Берсімбай Рахметқажы. «Өнегелі өмір» сериясы кітабына тұсаукесер 

2017 жылдың 23 ақпанында ректораттың ғылыми кеңес залында ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Р. І. Берсімбаевтың 70 жылдығына арналған «Өнегелі өмір» сериясы кітабына тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шара өткізілу аясында ғалыми еңбектерінен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Берсімбай Рахметқажы Іскендірұлы – белгілі ғалым, талантты зерттеуші, биологтардың бір емес бірнеше ұрпағын тәрбиелеген тәлімгер және педагог. Ұлыбританияда, Германияда және Жапонияда зерттеулер жүргізген, дәрістер оқып, көптеген шетел университеттерінің ғылыми семинарларында баяндама жасаған, ғылыми қорлардың ұлттық және халықаралық гранттардың иегері. Британ кеңесінің шәкіртақы алушы (British Council) (1983-1984); Ұлыбританияның Ханшайым қоғамының П. Л. Капица атындағы қордың шәкіртақы алушы (1993); Александр Гумбольд атындағы қордың шәкіртақы алушы (2012); ҚР ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдарға арналған Мемлекеттік шәкіртақы иегері (2002,2015). 30-дан астам ғылым кандидаттары мен докторларын дайындаған. 500-ден астам жарияланымдардың авторы, оның ішінде 60-тан аса мақалалары Thomson Reuters деректер қорына тіркелген. «Генетика», «Молекулалық биология», «Жалпы және молекулалық генетика», «Дрозофила генетикасы бойынша үлкен практикум» және басқа да оқулықтар, моногрфиялар және оқу құралдарының авторы болып табылады.