Қазақстан Республикасының Конституция күні

Әл-Фараби атындағы кітапхана Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Конституция тәуелсіз ел тұғыры» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесін бекітудегі конституциялық құқықтың рөлі. Көрмеге қазақ мемлекетінің құрылу кезеңдері туралы материалдар, Қазақстанның тарихы мен елдегі конституциялық құқықтың дамуы жайындағы анықтамалық басылымдар қойылған. Конституция – мемлекеттің  негізгі заңы, жоғарғы заңнамалық күші бар ерекше нормативтік құқықтық акт. Конституция мемлекеттің саяси, құқықтық және  экономикалық жүйелерінің негіздерін анықтайды.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан  Жоғарғы Кеңесінің  ІХ сессиясында қабылданды. Конституция қысқа мерзімді перспективаларды қамтыды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция жобасы қабылданды. Жыл сайын республикада бұл күн мемлекеттік басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Конституциясы бірнеше рет толықтырып, 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілді. Бірінше кезекте Конституция әр адамның құқығы мен еркіндігінің көрінісі, бүтін мемлекет идеологиясының келбеті болып қала береді. Біздің қоғамның әрбір азаматы өз құқықтарын, міндеттерін және ережелерін сақтап, заңдарды құрметтеуге міндетті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық институттарды жаңғыру, нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы болып табылады.

Виртуалды кітап көрмесін осы жерден көре аласыздар

Көрменің безендірілуі:

  • 3 стеллаж
  • Флип чат
  • Мерзімді басылымдардан мақалалар
  • Көрменің дәйексөздері

«Жеті жарғы» қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазына.

Ж. О. Артықбаев

«Елдің Ата Заңы ретінде Конституция Қазақстан халқының қалауын, оның елді «ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде» орнықтыруға ұмтылысын білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

Көрме келесі бөлімдерден тұрады

  • Ата заңым – ардағым.
  • Конституция – Тәуелсіздік тірегі
  • Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы
  • Флип чат – конституция күніне арналған бейнематериал
  • Мерзімді басылымдардан конституция куніне арналған мақалалар

Көрмеге қысқаша шолу

  • Ата заңым – ардағым. Тұңғыш қазақ мемлекеті құрылғаннан кейін екі ғасыр өткен соң әдет – ғұрып құқығының жинағы — өзіндік конституциялық құжат «Жеті Жарғы» қабылданды. Онда халықтың этникалық тұрмысы, мәдениеті, дәстүрі, географиялық ерекшеліктері және халықтың бірлік қағидасы ескерілді. Тарихшылар әлі күнге дейін «Жеті Жарғының» авторының немесе ол жөнінде тұңғыш бастама көтерген адамның кім екендігін анық білмейді. Аңыздарға сілтеме жасай отырып, «Жеті Жарғыны» жасаған Тәуке хан деуге болады. Ол Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қазыбек биді және Kiшi жүзден Әйтеке биді Билер кеңесіне шақырып алып, олармен қазақ рулары арасындағы дау-жанжалдарды қарастырып, заң ережелерін жасаған. Әділеттің ақ туын желбіретер биге қойылар талап қашан да қатаң. Бұл туралы академик Салық Зиманов өзінің төрт тілде шыққан «Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі» деген кіта¬бында: «Қазақтың билер соты өзіне жүгінген тараптардың дау¬ларын қарастыра отырып, тарап¬тардың арасында, рудың ара¬сындағы бітімгершілікке және бірлікке қол жеткізуге тырыса¬тын. Билер сотының осы асқақ мұрат-тарының талабына жауап беру үшін билер дала данала¬рының мектебінен өтуге, алдыңғы ұлы билердің сынынан сүрінбеуге тиіс болған» деп жазған.Бугінгі көрмедегі ерекше кітаптар жинағы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Салық Зимановтың жетекшілігімен 10 томдық Қазақтың ата Заңдары –құжаттар, деректер және зерттеулер жинағы.
  • Конституция – Тәуелсіздік тірегі. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция жобасы қабылданды. Жыл сайын республикада бұл күн мемлекеттік басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі.сонымен қатар тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Конституциясы бірнеше рет толықтырып, 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілді.
  • Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы.Ата заң – мемлекеттік құрылыммен қатар жариялы – билік институтын белгiлейтiн ереже ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттің қандай кұндылықты сақтау керек екендiгiн айқындайтын басты құжат. Конституция қағидаларын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің өсiп – өркендеуiне, адам құқығының сақталуына, бiрлiк пен тұрақтылыққа жол ашады. Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру керек. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
  • Флип чат – конституция күніне арналған бейнематериал
  • Мерзімді басылымдардан конституция куніне арналған мақалалар. Өркендеп дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.

Көрменің оқырмандық бағыты: қонақтар, кітапхана оқырмандары және т. б. қатысушылар.
Көрмеге қойылған құжаттар: кітаптар, журналдар, газеттер.
Көрменің безендірілуі: цитаталар.

Әл-Фараби кітапханасында ұйымдастырылған іс-шаралардың бейне жазбаларын біздің youtube каналымыздан көруге болады: осы жерде

Сондай-ақ, біздің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі өзекті жаңалықтар мен іс-шараларға назар аударуды ұсынамыз, онда сіз одан әрі кеңес ала аласыз.

Сондай-ақ, «Кітапханашыға сұрақ қою» айдары арқылы Сізді қызықтырған сұрақтарға жауап алуға болатындығын еске саламыз.

Егер сіз кері байланыс нысаны арқылы пікір қалдырсаңыз, біз де қуанамыз (ауысу үшін басыңыз).

Яндекс.Метрика