Данн, Л. Дж. Митчелл ; [ауд.: Р. Исаева, Ұ. Кенжебаева, Ж. Қожабекова және т. б. ; жауапты шығ. Қ. Сімәділ]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. 1-кітап. — 531 б.
Бірінші кітап төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімде адамзат тарихының кең шалқыры кезең-кезеңімен суреттеледі. Адамзаттың дамуын, дүниежүзін игеруін, ықпалды мемлекеттер құруының көне дәуірден басталған қилы кезеңдерін жан-жақты зерттеп, бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды
Читать

Данн, Росс.
Panorama: Дүниежүзі тарихы = Panorama a World History [Мәтін] : монография / Р. Е. Данн, Л. Дж. Митчелл ; [ауд.: Р. Исаева, Г. Жолдасбаева, Ж. Қожабекова және т. б. жауапты шығ. Қ. Сімәділ]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. 2-кітап. — 491 б.
Екінші кітап үш бөлімнен тұрады және әр бөлімде адамзат тарихының даму жолы кезең-кезеңімен суреттеледі. Жаңа заман және қазіргі заман тарихынан бүгінгі күнге дейінгі адам баласы жүріп келе жатқан жол осы кітапта жан-жақты және бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды.
Читать

Репина, Лорина Петровна.
Тарихи білім тарихы : академиялық бакалавриатқа арн. оқулық / Л. П. Репина, В. В. Зверева, М. Ю. Парамонова ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд. Е. Ұ. Ұстағалиев, 2020. — 201, [2] б.
Кітапта архаикалық дәуірден біздің заманымызға дейінгі тарихи сананың қалыптасуы мен тарихи ойдың эволюциясы, тарихи білімнің кәсібилену процесі, оның ғылым пәні ретінде орнығуы кешенді түрде қарастырылып, тарихнама бойынша негізгі мектептер мен бағыттардың сипаттамасы беріледі әрі тарихты зерттеудің мәселелері, әдіснамасы, пәні мен міндеттерін түсінудегі өзгерістер жан-жақты зерделенеді.
Читать

Харари, Ювал Ноаһ.
Homo Deus: Болашақтың қысқаша тарихы [Мәтін] = Homo Deus: A Brief History of Tomorrow : монография / Ю. Н. Харари ; [жауапты шығ. Н. Омарбек ; ауд. Е. Әбдіраман]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 434, [1] б.
Бұл еңбек Ювал Ноаһ Хараридың дүниежүзіндегі барша оқырманның таңданысын тудырған «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» деп аталаты н алғашқы кітабының жалғасы іспеттес. Жақын болашақта Google мен Facebook талғамымыз жайлы өзімізден де арты қ біліп, компьютерлер еңбек нарығынан миллиардтаған адамды ығыстырып шығарса не істейміз? Технологияларды меңгерген адамзаттың жойқын кушінен Жерді қалай сақтап қаламыз? Гендік инженерияны дін қалай қабылдайды? Мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдай болуға деген ұмтылысымыз XXI ғасырда іске аса ма? Осы тақы леттес өзекті сұрақтарға жауап беруге тырысқан бұл еңбекте бүгінгі күннің дилеммалары талқыланып, жан-жақты қарастырылған.
Читать

Харари, Ювал Ноаһ.
XXI ғасырға 21 сабақ [Мәтін] = 21 Lessons for the 21st Century : монография / Ю. Н. Харари ; [жауапты ред., ауд. Қ. Сімәділ ; ауд.: Е. Искаков, М. Сеңгірбай]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 382, [2] б.
Тарихшы бұл еңбегінде бүгінгінің мынадай өзекті мәселелерін қаузайды: Заманауи оқиғалардың түп маңызы не? Либералдық демократия неге дағдарысқа ұшырады? Компьютер алгоритмдерінің құлы болмау үшін не істеу керек? Экологиялық қауіп-қатерден аман қаламыз ба? Дінге шынымен де қайта оралдық па? Терро ризммен қалай күресеміз? Жаңа жаһандық соғыс бастала ма? XXI ғасырдың осындай сын-қатерлеріне төтеп бере алса ғана адам баласы келесі ғасырларда Жер деп аталатын ғаламшарда тіршілігін жалғастыра бермек.
Читать

