Мерзімді басылымдар

«Мерзімді басылымдар» тарауы туралы не білу қажет

Құрметті оқырмандар, кітапхананың бұл тарауында біздің Университет жазылған мерзімді басылымдардың тізімі көрсетілген. Бұл тізімде 100-ден астам қазақстандық журнал, оның ішінде 50-ден астамы қазақ тілінде; 150-ден астам ресейлік журнал, сонымен қатар «National Geographic», «The Economist», «Speak Out» сияқты белгілі журналдар бар. Бұдан басқа Университет биыл жазылған 50 газеттің тізімін де көре аласыз.

Ыңғайлы болу үшін мерзімді басылымдарды «Газеттер» және «Журналдар» деп бөліп қойған, іздеу үшін шыққан жылын таңдасаңыз, жеткілікті.

Мерзімді басылымдар залында орналастырылған соңғы 5 жылдағы газет-журналдар тізімі берілгенін ескеріңіз.

Одан бұрын шыққан басылымдар кітапхананың кітап сақтау қорында сақталады, оларды Электронды каталог http://jirbis.kaznu.kz/jirbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=114  арқылы тауып, кітапханашы-менеджерге тапсырыс беріңіз.

Индекстелген шетел ғылыми журналдарын іздеу үшін Scopus, Elsevier, Springer, Oxford Academic Journals дерекқорларын және біздің кітапханамызда еркін қол жетімді басқа дерекқорларды пайдалануды ұсынамыз.