Жазылымды дерекқорлар

  

Britannica.com – бүкіл әлемнің сарапшылары және ғалымдар ұжымымен әзірленген және жаңартылған 120 000-дан астам мақалалары кіретін ежелден келе жатқан беделді басылым. Britannica.com порталында ұсынылатын ақпараттардың анықтығы бүкіл әлемнің 300-ден астам елінде ешқандай күмән келтірмеген, мұның дәлелі Әлемдік соттарда ақпараттарды қолдану және PhD дәрежесін растау мақсатында диссертациялар жазу үшін материалдарды пайдалану болып табылады.

Энциклопедияның толық мәтініне қол жеткізу үшін, кітапханадан логин мен пароль алып, авторлану керек, байланысушы тұлға Кусаинова Айжан (Элетрондық зал, 3-қабат).

Ресурсқа сілтеме: www.britannica.com

Polpred.com деректер қоры БАҚ шолу – бұл маңызды жарияланымдар мұрағаты.  Деректер қоры тараулармен: 53 сала / 600 дереккөз / 9 РФ федералдық аймағы / 235 ел және  территоря / басты материалдар / мақалалар және  6000 белгілі адамдармен. Күн сайын мыңдаған жаңалықтар, орыс тілінде толық мәтін, инфорагенттігінің миллиондаған ең жақсы сюжеттері және 15 жылдағы іскери баспасөздер. Ретімен іздеу. Бір батырманы басқанда жүздеген мақалалар Word-та экспортталады. Елдер мен салалар бойынша интернет-сервистар.

Polpred.com–ға қолжетімділік кітапхананың барлық компьютерлерінде және университеттің жергілікті желісінде  ашық – www.polpred.com.

The Web of Knowledge гуманитарлық, әлеуметтану, жаратылыстану ғылымдары аясындағы әртүрлі ресурстардан жоғары сапалы әдебиеттерді ұсынады. Web of Science, Conference Proceedings Citation Index, Derwent Innovations Index, Journal Citation Reports және тағы басқа деректер қоры қолданушылар үшін максималды қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін арналған бүкіл әлемдегі бағалы стандарттар болып табылады, платформа аясында ақпараттардың бағалы топтамасын қамтамасыз етеді. 

Web of Science әлемдегі ғылыми журналдардың жоғары импакт – факторымен, 11600 аса ең беделді ретроспективті және ағымдағы пәнаралық ақпараттарға тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Ресурсқа сілтеме: www.webofknowledge.com

«Заң» деректер қоры – мемлекеттің заң шығарушы және нормативті құқықтық актілері қазақ және орыс тілдерінде. Деректер қоры тек қана ресми дереккөздерден жинақталады, яғни нормативті материалды айрықша анықтауға мүмкіндік береді. Деректер қоры сөздіктермен жабдықталған: энциклопедиялық заң сөздігімен, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының заңдары мәтініндегі заң терминдерінің сөздіктерімен деректер қорындағы осы  заңдарды мәтінге жіберу.

  • ҚР облыстары бойынша жергілікті органдардың қаулысы, шешімі, облыстық бағдарламасы бар. 
  • Құжатпен жұмыс барысында бір мезгілде мәтіннің екі режимді терезеде мемлекеттік және орыс тілінде қарау мүмкіндігі бар.

Құрметті оқырмандар! Кітапхана компьютерлерінен ғана рұқсат етілген. Электронды залға жүгініңіз  (III қабат).

EBSCO – ақпараттық қызмет көрсету нарығында деректер қоры мен электронды сервистерді жетекші жеткізуші.

EBSCOhost – әртүрлі тілдерде (ағылшын, француз, неміс, испан және т.б.) электронды форматта дүние жүзілік ғылыми мерзімді басылымдарға жылдам қолжеткізу мүмкіндігін беретін, көп функционалды іздеу платформасы.

EBSCOhost деректер қорында Blackwell Publishing, Springer, Harward Business School, Taylor&Francis, Sage Publications және т.б. басылымдар ұсынылған.

Ақпараттық ресурстардың тізімі 11 деректер қорын құрайды: Academic Search Premier, Business Source Premier, ERIC, GreenFILE, HealthSource - Consumer Edition, HealthSource: Nursing/Academic Edition, Library, Information Science & Technology Abstracts,MasterFILE Premier, MEDLINE, Newspaper Source, Regional Business News.

Ресурсқа сілтеме: http://search.ebscohost.com

Сонымен қатар, жазылым шеңберінде EBSCO деректер қоры электронды кітаптар топтамасына ақысыз қолжеткізу мүмкіндігін ұсынады. Аталмыш кітаптар топтамасы келесі бағыттарды қамтиды: Өнер, Биография және Автобиография, Бизнес және Экономика, Компьютерлік ғылымдар, Білім беру, Көркем әдебиет, Шет тілдері, Тарих, Құқық, Әдеби жинақтар, Математика, Музыка, Табиғаттану, Поэзия, Саясат, Әлеуметтік ғылымдар, Технология, Инженерия және т.б. 

Электронды кітаптарды іздеу нұсқаулығы:

http://search.ebscohost.com сілтемесі бойынша өту
EBSCOhost Research Databases таңдау
Select/deselect all белгілеу және Continue батырмасын басу
Кітап параметрлерін енгізу (атауы, автор, ISBN және т.б.)