Хаммерсли, Мартин
Этнография: зерттеу принциптері [Мәтін] : оқулық / М. Хаммерсли, П. Аткинсон; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: А. Мусина, Н. Тажқұран]. — 4-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 397, [3] б.
М. Хаммерсли мен П. Аткинсонның «Этнография: зерттеу принциптері кітабы – этнография саласындағы тың тақырыптарды зерделеу арқылы ғылымның дамуына зор үлес қосқан, оңдаған жылға созылған еңбектің жемісі. Этнографияның теориясы мен практикасы бірдей қамтылған еңбекте авторлар кeйcтepдi таңдау және іріктеу, деректерге қол жеткізу, далалық зерттеулер мен сұхбаттар жүpгiзy, дepeктepдi жинау және жүйелеу сияқты этнографиялық зерттеудің негізгі құралдары мен тәciлдepiнe кеңінен тоқталады, этнографиялық зерттеудің жүргізудің этикалық мәселелерін де қарастырады. Кітапта классикалық еңбектермен қатар, соңгы кезде жүpгiзiлгeн зерттеулерге де сілтеме жасалып, көп мысал кeлтipiлeдi. Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сондайақ этнографиялық зерттеу әдicтepiнe ден қойган мамандарға арналған.
Читать

Смит, Энтони Д.
Ұлттың этностық тамыры [Мәтін] : оқулық / Э. Смит ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд.: И. Алибаева, А. Оспанбаева, М. Ж. Сеңгірбай]. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 383, [4] б.
«Ұлттың этностық тамыры» — халықтар мен этностар тақырыбында жазылған халықаралық деңгейдегі зерттеулердің іргетасына айналған ғылыми еңбек. Кітапта халықтардың шығу тегі мен ыдырауы, аман калуы мен қазіргі заман көшіне ілесуінің түпкі себептері жан-жақты зерттелген. Халықтардың энтос ретінде бекуінің негізгі үш өзегі — халықты ұйыстыратын діні, тілі және атамекеннің ықпалын егжей-тегжейлі зерттей келе, тарихтан ойып орын алған немесе аты мәңгіге өшкен халықтардан мысал келтіреді. Небір сын сағатты бастан өткерген этностар генеалогиясына үңіле отырып, этни, этнос, ұлт ұғымына жеке-жеке тоқталады. Энтони Смиттің бұл еңбегі жоғары оқу орындары студенттеріне, зерттеушілер мен жалпы оқырман қауымға арналады.
Читать

Джорданова, Людмила
Тарихи білім: пәні және зерттеу әдістері [Мәтін] : оқулық / Л. Джорданова ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев ; ауд.: Ә. Тілеужанқызы, А. Қ. Жүндібаева. — 4-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 374, [2] б.

Кітапта тарихи білімнің қалыптасу, қолданылу және өзгеру процестері сипатталады. Тарих пәнінің әдістері, тарихи зерттеуді тиімді жүргізу тәсілдері, тарихи тәжірибенің қазіргі жетістіктері мен әлі де зерделеуді қажет ететін тақырыптары талданады. Еңбек оқырманға тарих пәнінің негізгі мәселелері туралы түсінік беру, олардың ауқымды контексте қарастыру және тарихшылардың қандай жұмыс атқаратынын анықтау сияқты негізгі үш мақсатты көздейді. Сонымен бірге әлеуметтік ғылымдардағы тарихтың рөлі, қоғамдық тарих мен оның түрлері, тарихи білім саласын түдегейлі өзгертетін цифрлық технологиялар мен ресурстарды пайдалану, цифрлық тарихтың тәсілдері, олардың маңызы және тарихшыларға қажетті машықтар кеңінен қарастырылады.
Читать

ҚҰҚЫҚТАНУ

ДиМаттео, Ларри А.
Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу = International Business Law and the Legal Environment: A Transactional Approach [Мәтін] : оқулық / Л. ДиМаттео ; [ауд.: К. М. Абишова және т.б. ; жауапты шығ. Н. Е Тажқұран]. — 3-бас. — Алматы :
«Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 651 б.
Доктор Ларри Алан ДиМаттеоның бизнес факультеті студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу» оқу құралының үшінші басылымында халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Бұл кітап болашақ кәсіпкерлер мен заңгерлерге ғана емес, сонымен бірге халықаралық сауда-саттық мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырманға пайдалы. «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта» оқулығы бизнес факультеті студенттерінің халықаралық деңгейде бизнес жүргізуді реттейтін құқықтық принциптерді түсінуіне жол ашады.
Читать

