Kaspersky day

2017 жылы 11 сәуірде Әл-Фараби кітапханасында ҚазҰУ мен Касперский зертханасы арасындағы қол қойылған келісім шеңберінде механика-математика факультетінің КЗ «Ақпараттық қауіпсіздік» орталығы «Kaspersky day» атты семинар-тренинг өткізді.  

«Касперский күн» семинар-тренингтің басты тақырыбы киберқауіпсіздік болды. Касперский Зертханасының өкілдері кибер қауіптер жайлы дәріс оқып, Kaspersky Interactive Protection Simulation (KIPS) ойынын жүргізді, бұл ойында нақты бизнес-кейстер мысалында киберқауіпсіздік бойынша мәселелерді шешу жолдарын іздеді және «Бағдарламалық қамтамасыз етуде осалдықтарды талдау» тақырыбында тренинг өткізді.

Сонымен қатар, «Ақпараттық қауіпсіздік: білім беру бағдарламалары» атты дөңгелек үстел өткізілді, дөңгелек үстел барысында механика-математика факультетінің оқытушылары мен Касперский Зертханасының өкілдері 2017-2018 оқу жылдарына арналған ақпараттық қауіпсіздік саласында студенттерге оқыту курстарын, оқытушылар үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізудің  мазмұны мен мерзімін талқылады.

Іс-шараға 80-нен астам студенттер мен оқытушылар қатысты.