Әл-Фараби кітапханасы сіздерге ірі IPRbooks Электронды-кітапханалық жүйесі тестілік қолжетімді болғанын хабарлайды! Университетіміздің әрбір оқытушысы мен студенті оқу мекемелерінің білім беру қызметінде қолдануға ұсынылған, еліміздегі ең алғашқы сертификатталған электронды-кітапханалық жүйе болып табылатын, IPRbooks ЭКЖ – электронды басылымдарының Ресей лицензиялық толықмәтінді қорымен тегін жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.

IPRbooks ЭКЖ – семинарларға, сынақтарға және емтихандарға, жобалар мен қажетті жұмыстарды орындауға, оқудың әртүрлі бағыттарына арналған, жаңа ақпараттық технологиялар мен лицензиялық оқыту әдебиеттерін біріктіретін, оқуға және ғылыми зерттеулерге арналған сенімді және пайдалы ресурсы. IPRbooks ЭКЖ оқытушыларға оқу жоспарын құруда, сабаққа дайындалуында, әріптестерінің жаңа жарияланымдары туралы ақпараттар алуында пайдасы зор.

ЭКЖ-де 94000 аса басылымдар, 20000 әртүрлі пәндер бойынша оқу және ғылыми жұмыстар бар, басым бөлігі ЖАК тізіміне кіретін 400-ге жуық ресей және шетел журналдары, 500 аса федералдық, аймақтық, ЖОО баспалары, ғылыми-зерттеу институттары, ғалымдардың еңбектері мен жетекші авторлық ұжымдардың әдебиеттері ұсынылған. IPRbooks ЭКЖ контенті білім беру саласында, жоғары мектеп, орта кәсіби білім беру стандарттары бойынша, қосымша және қашықтықтан оқыту бойынша РФ заңнамалық талаптарына толықтай сай келеді.

Сонымен қатар «Ресей кітапханаларының қоры» (62000 аса басылымдар) – сирек басылымдар, ноталар, мерзімді басылымдар, тарихи, өлкетану әдебиеттері және т.б қолжетімді.

Сайтта әртүрлі пәндер бойынша өзінің білімін тексеруге көмектесетін, онлайн-режимдегі тесттер (350 аса тесттер) ұсынылған.

Оқытушыларға РҒДИ (Ресей ғылыми дәйектеме индексі) (IPRbooks ЭКЖ Elibrary Ғылыми электронды кітапхана серіктесі болып табылады) қорында келесі индекстеумен IPRbooks ЭКЖ-не өз жұмыстарын электронды жариялау мүмкіндігі бар. Жұмысты ЭКЖ жариялау IPRbooks ЭКЖ сервистері мен барлық мүмкіндіктерін қолданып ыңғайлы платформада студенттер үшін басылымдарға қолжетімділік оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, яғни сабаққа дайындалу барысында студенттерге өзінің басылымдарын ұсыну, білімді бақылау, студенттердің басылымдармен жұмыс жасау статистикасын талдау.

IPRbooks ЭКЖ күнделікті қазіргі заманғы жаңа басылымдармен толықтырылып және жаңартылып отырады. Оның айтарлықтай ерекшелігі, қорды жинақтау барысында оқытушылардың, студенттердің талаптарын ескере отырып оқу үрдісіне арналған әдебиеттерді сапалы іріктеу болып табылады. Тағы бір артықшылығы – қолданушыға арналған жаңа ыңғайлы сервистер, жүйенің жоғары бейімділігі, кеңейтілген функционал, іздеудің қолайлылығы және жылдамдығы.

Онлайн версияда жұмыс жасау http://iprbookshop.ru, www.bibliocomplectator.ru сайттарында тәулік бойы қолжетімді. Басылымдардың толық мәтініне жүйеге кіргеннен кейін қолжеткізуге болады, ол үшін кітапханадан логин және пароль алу қажет (Электронды зал, 3 қабат) немесе ЖОО дербес компьютерлерінен (ЖОО IP адресі қосылған жағдайда) тіркеуден өту керек. 


Қолданушы нұсқаулығы


 

Биомедицина туралы, өмір туралы ғылым және бизнесті басқару туралы дәрістер

Құрметті оқырмандар, әл-Фараби кітапханасында биомедицина, өмір туралы ғылым және бизнесті басқару туралы дәрістер жинағына қол жеткізу мүмкіндігі ашылды.

Cіздер төмендегідей бөлімдермен таныса аласыздар:

  • Биомедициналық жинақ
  • Өмір туралы ғылымдар жинағы
  • Бизнесті басқару жинағы

Биомедицина және өмір туралы ғылым жинақтары әлемнің ең озық сарапшылары мен Нобель сыйлығының иегерлері ұсынған 2000-нан астам онлайн-семинарларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

БИЗНЕСТІ БАСҚАРУ жинағы  cауда, өнеркәсіп салаларындағы жетекші сарапшылардың 900-ден астам бейнедәрісі мен тақырыптық зерттеулерінен құралған.

Жинақтармен танысу үшін https://hstalks.com/biosci/ сілтемесін басу қажет (Логин: KAZNU, Пароль – MEMBER). Сайтта көрсетілген мәліметтер Moodle, Blackboard  және басқа да қашықтықтан оқуды басқару жүйелерімен үйлесімді.

Қосымша ақпарат алу үшін  әл-Фараби кітапханасына хабарласыңыздар (3-қабат, Электронды кітапхана).