Асылан Тілегеннің «Үр» және Гүлзат Нарытбектің «Сая» атты кітабының тұсаукесер кеші

9 ақпан 2017 жылы әл-Фараби кітапханасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология және әлем тілдері факультеті ұйымдастыруымен Асылан Тілегеннің «Үр» және Гүлзат Нарытбектің «Сая» атты кітабының (twin book форматында) тұсаукесер кеші өтті. Асылан Тілеген және Гүлзат Нарытбек біздің университетіміздің филология факультетінің түлектері. Қазіргі таңда Асылан Тілеген «Жас оркен» ЖШС-ның веб-редакторы болып қызмет етуде. 

Кеш қонақтары Есенгали Раушанов – ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жазушы» баспасының директор.

Аманхан Әлім – ақын, журналист, «Ақиқат» журналының бас редакторы, Харифолла Есім – «Арыс» баспасының директоры, сондай-ақ ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Жүректен жүрекке қонар әсерлі шығармашылық кеште кітаптан өлеңдер, шығармалардан үзінділер оқылып, әсем ән мен күйде шертілді. Кеш барысында филология факультетінің «Біз» театры актерлары өнер көрсетіп, Құрманғазы атындағы консерватория студенттері концерттік бағдарламасын сыйға тартты.