Ғылыми-зерттеу жұмыстары IV «Жас әл-Фараби» мектеп конференциясы

17 ақпан 2017 жылы әль-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында  «ЭКСПО-2017» халықаралық  көрмесіне арналған «ХХІ ғасыр оқушыларының интеллектуалды әлеуеті: жетістіктер және инновациялар» тақырыбындағы  ғылыми-зерттеу жұмыстары IV «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ»  мектеп конференциясы өтеді. 

Конференцияны өткізу мақсаты: оқушылардың өз елінің өткені мен бүгінгісін зерттеу арқылы шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту; шығармашылық, креативті тұлға тәрбиелеу.

Конференция жұмысына Алматы қаласы жалпы білім беретін мекемелердің 9-11 сынып оқушылары қатысады, оның ішінде: №15 гимназия, ҒЗМ химия-биологиялық бағыт, ҒЗМ физика-математикалық бағыт және т. б. 

Конференция жұмысы 2 секция бойынша өткізіледі: 

  • 1-секция. Жаратылыстану-математика ғылымдар
  • 2-секция. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар 

Конференцияны ұйымдастырушылар: әль-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебі.

Өткізілетін күні және уақыты: 2017 жыл 17 ақпан, сағат 08:30-да.

Өткізілетін орны: әль-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 3 қабат, 304, 308-залдар.