Встреча студентов КазНУ им. аль-Фараби с ведущим айтысов Журсін Ерманом

2018 жылдың  30 қарашасында әл-Фараби атындағы кітапхана және Ақпараттық технологиялар факультетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасының бастамасымен  М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерманның ҚазҰУ студенттерімен әдеби сазды кездесу кеші өтті.

Ақын Қазақ ұлттық университетінің кітапханасына еңбектеріне жасалынған кітап көрмесі үшін ықыласын білдірді. Көрмеге ақынның «Ырғай» жыр кітабы, «Құдіретке жүгіну» еңбегі, «Екі тізгін бір шылбыр» жинағы, «Қазіргі айтыс» томдықтары; «Алыстан және жақыннан» очеркісі; «Ұлытауға бардың ба?» жинағы сынды т.б. еңбектері қойылды.

Кеш соңында механика-математика факультетінің студенттері домбырада әуезді жыр тартып, ақынға сұрақтар қойып, өлеңдері оқылды.