Жаңа кітаптар көрмесі

2017 жылдың 1-3 наурыз аралығында халықаралық қатынастар факультетінде кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттер көрмесі өткізілді.

Көрменің мазмұнында ғылыми, көркем әдебиеттермен қатар оқытушылардың жаңа шыққан оқулықтары мен оқу құралдары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таныстырылды. Факультет оқытушылары мен студенттері кітапхана қорындағы жаңа басылымдар жөнінде көптеген ұсыныстар қалдырды.

Ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттерді электронды нұсқаға көшіру, оқу залында халықаралық қатынас саласындағы әдебиеттер мен ағылшын тіліндегі көркем әдебиеттердің жетіспеушілігі жөнінде оқытушылар пікір білдірді. Мәнді де мазмұнды көрме 3 күнге созылды.

Көрмені өткізу барысында факультет оқытушылары мен студенттерге «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында жыл сайынғы өткізілетін «Жыл оқырманы» атты іс-шарасы насихатталды, студент қауымды кітап оқуға тарту, сондай-ақ, кітап оқу мәдениетін арттыру мәселелері жүзеге асырылып, Ақпараттық қызмет көрсету басқармасының қызметкерлері көрмеге келген қонақтармен кітапханадағы жетістіктер мен жаңалықтармен бөлісті.