SPRINGER деректер қоры бойынша семинар-тренинг 

2017 жылы 9 ақпанда әл-Фараби кітапханасында  SPRINGER  деректер қоры бойынша семинар-тренинг өтті. Семинарға кітапхана қызметкерлері қатысты. Семинар жүргізуші Ирина Александрова – Қазақстандағы Springer баспасының менеджері.

Тренинг барысында SPRINGER деректер қорында жұмыс жасау бойынша қадамдық нұсқаулығын көрсете отыр, презентация ұсынылды. Springer – түрлі форматтағы ғылыми мазмұндағы ең ірі әлем баспалардың бірі. Электронды баспа өнімдері журналдар (2000-нан астам), кітаптар (170 000-нан астам), рефераттық-библиографиялық және фактографиялық деректер базасын қамтиды.

Тренинг аясында қатысушылар Springer-дің тиімді ақпараттық іздеу әдістемесі мен мүмкіндіктерімен танысты, Springer баспасы сайтының жұмыс қағидалары мен негізгі ресурстар бойынша сұрақтарына жауаптар алып, көптеген пайдалы жән қажетті ақпаратқа ие болды.