Шо, Малколм Н.
Халықаралық құқық = International Law [Мәтін] : оқулық / М. Шо ; [ауд. О. Кенжебаев ; жауапты шығ. З. К. Башбаева]. — 8-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019.
1-кітап. — 583 б.
Бұл кітап – халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 10 тараудан тұратын бірінші кітапта халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің нормалары салыстырылады, өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері сөз болады. Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады.
Читать

Шо, Малколм Н.
Халықаралық құқық = International Law [Мәтін] : оқулық / М. Шо ; [ауд.: О. Кенжебаев, Ұ. Кенжебаева ; жауапты шығ. З. К. Башбаева]. — 8-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. 2-кітап. — 623 б.
Бұл кітап – халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері жан-жақты сипатталатын, халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 12 тараудан тұратын екінші кітапта халықаралық құқықтағы юрисдикция, иммунитет, мемлекеттердің жауапкершілігі, мемлекеттердің мұрагерлігі, дауларды бейбіт шешу жолдары, шарттардың құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат қамтылған.
Читать

Шоу, Малкольм Н.
Международное право [Текст] : учебник / М. Шоу. — 8-е изд. — Алматы : ОФ «Ұлттық аударма бюросы», 2019.
Т. 1 = International Law. — 639, [1] с.
Эта книга является одним из самых ценных учебников по международному праву. Первая книга, состоящая из 10 глав, определяет понятия в области международного права, сравнивает нормы различных правовых систем, обсуждает специфику и основные принципы. Философские и социальные взгляды на возникновение и развитие международного права, роль международных судов и трибуналов иллюстрируются конкретными примерами.
Читать

Шоу, Малкольм Н.
Международное право [Текст] : учебник / М. Шоу. — 8-е изд. — Алматы : ОФ «Ұлттық аударма бюросы», 2019.
Т. 2 = International Law. — 715, [1] с.
Эта книга является одним из наиболее ценных учебников по предмету международного права, в котором определяются понятия в области международного права и подробно описываются особенности и основные принципы различных правовых систем. Вторая книга, состоящая из 12 глав, содержит обширную информацию о юрисдикции в международном праве, иммунитете, ответственности государств, правопреемстве государств, мирном разрешении споров, правах и обязанностях договоров.
Читать

Эндрюс, Нил.
Азаматтық іс жүргізу : оқулық. I-том: 1-кітап : Сот өндірісі, 2020. — 413, [3] б.
Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның құқық жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінетін қазіргі таңда кітаптың берер мағлұматы мол.
Читать

Эндрюс, Нил.
Азаматтық іс жүргізу : оқулық. I-том: 2-кітап : Сот өндірісі, 2020. — 486, [2] б.
Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның құқық жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінетін қазіргі таңда кітаптың берер мағлұматы мол.
Читать

Эндрюс, Нил. Азаматтық іс жүргізу : оқулық. II-том : Медиация және арбитраж, 2020. — 407, [1] б.
Оқулықтағы ауқымды сыни және принципті түсіндірулер Англияның ғана емес, шетелдік азаматтық іс жүргізу құқығындағы әдіс-тәсілдерге сүйене отырып жасалған. Дауларды реттеу тәжірибесі талқыланған: мемлекеттік, жеке, сот және бітімгерлік – сот және арбитраж жүйесі, сондай-ақ медиацияның дамып келе жатқан техникасы туралы түсінік қалыптастырады.
Читать

Эндрюс, Нил. Келісімшарт ережелері: Ағылшын құқығына түсініктеме : монография / Н. Эндрюс ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд. Е. Ысқақов, 2020. — 479, [1] б.
Танымал ағылшын заңгері, құқықтанушы Нил Эндрюс бұл еңбегін ағылшын келісімшарт құқығы тақырыбына арнаған. Халықаралық мәмілелер жасасатын тараптар өзара қатынастарды реттеу құралы ретінде көп жағдайда ағылшын құқығына басымдық беретіні белгілі.
Читать

