ChemSpider

ChemSpider – 58 миллионнан астам химиялық (көбінесе органикалық) заттардың қасиеттері туралы мәліметтер жинақталған тегін деректер қоры.

ChemSpider – құрылымдық деректер қоры. Құрастырушылардың ойлары бойынша, химиялық заттардың құрылымы барлық ақпараттар ауқымының құрылуындағы бастапқы сәйкестендіргіш болып табылады; ал басқа сәйкестендіргіштер (атауы, тіркеу нөмірі және т. б.), мұнда екінші болып саналады, сондықтан да белгілі бір химиялық нысанға сәйкес келе бермейді. 

ChemSpider материалы – үлкен және кішкентай, ғылыми және оқу, коммерциялық және тегін, сондай-ақ бастапқы әдебиеттен, рецензияланған, рецензиядан өтпеген, яғни  әр түрлі дерекөздерден жинақталады (2017 жылға 484). Заттек жайлы  мәліметтер нәтижесінде мұнда тексерілген сандық деректер емес, бастапқы да жарияланған ақпараттың компиляциясы ұсынылады. 

ChemSpider-дің мықты жағы – химиялық заттектің берілген құрылымы бойынша ақпарат іздеу мүмкіндігі.

Ресурсқа сілтеме: http://www.chemspider.com 

Мобильдік қосымша: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.mmi.android.chemspider...