Оқырмандардың жоғалтқан құжаттарының орнын толтыру туралы

1.Кітаптарға, оқулықтарға және басқа да материалдарға зиян келтіргені үшін баасқа материалдың суммасы мен мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі.

2.Қолданушы әдебиетті бір семестрге немесе бір жылға алады. Қолданушы алған басылымдарды уақытында қайтаруға немесе қолдану мерзімін абонемент пен оқу залдарында ұзартып алуға тиіс. Оқу жылының аяғында кітапты қайтармаған қолданушыға 1-тамыздан бастап әрбір кешіктірілген күн үшін 30 теңгеден әр кітапқа өтемақы салынады.

3. Оқу залынан кітаптарды үйге өзіне-өзі қызмет көрсету  терминалы арқылы бір күнге алуға болады. Кітапты уақытында қайтармаған жағдайда қолданушыға әрбір кітапқа 500 теңге көлемінде  өтемақы салынады және әрі қарай кешіктірсе 100 теңге  қосылып отырады.

4. Қолданушы кітапхана кітабын жоғалтқан  немесе кітапты жыртқан жағдайда келтірген залалын келесі жолдармен толтыруға міндетті: 

  • орнына дәл бірдей кітап әкеліп беру арқылы;
  • кітапхана жоғалған басылымға сәйкес деп мойындайтын басылым әкеп беру арқылы (жоғалған кітаптардың орнына ұсынылған кітаптар тізімі);
  • жоғалған басылымның нарық құнын өтеу арқылы.

5. Жоғалған кітап құнын өтеу үшін немесе кітапты уақтылы қайтармаған үшін төлемдер кез келген екінші деңгейдегі банк бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

Банк арқылы төлеу үшін реквизиттер
Төлеу әдісіРеквизиттер және мекен жайыЕскертуБақылау формасы
1Қолма-қолӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің кассасыНазначение платежа: «за библиотечные услуги».Төлем туралы түбіртек
2Банк аударымы арқылыРГП на ПХВ «Казахский национальный университет имени аль-Фараби» МОН РКИндекс 050040Адрес: г. Алматы, пр. аль-Фараби 71БИН 990140001154КБЕ 16 АО «АТФ Банк»ИИК KZ67826A1KZTD2020693БИК ALMNKZKAНазначение платежа: «за библиотечные услуги».Төлем туралы чек

Назар аударыңыз! Құрметті оқырмандар, қарыздарды, немесе жоғалтқан кітаптың құнын өтегеннен кейін чекті біздің почтаға жіберу қажет  library@kaznu.kz.

Назар аударыңыз! Кітапхана қызметкеріне төлемақыны қолма-қол қаражат түрінде қабылдауға тыйым салынады, ондай жағдайда кітапхана әкімшілігіне (кабинет 206,  тел. 8(727)377-33-33 аб.17-00) хабарласу керек немесе Шағымдар мен ұсыныстар кітабында қызметкердің аты-жөнін көрсетіп, шағым қалдыру керек.

5. Кітапхана мүлкіне (құрал-жабдық, техника, жиһаз, т.б.) залал келтірген жағдайда қолданушы оның толық құнын өз есебінен өтеуі тиіс.

6. Кітапхананы пайдалану ережелерін бұзған жағдайда; жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтамаған жағдайда қолданушыға Кітапхана қызметтерін қолдануға толығымен немесе уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

7. Ережелерді бұзған немесе кітапханаға залал келтірген тұлғалар Кітапхананы пайдалану ережелеріне және ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапкершілікке тартылады

Яндекс.Метрика