Әлемдегі ең ірі баспагер Elsevier онлайн вебинарлар өткізуде

Elsevier компаниясы («Эльзевир») – ғылыми-техникалық, медициналық әдебиеттерді әлемдегі ең ірі баспагер және ғылым мен білім беру саласындағы ақпараттық шешімдер провайдері.

Вебинар тақырыбы: Scopus көмегімен сәтті ғылыми мақаланы қалай дайындауға болады: танымалдыққа 3 қадам

Вебинар күні: 18.10.2021 жыл

Вебинар уақыты: сағ 10:30 де (Нұр-Сұлтан уақыты)

Тіркелу: осы жерде

Вебинарлар аяқталғаннан кейін тіркелген қатысушыларға электрондық сертификаттар қолжетімді болады

Вебинар тақырыбы: SciVal талдау жүйесі және Funding Institutional зерттеу қызметін қаржыландыру көздерін іздеу жүйесі арқылы әлемдік зерттеу ландшафтын талдау

Вебинар күні: 20.10.2021 жыл

Вебинар уақыты: сағ 14:00 де (Нұр-Сұлтан уақыты)

Семинарда таныстырылады:

– SciVal принциптері;

– Метрикаға шолу, олардың мәні және пайдалану мысалдары;

– SciVal талдау деңгейлері;

– Benchmarking модулін қолдана отырып, әртүрлі деңгейдегі зерттеу нәтижелерін салыстыру;

– Деректерді экспорттау, есептерді қалыптастыру;

– Ғаламдық зерттеу ландшафтын талдау, бүкіл әлем бойынша бірлескен авторларды іздеу және басқа қолданбалы міндеттер мысалдары.

Сондай-ақ тыңдаушылар қаржыландыру ұйымдарының Funding Institutional-да пайдаланылатын гранттары мен өзге де ұсыныстары туралы деректер көздері, іздеу нәтижелерін іздеу, талдау және өңдеу мүмкіндіктері туралы біледі; ілгері іздеу функционалын пайдалануды үйренеді; өтінім беру үшін ұсынысты таңдау бойынша ұсынымдар алады.

Дәріскер: Кирилл Михайлович Иванов, Ресей мен Орталық Азиядағы Elsevier аналитикалық шешімдері жөніндегі консультант

Вебинарға қосылу сілтемесі: осы жерде

Вебинарға тіркелу үшін Researcher Academy платформасындағы іс-шаралар бетіне сілтемені пайдаланыңыз: осы жерде

Тіркелген қатысушылар семинардан өткендігі туралы сертификат ала алады. Сондай-ақ платформада Оқу материалдары мен бейнежазбалар орналастырылады

Вебинар тақырыбы: Reaxys-химия саласындағы мәліметтер мен әдебиеттерге жедел қол жеткізу. Ғылыми зерттеулердің өнімділігін қалай арттыруға болады.

Вебинар күні: 21.10.2021 жыл

Вебинар уақыты: сағ 14:00 де (Нұр-Сұлтан уақыты)

Вебинарда Сіздер мыналарды біле аласыздар:
– Reaxys дегеніміз не
– Негізгі функциялары
– іздеу сұрауларын құру
– Медициналық химия модулі
– патенттермен жұмыс

Вебинарға қосылу сілтемесі: осы жерде

Вебинар тақырыбы: Embase-жоғары сапалы жүйелі шолуларға арналған биомедициналық ақпарат базасы.

Вебинар күні: 22.10.2021 жыл

Вебинар уақыты:сағ 14:00 де (Нұр-Сұлтан уақыты)

Вебинардың жоспары:
– Embase дегеніміз не
– негізгі функциялары
– Іздеу сұрауларын құру
– Әр түрлі көздерден ақпарат іздеуді салыстыру

Вебинарға қосылу сілтемесі:осы жерде

Жазылу дерекқоры:Elsevier, Scopus

Яндекс.Метрика