Кітапхана кәсіпшілер одағының активі "Парасат" қызметкерлер кәсіподағының есептеме конференциясында

2017 жылы 10 ақпанда әл-Фараби кітапханасының кәсіпшілер одағының активі "Парасат" қызметкерлер кәсіподағының есептеме конференциясына қатысты. 

Іс-шара барысында кәсіподақ төрағасы Талғат Мекебаев пен тексеріс кеңесінің төрайымы Роза Рысқалиева есептеме берді. Сондай-ақ, 2017 жылға бекітілген жұмыс жоспары таныстырылып, 2016 жылдағы кәсіподақ қызметінің қорытынды жасалды. 

Кәсіподақтың нәтижелі жұмысының бірі 2016-2019 жылдарға жасалған ұжымдық шарт болған, бұл шарт бойынша қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мен отбасылық жағдайға байланысты демалыстардың ұзақтығы, сондай-ақ, бұрын бекітілген басымдықтар, кепілдіктер мен өтемақылардың сақталғаны туралы айтылды. 

ҚазҰУ ұжымы қызметкерлерге қолдау білдіріп, қамқорлық таныту мақсатында демалыс күндері шипажайлық-курорттық емдеу турларын ұйымдастырып, мәдени-бұқаралық шаралар жүргізіліп, соның ішінде: "Денсаулық" Спартакиадасы, "Тазалық байқауы", «Өз мамандығының шебері» шараларын атап өтсек, сонымен қатар университетте білім алатын қызметкерлердің балаларының оқу төлеміне жеңілдіктерді қарастырады.

Фотосуреттер: http://www.kaznu.kz