IEEE семинары қалай өтті? Семинардан қатысушылар не білді? Сертификатты қалай алуға болады?

IEEE техникалық мамандар қоғамдастығының семинары Әл-Фараби кітапханасында өтті.

Семинарға ҚазҰУ профессорлары,  докторлар (Рhd), ғылыми мамандар,  сонымен қатар, басқа да жоғары оқу орындарының мамандары, сондай-ақ М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дан келген қонақтар қатысты.

Семинарда индекстелген IEEE электрондық қоры арқылы  (өту үшін осы жерді басыңыз) тиімді мақала жариялау үшін қалай оны дайындау керек деген әр түрлі сұрақтар қойылып, ашық түрдегі журналдар, мақалалар мен материалдарды іздеу, іріктеу бойынша шеберлік сабақ көрсетілді. IEEE өкілі Әсел Жарасова тыңдаушыларды мақала дайындау бойынша IEEE Author Center (өту үшін осы жерді басыңыз) журналының техникалық талаптарына сәйкес арнайы ресурстармен таныстырды.

Семинар соңында қатысушыларға әдеттегідей Кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Кім және қалай сертификат алады?

1. Сертификатты семинарға қатысқан әрбір қатысушы алады.

2. Атаулы сертификаттарды 22.11.2019 дейін онлайн тіркеуден откен және семинарға қатысқан адам алады.

3. Барлық қатысушылар 22.11.2019 кейін тіркеуден өткен және семинарға қатысқан аты-жөні толтырылмаған сертификаттар алады (сертификатта аты-жөні толтырылатын бос бағана бар).

4. Семинарға тіркеусіз келген қатысушылар семинар күні тіркеуден өтіп, көрсетілген пошта арқылы сертификат жіберіледі.  

Яндекс.Метрика