Жаңа Жібек жолы форумы (Алматы, 2017)

2017 жылы маусым айының 28-30 күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жаңа жібек жолы форумы (АЛМАТЫ 2017) «Бір жол – бір белдеу» бойындағы елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы» атты Халықаралық Форум өткізеді.

Форумның негізгі мақсаты: «Бір белдеу – бір жол» бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында жаңа технологиялар ынтымақтастығы мен инновациясын дамыту; Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында жаңа технологиялық жабдықтардың қолданылу жағдайы, инновациялық кеңістігі мен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талдау; халықаралық ғылыми алмасуларды ілгерілету; достық пен ынтымақтастықты нығайту; зерттеу нәтижелерін өзара бөлісу.
Форум барысында Қытайдан келген мамандар өздерінің білім беру саласындағы соңғы технологиялық жабдықтарын таныстырады. Конференцияға Қазақстан, Қытай, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. елдерден келген мамандар мен ғалымдар қатысады.

Өткізу орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы 

Сұрақтар бойынша хабарласыңыз: Түргенбай Айнұр, тел.: +77473727583

Е-mail: altyn-alka@mail.ru