Выставка в рамках проекта "Гражданский контроль"

Заманымыздың қандай кезеңдерінде болсын, сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне және рухы биік, еңсесі жоғары, ертеңгі күнге сенімі мол қоғам болып қалыптасуына айтарлықтай кедергі келтірмек. Мүмкіндіктеріміз бен құндылықтарымызға қауіп-қатер төндіретін осы құық бұзушылыққа қатысты ағымдағы жылдың қараша айында әл-Фараби атындағы кітапхананың конференц-залында «Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдардың 1 кезеңінің таныстырылымы» өтті. Іс-шараға кітапхана қорының топтамасынан сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты Қ.Карбузовтың «Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы", А.Смағұловтың «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары», С. Кемелбековтың «Сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдарында көзделген бағалылық белгілері», Е.Алаухановтың «Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика», «Антикоррупционная правовая политика», «Борьба с коррупцией в государственных органах Республики Казахстан», «Борьба с коррупцией», А.Агыбаевтың «Уголовно-правовые и криминологические меры борьбы с коррупцией», И. Борчашвилидың «Проблемы противодействия коррупции по уголовному законодательству Республики Казахстан» монографиясы сынды қырыққа жуық әдебиет пен отызға жуық басылымдардан құралған кітап көрмесі ұйымдастырылды.