Профессор Джереми Шугерманның «АИТВ-ты алдын алу бойынша ғылыми зерттеулердегі этика мәселелері» атты дәрісі

20 сәуір 2017 жылы Әл-Фараби кітапханасында профессор Джереми Шугерманның «АИТВ-ты алдын алу бойынша ғылыми зерттеулердегі этика мәселелері» тақырыбында дәрісі өтеді.

Джереми Шугерман, MD, МРН, MA – Харви М. Мейерхоффтың биология және медицина профессоры, денсаулық сақтау және басқару саясаты профессоры, медицина бойынша Берман Институты директорының орынбасары. Биомедициналық этика саласында            халықаралық деңгейде көшбасшы болып танылды.

Дәрісті ұйымдастырушы: Орталық Азиядағы Колумбия университетінің жаһандық денсаулық зерттеу Орталығы.

Дәріске әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚазМҮББУ, ҚРМУ, «ҚДСЖМ» ҚМУ факультеттерінің оқытушылары мен жас ғалымдары, студенттер, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ Алматы қаласы ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының жас ғалымдары мен резиденттері шақырылады.

Өтетін орыны: библиотека, 4 этаж, актовый зал

Өтетін уақыты: 13:00 – 17:00 ч.