«EBSCO және EBSCO Discovery Service деректер қорлары» атты тренинг

21 желтоқсанда 2016 жылы әл-Фараби кітапханасында  «EBSCO және EBSCO Discovery Service деректер қорлары» атты тренинг өткізілді. Тренинг жүргізуші Тамила Миркамалова, Ресей және ТМД елдерінде тренинг-маманы. Тренингке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапхана қызметкерлері, экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті, химия және химиялық технология, география және табиғатты пайдалану факультеті, философия және саясаттану, механико-математикалық факультеттерінің оқытушылары, магистрант-докторанттары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 85 адам.

Тренингте біздің университетімізге қолжетімді EBSCO деректер қорлары туралы, EBSCO Discovery Service, бірыңғай іздеу терезесі, ЕBSCO ebooks және басқа да мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Тренингтің бірінші болімінде презентация көрсетілді, компания жайлы қысқаша ақпарат, қолжетімді деректер қорына шолу жасалды. Екінші бөлімде барлық қатысушылармен онлайн-іздеу үлгілері, толық мәтінмен жұмыс жасау бойынша тәжірибелік сабақ өткізілді. 

EBSCO и EBSCO Discovery Service деректер қоры тренинг шеңберінде қатысушылар ақпаратты іздеу, тиімді жұмыс жасау әдістемелерін үйреніп, түрлі мүмкіндіктермен танысты, сонымен қатар,  сұрақтар қойып қажетті ақпарат алды.