OECD iLibrary

Әл-Фараби кітапханасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) электрондық кітапханасы тестілік режимде қолжетімді болғаны туралы хабарлайды.   Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) – Organisation for Economic Cooperation and Development (OECD iLibrary). 

OECD iLibrary – ақпаратты әлемдік экономика, қоғамдық өмір мен қоршаған орта саласында ұсынатын электронды кітапхана. ЭЫДҰ деректерін пайдалана отырып, әр түрлі елдерді салыстыруға және жаһандық үрдістерді зерттеуге болады.  

OECD iLibrary келесіні қамтиды:

  • 10 300 толық мәтінді басылымдар (1998 ж. бастап ЭЫДҰ-дың барлық жарияланымдары)
  • 1 000-нан астам басылымдарды қамтитын 35 журналдар атаулары
  • 1983 ж. бастап 4 800 жұмыс баяндамалары 
  • шамамен 4 миллиард жазбаларды біріктіретін, 42 интерактивті статистикалық деректер қоры 
  • 116 590 Excel-кестелер мен графиктер 

Ресурсқа сілтеме: http://www.oecd-ilibrary.org.