Құрметті оқырмандар, әл-Фараби кітапханасы «Лань» баспасының ЭБЖ топтамалары тестілік режимде қолжетімді болатыны туралы хабарлайды.
Электронды кітапханалық жүйе келесі сілтеме арқылы қол жетімді e.lanbook.com
Естеріңізге саламыз дерекқор әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Univer білім беру жүйесі арқылы қол жетімді.
Көмек керек болған жағдайда «Помощь» батырмасы арқылы немесе аймақтық менеджер арқылы ала аласыз.
Тұңғыш рет ЭБЖ-ға тіркелген кезде www.e.lanbook.com сілтемесі бойынша университеттің желіге қосылған кез келген компьютерінен тіркеуден өткен қажет.
Сіздердің назарларыңызға:
- Экономика және менеджмент
- Лингвистика және әдебиеттану
- Құқық. Құқықтану
- Музыка және театр
- Психология. Педагогика
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
- Көркем әдебиет
- География
- Өнертану
Сонымен қатар, ресурс ғылыми баспалар мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының 600-ден астам ғылыми журналдарына, әртүрлі білім салалары бойынша 35000-нан астам классикалық әдебиеттеріне қол жеткізу мүмкінідігін ұсынады.
Тіркелген пайдаланушыларға келесі мүмкіндіктер беріледі:
- әр түрлі пәндер бойынша әдебиет таңдау кезінде оқытушыға ұсынылатын арнайы сервистер;
- білім деңгейі, авторы, басылым жылдары бойынша кітаптар каталогіндегі фильтрлар;
- әлеуметтік желілер арқылы тіркелу және авторлану мүмкіндігі;
- IOS және Android операциялық жүйелерге арналған тегін мобильдік қосымша арқылы оффлайн режимінде құжаттармен жұмыс істеу;
- пайдаланушының (оқырманның) жеке кабинеті: виртуалды кітап сөресі, кітаптарға жазбалар мен бетбелгілер, дәйексөз алу және конспектілеу, суреттер конспектісін құру мүмкіндігі және т. б. мүмкіндіктер;
- қашықтықтан байланысу.
Қосымша ақпарат алу ушін 3 қабатта орналасқан электрондық кітапханаға менеджер-кітапханашыға хабарласыңыз.