«Мерзімді басылымдар» тарауы туралы не білу қажет
Құрметті оқырмандар, кітапхананың бұл тарауында біздің Университет жазылған мерзімді басылымдардың тізімі көрсетілген. Бұл тізімде 100-ден астам қазақстандық журнал, оның ішінде 50-ден астамы қазақ тілінде; 150-ден астам ресейлік журнал, сонымен қатар «National Geographic», «The Economist», «Speak Out» сияқты белгілі журналдар бар. Бұдан басқа Университет биыл жазылған 50 газеттің тізімін де көре аласыз.
Ғылыми басылымдар және басқа да құжаттар түрлері оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру қағидасы негізінде сатып алынады Өтініш нысанын осы жерден жүктеп алуға болады.
2023 жылға сатып алуға болатын газеттер мен журналдардың тізімін қоса берілген файлдардан қараңыз:
Мерзімдік басылымдар залының журналдары мен газеттерінің тізімі
![]() Журнал тізімдерін жүктеу | Мерзімді басылымдар 2023 | ![]() Газет тізімдерін жүктеу |
![]() Журнал тізімдерін жүктеу | Мерзімді басылымдар 2022 | ![]() Газет тізімдерін жүктеу |
![]() Журнал тізімдерін жүктеу | Мерзімді басылымдар 2021 | ![]() Газет тізімдерін жүктеу |
![]() Журнал тізімдерін жүктеу | Мерзімді басылымдар 2020 | ![]() Газет тізімдерін жүктеу |
![]() Журнал тізімдерін жүктеу | Мерзімді басылымдар 2019 | ![]() Газет тізімдерін жүктеу |
Сонымен қоса біздің бюллетендер мен хабаршылар рубрикасында басқада мерзімді басылымдардың онлайн форматымен таныса аласыздар (толығырақ осы жерде).
Индекстелген шетел ғылыми журналдарын іздеу үшін Scopus, Elsevier, Springer, Oxford Academic Journals дерекқорларын және біздің кітапханамызда еркін қол жетімді басқа дерекқорларды пайдалануды ұсынамыз. Толығырақ осы жерде.
Одан бұрын шыққан басылымдар кітапхананың кітап сақтау қорында сақталады, оларды Электронды каталог арқылы тауып, кітапханашы-менеджерге тапсырыс беріңіз.
Сұрақтарыңыз болса, кері байланыс формасын пайдаланыңыз, сонымен қатар кітапхана@kaznu.kz электрондық поштамызды пайдалана аласыз немесе Instagram немесе Facebook әлеуметтік желілеріне жаза аласыз.