Бірінші курс студентіне

Құрметті бірінші курс студенті!

Әл-Фараби атындағы кітапханамен қысқаша танысу

Сіз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті атанып, әл-Фараби атындағы кітапхананың қорын қолданып, ақпараттық қызметтерін тұтыну құқығына ие болып отырсыз. Сіздің университетте жан-жақты білім алуыңыз үшін кітапханада өз бетіңізше жұмыс істеуіңзді тиімді ұйымдастыру қажет. Ақпараттардың қайнар көзіне қысқа және тиімді жол табуға осы тарау көмектеседі. Әл-Фараби кітапханасына қош келдіңіз!​

1. Кітапхананы пайдалану ережелерімен танысып алыңыз​.

2. Төмендегіні білу маңызды:​​

  • абонементтен әдебиетті үйге алуға болады. Оқу әдебиеті семестрге, ал көркем әдебиеттер 15 күнге беріледі;​
  • классикалық оқу залында кітапхана қорындағы энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, мерзімді басылымдар, данасы аз оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік құралдар сияқты саны шектеулі әдебиеттер орналастырылған, оларды залда қолдануға болады немесе жалғыз данадағы басылым болмаса, 1 күн мерзімге дейін үйге алуға болады (толығырақ Кітапхананы пайдалану ережелерін қараңыз);​
  • электронды кітапхана оқырмандарға электронды каталогтарды, деректер қорын пайдалануды, мультимедиялық, Интернетпен жұмыс істеу, графикалық бағдарламалармен және электронды қорлармен жұмыс істеу аймақтарын қолдануды ұсынады.​
  • Кітапты қолдану мерзімін уақытында ұзартып отырыңыз.
  • Кітапхана кітабын жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда, кітапханаға келтірген зиянның құнын өтеу қажет​. (Оқырмандардың жоғалтқан құжаттарының орнын толтыру туралы)

3. Кітапхана бөлімдерінің қайда орналасқанын және жұмыс кестесін біліп алыңыз (Жұмыс кестесі және Кітапхана бойынша жолсілтегішті қараңыз).​

4. Кітапхана қорынан қажетті кітапты қалай табуға және алуға болады.

Қажет әдебиетті кітапхана абонементінде және оқу залдарында қойылған информайзерлерден, компьютерлерден кітапхана сайтына (http://elibrary.kaznu.kz.) кіріп, «Электрондық каталог»  бөлімінде кітаптың авторын, тақырыбын немесе кілт сөздерін жазып, тауып алуға болады. Сонымен қатар, қажетті кітапты іздеу бойынша кітапханашы-менеджерден кеңес алуға болады.​

Электрондық каталогтан кітап туралы ақпаратты іздеуді бастау үшін Сіз кез-келген іздеу опциясын таңдай аласыз: автор, тақырып, баспагер немесе жай кілт сөздер.

Назар аударыңыз! Алфавиттік каталогта сіз кітаптың авторын немесе атауын білсеңіз, қалаған кітап туралы ақпаратты таба аласыз.

Қалай істеу керек? Алфавиттік каталогтан қажетті кітапты табу немесе талап парағын толтыру бойынша кеңес алу үшін кітапханашы-менеджерге жолығыңыз. Кітапқа қойылатын талапты толтырыңыз.

Талапта Сіз кітаптың шифрын, автордың тегі мен аты-жөнін, атауын, шыққан жылын көрсетуіңіз керек.

Яндекс.Метрика