«Журналистика бәрі үшін: дәстүрлер, үрдістер мен таяу болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 24 ақпанында әйгілі ұстаз, тележурналистика теориясын зерттеген ғалым М. Барманқұловтың туғанына 80 жыл толуына орай Т. Қожакеев атындағы 230 конференц-залда «Журналистика бәрі үшін: дәстүрлер, үрдістер мен таяу болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция өткізілу аясында «Қазақ университеті» баспасы мен кітапхана қызметкерлері ғалымның еңбектерінен, фотосуреттерінен тұратын кітап көрмесін ұйымдастырды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмыс тәртібінде мерейтой иесіне қатысты фильм көрсетілімімен қатар «Жас репортер» байқауының таныстырылымы өтті. Барманқұлов оқулары аясында ең үздік студенттік тележобаларға және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ұсынылған студенттер мен жас ғылымдарға арналған «Жас репортер» байқауында «Ең үздік ғылыми жоба», «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы», «Ең үздік тележоба», «Ең үздік бейнеролик», «Ең үздік телесценарий», «Ең үздік радиожурналист», «М. Барманқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиялық жоба» деп аталатын түрлі номинациялары айқындалды. Қонақта Барманқұловтар отбасы болды.

Журналистика саласының мамандарын даярлап,  ғылыми мектебін құрды. С. Ахметова, Г. Ж. Ибраева, С. Х. Барлыбаева, Ш. И. Нурғожина, К. Қабылғазина, К. Ж. Турсын, А. А. Молдабеков, Ш. Нуржанова, Д. Шорохов, Г. Байкенова т.б. шәкірттерін атап өтуге болады.  Марат Барманқұловтың ізбасарлары журналистика саласын әрі қарай дамытып, жалғасын тауып келеді. М. Барманқұловтың журналистика саласы бойынша бірнеше еңбектері жариялап, ғылыми жаңалықтарды ендіре білді: «Основы радиовещания и телевидения», «Теле-радиопублицистикасының жанры», «Заманауи шетел журналистикасы» т.б. 1990 жылдардағы «Мәдениеттану», «Түркі мемлекеттеріндегі әлем діндері» атты еңбектерін тек журналистика саласының студенттері ғана емес, сонымен қатар философия, тарих, саясаттану, шығыстану факультететтері студенттерінің қызығушылықтары да зор болатын.

Марат Барманқұлов болашаққа нық қадаммен басып, алдыңғы ұрпақты жетелей білетін аға ұстаз және өз заманының озық азаматы бола білді.