«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының қазақ тіліне аударылған 30 жаңа нұсқасының тұсаукесеріне арналған конференция өтті

Әл Фараби атындағы Кітапханада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлем назарына түскен, көпшіліктің көңілінен шығып бестселлер атанған оқулықтардың қазақ тіліне аударылған 30 жаңа нұсқасының тұсаукесеріне арналған конференция өтті. Конференцияға кітапхана тарапынан «Жаңа оқулықтарды оқу үдерісініде қолдану», «Әл-Фараби және оның мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жоба аясында «шетел журналистикасы», «философия», «исламтану», «психология», «мәдениеттану», «дінтану», «микроэкономика», «экономикалық теория» пәндері бойынша әдістемелік нұсқаулары; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйыдары үшін әлеуметтік-саяси білімдер модулінің, қазақ тілі, орыс тілі, философия, Қазақстанның қазіргі заман тарихы жалпы білім беру пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары; «Рухани жаңғыру» жобасының аясында жүзеге асырылатын ҚазҰУ-дің жобалары  жазылған «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания. Семь граней Великой степи. Университет как драйвер модернизации общественного сознания» басылымы; ұлы ойшылымыз әл-Фарабиді зерттеушілердің қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көрген еңбектері мен оның трактаттары оқырман назарына ұсынылды.

Конференцияға қатысушылар арасында ғалымдар мен ЖОО оқытушалыралы ғана емес, сонымен қоса Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев болды.

 Жақсы іс жалғасын тауып, сапалы да құнды оқулықтар ұрпағымызды ұлы істерге бастай берсін.