OXFORD UNIVERSITY PRESS

Әл-Фараби Кітапханасы Oxford University Press баспасының қорлары тестілік режимде қолжетімді болғаны туралы хабарлайды. 

Oxford University Press – белгілі авторлардың еңбектері мен жарияланымдарына кең ауқымды қолжеткізуге мүмкіндік беретін, Англияның Оксфорд университеті құрамына кіретін баспа болып табылады. 

Oxford Handbooks Online – 14 пәндік салалардағы үздік онлайн-өнімдер жинақтамасы. Оксфорд университетінің ең беделді және табысты ғылыми басылымдары. Oxford Handbooks Online (OHO) әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша шолу очерктердің бірегей жинақтамасын білдіреді. Әр сала бойынша негізгі мәселелерді тізбектей отырып зерттеу және жаңа әзірлемелерге арналған әлемнің жетекші ғалымдарының соңғы ғылыми жаңалықтарын біріктіреді. Әрбір сала нақты бір білім саласындағы ғылымның қазіргі жай-күйіне сыни шолу жасап, тақырыпқа егжей-тегжейлі кіріспе жасауды ұсынады және білімнің белгілі бір саласындағы бастапқы өріс тұжырымдамасын құру болып табылады. Бұл анықтамалар әр түрлі салалардағы жетекші ғалымдардың аналитикалық мақалаларын қамтиды. 

ПӘНДІК САЛАЛАР
АрхеологияБизнес және басқару
Классикалық оқытуКриминология және қылмыстық юстиция
Экономика және қаржыТарих
ҚұқықЛингвистика
ӘдебиетМузыка
ФилософияСаясаттану
ПсихологияДін

 

Ресурсқа сілтеме: www.oxfordhandbooks.com

Oxford Scholarship Online – Оксфорд университетінің онлайн-кітапханасынан қолжетімді болған 13000-нан астам көрнекті академиялық кітаптар. 2011 жылы электрондық жарияланымдар саласында Oxford Scholarship Online реурсымен жұмыс жасау барысында жинақталған он жылдық тәжірибеге сүйене отырып, Oxford University Press баспасы басқа бес университет баспаларымен бірлесіп University Press Scholarship Online (UPSO) платформасын іске қосты. Бұл әлемнің үздік баспалары жариялаған, ғылымның барлық салаларын қамтитын, мыңдаған жоғары сапалы монографиялар мен ғылыми жұмыстармен қамтамасыз ететін онлайн-кітапхана. UPSO мамандыққа қарамастан ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер мен студенттерге арналған қажетті зерттеу ресурсы болып табылады. 

● UPSO – 30 пәндік, яғни гуманитарлық, қоғамдық, жаратылыстану ғылымдары, медицина және құқық т.б. салалар бойынша 19 000-нан аса ғылыми кітаптарды қамтиды.
● UPSO – пайдаланушы қажетті материалын таба алатын көптеген баспа жариялымдары берілген. 

ПӘНДІК САЛАЛАР
АнтропологияАрхеология
СәулетӨнер
БиологияБизнес және басқару
Компьютерлік ғылымдарЖер туралы ғылымдар және география
Экономика және қаржыБілім беру
Қоршаған орта туралы ғылым  Кино, теледидар және радио
ТарихИнформатика
ҚұқықЛингвистика
ӘдебиетМатематика
НейропсихологияМузыка
Паллиативтік терапияФилософия
Физика  Саясаттану
ПсихологияДенсаулық сақтау және эпидемиология
Дін  Әлеуметтік жұмыс
Қоғам және мәдениетӘлеуметтану

 

Ресурсқа сілтеме: www.oxfordscholarship.com

Сондай-ақ, түрлі медицина салалары бойынша жарияланымдар қолжетімді.

Оксфорд-Медицина онлайн – беделді әлемге танымал авторлардың мәтіндері берілген Оксфорд университетінің медициналық басылымдар жинағы. Мұнда жалпы практика және тар мамандандыру бойынша 85-тен аса саланы, медициналық мансаптың барлық кезеңдерін қамтитын материалдар бар. 

Oxford Clinical Psychology Оксфорд университетінің клиникалық психология бойынша баспа бағдарламасына енгізілген 150-ден астам жарияланымдардың толық мәтіндеріне қол жеткізу мүмкіндігін береді.

Oxford Clinical Psychology – ғылыми ортада немесе кәсіби практикада клиникалық психологтарға қажет, сондай-ақ оқытушылар, студенттер, тәжірибеден өтушілер мен дәрігер-интерндерге қажет таптырмайтын ресурс болып табылады. 

Ресурсқа сілтеме: www.oxfordmedicine.com.

Oxford Bibliographies – зерттеушілерге арналған бірегей беделді материалдар ұсынатын, бүкіл әлемнің ғалымдары мен кітапхана ісі бойынша мамандардың бірлескен күш-жігерімен әзірлеген қор болып табылады. Аннотациялық библиография мен энциклопедиялар мүмкіндігін үйлестіре отырып, бұл заманауи құрал зерттеушілерге әлеуметтік және гуманитарлық білімнің әртүрлі салалары бойынша сапалы қол жетімді ақпаратты табуға көмектеседі. Oxford Bibliographies ағылшын тіліндегі әдебиет бойынша 38 пәндік салаларда бейімделуге мүмкіндік береді, құрамында 8 мыңнан астам мақалалары бар қор, зерттеуді бастау алдындағы мінсіз негіз болып табылады. 

Ресурсқа сілтеме:  http://www.oxfordbibliographies.com/