ПЕДАГОГИКА

Битэм, Элен.
Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу = Rethinking Pedagogy for a Digital Age [Мәтін] : XXI ғасырдағы оқыту дизайны / Э. Битэм, Р. Шарп ; [ауд. А. Б. Омарова ; жауапты ред. А. Б. Айтбаева]. — 2-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 326 б.
Цифрлық дәуірдегі педагогиканы қайта қарастыру цифрлық білім берудің заманауи практикасының негізінде жатқан теориялық және кәсіби перспективаларды сыни талқылау арқылы тиімді оқытуды жобалау мен қамтамасыз етудің заманауи мәселелерін қарастырады. Бұл үшінші басылым әлеуметтік-мәдени көзқарастарды, оқыту аналитикасын, оқу бағдарламаларының өзгеруін және білім беру саласындағы негізгі теориялық әзірлемелерді қарастыру үшін мұқият қайта қаралды. Әр түрлі зерттеушілер, практиктер мен оқытушылар үшін әртүрлі пәндер мен континенттер туралы тақырыптық зерттеулермен суреттелген бұл кітап педагогикалық тұрғыдан негізделген, студенттерге бағытталған және қол жетімді оқыту технологиясының маңызды нұсқаулығы болып табылады.
Читать

Битэм, Элен.
Переосмысление педагогики для цифровой эпохи. Дизайн в обучении XXI века [Текст] = Rethinking Pedagogy for a Digital Age. Designing for 21st Century Learning : учебник / Х. Битэм ; [пер. С. К. Омарова ; отв. ред. Б. З. Отарбаева]. — 2-е изд. — Алматы : ОФ «Ұлттық аударма бюросы», 2019. — 351, [1] с.
В учебнике рассматриваются такие вопросы, как развитие педагогики в XXI веке, индивидуальный подход в обучении, доступное и эффективное планирование учебного процесса, а также проекты, направленные на их осуществление. Изучая учебную деятельность в контексте электронных и мобильных технологий, авторы подробно описывают техно-ориентационное будущее образования.
 
Читать

Шунк, Дейл Х.
Оқыту теориясы: білім беру көкжиегі = Learning Theories: An Educational Perspective [Мәтін] : оқулық / Д. Шунк ; [ауд. Б. М. Мизамхан ; жауапты ред. А. Б. Айтбаева]. — 7-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 607 б.
Бұл еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми- зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады. Кіріспеде оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері мен мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихи негіздері қамтылса, кейінгі тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректерді кодтау және сақтау, конструктивизм т.б. теориялар талқыланады.
Читать

Григг, Рассел
Бастауыш мектеп мұғалімі: шеберлікті шыңдау [Мәтін] : оқулық / Р. Григг ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б; ауд.: Ш. Бағиева, Б. Төлімбет]. — 2-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 599, [1] б.
Бұл бестселлер нұсқаулық Англияның оқу бағдарламасындағы соңғы өзгерістерді, соның ішінде 2014 жылғы Мемлекеттік білім бағдарламасын және Шотландияның Мемлекеттік білім бағдарламасы жобасын жан-жақты талдай отырып жазылған. Автор гуманитарлық ғылымдар докторы Рассел Григг теорияға, зерттеулерге және нақты сынып тәжірибесінің мысалдарына (кейс-стади) сүйене отырып, бастауыш мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдау үшін не қажет екенін жан-жақты талқылайды. Кітап педагогика саласының студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ ізденіс үстіндегі тәжірибелі мұғалімдерге арналған.
Читать

Поллард, Эндрю
Рефлективті оқыту негіздері [Мәтін] : оқулық / Э. Поллард ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд. О. Кенжебаев]. — 5-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 726, [2] б. 

Бұл кітапта мұғалімдердің кәсіби білігін көтеру, соның ішінде мектепке практикалық даярлықтан өту және үздіксіз кәсіби даму әдістері баяндалады. Мұғалімнің сабақ беруі, оқушылармен қарым-қатынасы және олардың іс-әрекеті мінез-құлқын зерттеуі, сондай-ақ оқу барысын бағалау процестері жөніндегі жан-жақты нұсқаулық. Рефлективті оқыту әдістері бастауыш мектеп пен негізгі мектепке мұғалімдер даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл басылымдағы қосымша материал ретінде берілген нұсқаулықтар мен веб-сайттарда тәжірибелі мұғалімдердің көп жылғы тәжірибесі ескерілген. Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы бағыттағы зерттеушілер мен сала мамандарына арналған.
Читать

