IPRbooks электронды кітапхана жүйесі онлайн вебинар өткізеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінеIPRbooks-тың электрондық-кітапханалық жүйесіне(ЭКЖ) қолжетімділік берілді: осы жерде

Ресурспен дұрыстап танысу және ЭКЖ-мен жұмысты тез бастау үшін 2021 жылдың 8 қазанында Алматы уақытымен 16:00-17:00 аралығында өтетін вебинарға шақырамыз.

Вебинарда келесі мәселелер қарастырылады:

1. Сіздің факультеттің дайындық бағыттары бойынша бірегей лицензиялық контент.

2. Электрондық кітаптарды қолданудан толыққанды мультимедиялық форматқа қалай көшуге болады? IPR BOOKS ЭКЖ-сінің 50 000-нан астам басылымнан, бейне-, аудиоконтенттен, тестілерден құралған премиум-контентін қалай тиімді пайдалану керек.

3. Пән бойынша әдебиеттерді қалай тез тізімдеп таңдауға, студенттерге ұсынуға және сонымен бірге нәтижелерді пәннің жұмыс бағдарламасын құруда қалай қолдануға болады. Біз бірнеше мәселені бірден шешеміз!

4. Қашықтықтан және күндізгі форматта оқыту жағдайында оқу үдерісін қалай түрлендіруге болады.

5. «Кітаппен қамтамасыз ету 2.0», «Жинақтау», «Мобильді қосымшалар» модульдері.

Конференцияға қатысу үшін алдын ала тіркеліңіздер: осы жерде

Тіркелген соң сіз конференцияға кіру туралы ақпаратты қамтитын растау электрондық хатын аласыз.

Жүйеге және басылымдардың толық мәтіндеріне еш шектеусіз – тәулік бойы, аптасына 7 күн, кез келген құрылғыдан қол жеткізуге болады. Ақысыз мобильді қосымшасы да бар.

Егер сіздерде ресурспен жұмыс істеу бойынша сұрақтарыңыз болса, көмек немесе кеңес қажет болса, жоба кураторына хабарласыңыз: Даму жөніндегі директор Кутуева Вита Викторовна, жұмыс тел. 8-800-555-22-35 (ішкі 145) v.kutueva@iprmedia.ru

Яндекс.Метрика