МАРКЕТИНГ

Котлер, Филип Т.
Маркетинг негіздері = Principles of Marketing [Мәтін] : оқулық / Ф. Котлер, Г. Армстронг ; [ауд.: Б. Абдулхалим және т.б.; ауд Г. Досмухамбетова]. — 17-бас. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 735 б.
Тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру, тұтынушы тарту, оны ұстап тұру, тұтынушыны қандай да бір брендтің клиентіне айналдыру жолдары мен тәсілдері, әлемдегі, елдегі, қала берді қала мен аудандағы оқиғалар мен өзгерістерге ілесіп отыру, оларды өз пайдасына жарату, соған бейімдеп кампания ұйымдастыру, нәтижесін қадағалау – маркетолог жұмысының әр сатысы, әр қадамы нақты мысалдармен, кейстермен бекітіліп сипатталады.
Кітап экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.
Читать

МӘДЕНИЕТТАНУ

Гомбрих, Эрнст.
Өнер тарихы = The Story of Art [Мәтін] : монография / Э. Гомбрих ; [ауд. Б. Е. Умарбеков ; жауапты шығ. С. Ж. Үркінбаев]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 678 б. : сур.
Австрия және ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» алғаш рет 1950 жылы басылған. Содан бері әлемдік бестселлерлер қатарында аталатын, Өнер тарихына арналған еңбектердің ішіндегі ең танымалы саналатын туынды 16 мәрте қайта басылып, әлемнің 30 тілінде 8 миллион данамен таралған. Кітапта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалады.
Читать

Саид,Эдуард.Уади.
Ориентализм = Orientalism [Мәтін] : монография / Э. У. Саид ; [ауд.: Т. Муктаров, Қ. Аманжол ; жауапты шығ. Т. Муктаров]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 326 б.
Бұл кітап гуманитарлық білімге өзгеше ықпал жасап, постколониалдық зерттеулерге негіз салды. Автор еңбегінде бұл тақырыпқа арналған көп зерттеулер Шығыстың шынайы келбетін ашып көрсете алмайтынын, Шығыс әлемі жайлы кез келген ой белгілі бір сүзгіден өтіп барып жарияланатынын айтады. Дәлел ретінде Ұлыбритания, Франция, АҚІІІ ғалымдарының ориенталистік мәтіндерін мысалға келтіреді. «Батысқа өзін ерекшелеу үшін оған қарама-қарсы әлем керек болды. Батыс ол үшін Шығысты пайдаланды, өзіне тиімді түсінікті қалыптастыруға күш салды», — дейді автор.
Читать

Балм, Кристофер.
Театртану кіріспе : монография / К. Балм ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд. Е. Жеңісұлы, 2020. — 221, [3] б.
Автор әдіснама, зерттеу әдістері мен тәсілдері мәселелеріне назар аударады. Кітаптың кіріспесі және 3 бөлімі, 12 тарауы бар. Жалпы арнайы пән пайда болғанға дейін театртанудың негізгі бөлігін Еуропа драмасының «алтын ғасырын» және классикалық Грекия, Шекспир, Мольер немесе Веймар классицизмі драматургиясын зерттеумен айналысқан әдебиет зерттеушілері қарастырды.
Читать

Больман, Филип.
Әлем музыкасының тарихы : монография. 1-бөлім, 2020. — 458, [2] б.
Осы кітапта жинақталған мақалалар оқырманға Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы байланыстар мен назар аударуға тұрарлық елеулі сәттерді ұсынады. Авторлардың жинақта ұсынылған мақалаларында мәдени қақтығыстар мен кикілжіңдер, ежелгі өркениеттерден бастап, ғылымның өзегі болған орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдардың теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы жан-жақты қарастырылған.
Читать

Больман, Филип.
Әлем музыкасының тарихы : монография. 2-бөлім, 2020. — 385, [3] б.
Осы кітапта жинақталған мақалалар оқырманға Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы байланыстар мен назар аударуға тұрарлық елеулі сәттерді ұсынады. Авторлардың жинақта ұсынылған мақалаларында мәдени қақтығыстар мен кикілжіңдер, ежелгі өркениеттерден бастап, ғылымның өзегі болған орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдардың теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы жан-жақты қарастырылған.
Читать

Бордуэлл, Дэвид.
Кино өнеріне кіріспе : монография / Д. Бордуэлл, К. Томпсон, Д. Смит ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: М. С. Ибраемова, Ұ. Е. Кенжебаева, А. Қ. Әлжан, 2020. — 726, [2] б.
Алты бөлімнен тұратын бұл кітап – авторлардың қырық жыл бойы ізденіп жазған сапалы да мазмұны зор ауқымды еңбегі. Кітапта фильм өндірісі процесінің әртүрлі аспектілері, кино технологиясы, жұмыс жүргізу мен оның бизнеске қатысты тұсы және фильм формасы кеңінен сөз болады. Фильм жасау техникалары: мизансцена, кинематография, монтаждау тәсілдері көптеген мысалдарды орайластыра отырып талданады.
Читать

Борев, Юрий.
Эстетика : оқулық / Ю. Борев ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Ә. Қ. Бөпежанова, Қ. Ғ. Аманжол, 2020. — 405, [3] б.
Автор өнер дамуының табиғаты, болмысы, тууы және теориялық тарихы проблемаларын түсіндіре отырып, тыңнан зерделеуге жол ашады. Әсемдік, асқақтық, трагедиялық, комедия-лық категориялары жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдалады. Теориялық ережелер әлемдік өнер тарихының құнды материалдарымен берілген.
Читать

Делөз, Жил.
Кино : монография. 1 том : Қозғалыс бейне, 2020. — 300, [4] б.
Француз философы Жил Делөз (1925–1995) «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегінде кино тарихын емес, кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды.
Читать

Делөз, Жил.
Кино : монография. 2 том : Уақыт-бейне, 2020. — 365, [3] б.
Француз философы Жил Делөз (1925–1995) «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегінде кино тарихын емес, кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды.
Читать

Филд, Сид. Киносценарий.
Сценарий жазу негіздері : оқулық / С. Филд ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд. Г. С. Жолдасбаева, 2020. — 246, [2] б.
«Киносценарий. Сценарий жазу негіздері» – концептіден дайын сценарийге дейінгі сатылы нұсқаулық. Бұл – маманданған әрі сценарий жазуды жаңа бастап жүрген сценаристерге арналған кәсіби оқулық.
Автор шығарманы сценарийге бейімдеу тәсілінен бастап идеяны дамытып, кейіпкер қалыптастырып, кезең-кезеңімен жазу жолын көрсетеді.
Читать

Фрейлих, С. И. Кино теориясы: Эйзенштейннен Тарковскийге дейін : монография / С. И. Фрейлих ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Ә. Н. Меңдеке және т. б., 2020. — 410, [2] б.
«Кино өнерінің теориясы» курсына арналған оқулық. Авторы – кино өнерінің белгілі теоретигі әрі оның тарихын зерттеуші, ол өз тұжырымдамасында киноны ХХ ғасырдың өнеріне балайды; сондай-ақ бүгінгі адамзаттың рухани әлеміндегі киноның алар орнына баға береді.
Читать

Эльзессер, Томас.
Кино теориясы: сезім тұрғысынан кіріспе : монография / Т. Эльзессер, М. Хагенер ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд.: Г. С. Жолдасбаева, М. Төлеген, 2020. — 229, [2] б.
Кітапта кино теориясына тарихи шолу жасалады. Авторлар киноны қабылдау мен тән арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қарастырады және терезе мен жақтау, есік, айна, көз, тері, құлақ және мисияқты жеті концептуал метафора негізінде саралайды. Қорытынды тарауда цифрлық дәуірдегі кинематографиялық тәжірибені зерттеу жолдары көрсетіледі.
Читать

САЯСАТТАНУ

Трагер, Роберт.
Дипломатия коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері = Diplomacy Communication and the Origins of International Order [Мәтін] : монография / Р. Трагер ; ауд.: Е. Искаков, А. Рыскиева, Г. Асанова ; жауапты шығ. А. Рыскиева. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 255 б.
Роберт Трагердің бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді. Кітаптың басты зерттеу нысаны – «құпия дипломатия» және оның механизмдері.
Бұл еңбекке Британ империясының көпжылдық дипломатиялық байланыстар тарихынан сыр шертетін «Құпия жазбалар» деген атпен белгілі мұрағат деректері арқау болған.
Читать

Андерсон, Джеймс Э.
Мемлекеттік саясат [Мәтін] : оқулық / Д. Андерсон ; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б.; ауд. Х. Ғ. Масадиков]. — 8-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 447, [1] б.
Мемлекеттік саясаттың негіздеріне арналған бұл еңбек саясат қалыптастыру және заң дайындау процесіне ден қояды. Кітапта мәселені анықтауға күн тәртібін белгілеу мен мемлекттік саясатты қалыптастыруға түрлі факторлардың қалай әсер ететіні сараланады. Әр тарауда негізгі ұғымдар мен идеялар қарастырылып, олардың қалай қолданылатыны нақты мысалдар негізінде талданған. АҚШ-тың мемлекеттік саясатындағы процестерге басымдық берген бұл басылымда экономикалық дағдарыс жағдайында шешім қабылдау мәселесі, сондай-ақ мемлекттік саясатты қалыптастырудағы Обама әкімшілігі мен Буш әкімшілігінің ерекшеліктері салыстырылады. Оқулық саясаттану мамандығын таңдаған студенттерге және мемлекеттік саясат туралы тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.
Читать

Хейвуд, Эндрю
Саясаттану [Мәтін] : оқулық / Э. Хейвуд; [ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т.б. ; ауд.: Е. Әбдіраман]. — 5-бас. — Нұр-Сұлтан : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2020. — 518, [2] б.
Саяси ғылымга кіріспе бойынша үздiк окулық саналатын Эндрю Хейвудтың «Саясаттануы» «саясат» ұғымы мен құбылысы туралы түсiнiк және саясаттану жөніндегі қарама-қайшы көзқарастарға сипаттама береді. Автор саяси идеяларды негізгі идеологиялар тұрғысынан қарастыра отырып, мемлекеттің саясаттағы рөліне, легитимдіктің маңызына, мемлекеттің басқару жүйелеріне, ұлтшылдықтың негізі теорияларына тоқталады. Саясаттағы өзара байланыс — саясат пен экономика, мәдениет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа; сондай-ақ мемлекеттің басқару механизмдерi мен процестерiне, iшкi және халықаралық саясаттың түйісуі және жаhандық саясат мәселелеріне талдау жасалады. ХХI ғасырдағы әлемдiк саяси тәртіптің өзгеруi, жаhандық басқару және оның тиiмдiлiгi, дәстүрлi саясаттың кемшiлiктерi баяндалады. Бүгiнгi саясат пен саясаттануға кiрiспе ретiнде жан-жақты мағлұмат беретiн оқулықтың осы бесiншi басылымы саясаттану бөлiмiнде оқитын студенттерге, сондай-ақ осы пәнге қызығушылық танытушы оқырманға арналған.
Читать

Қазақ тілі

Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі [Мәтін] : сөздік / [ред. басқ., құраст. Ш. Құрманбайұлы ; құраст.: С. Исақова, Б. Мизамхан, Г. Әлімбек]. — Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. — 592, [4] б.
Бұл сөздікте қазақ тіліне шет тілдерден енген 9 мыңға жуық сөз қамтылды. Сөздікке жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен кең тараған терминдер алынып, олардың мағынасы түсіндірілді және шығу тегі көрсетілді. Ұсынылып отырған сөздік – қазақ тіліне латын, грек, ағылшын, француз, араб, парсы, испан, неміс, орыс, итальян, қытай̆, моңғол, португал және өзге де тілдерден әр кезеңде енген кірме сөздерді барынша кең қамтып отырған алғашқы көлемді еңбек. Сөздік мектеп оқушылары мен студенттерге, түрлі сала мамандарына, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Читать

Наука


О’Лири, Зина. Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нұсқаулық : монография / З. О’Лири ; ред. алқа Қ. Е. Көшербаев және т. б. ; ауд. Ж. Жұмашева, 2020. — 470, [2] б.
Зерттеу саласында қамтуға болатын бақылау тізімі, зерттеу процесін жан-жақты ашатын авторлық видеороликтер, негізгі концепцияларды бекіте түсетін қосымша әдебиеттер, тақырыпқа қатысты бағдарламалық құрал мен онлайн құралдарды көрсететін уеб сілтемелер, басқа да көптеген үлгілер, мысалдар жұмыстың әр қадамын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Читать

Яндекс.Метрика