Заманауи диаспорология және этникааралық келісім орнатудағы қазақстандық тәжірибе

27 желтоқсан 2016 жылы сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының конференция залдында Алыс Шығыс кафедрасы ұйымдастыруымен «Парадигма және Қазақстан мен шет елдердің замануи диаспорология дискурсы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді. Іс-шара ҚР ҒБМ «Заманауи диаспорология және этникааралық келісім мен толеранттылықтағы қазақстандық тәжірибе» жобасы аясында өткізілмек.

Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар Герман Кимнің «Диаспорологияға кіріспе» және Ботагөз Ракишеваның «Елдер арасындағы стратегиялық келісім аспектісі ретінде Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына көші-қон» атты кітаптарының және «Орталық Азиядағы корейтану деректері» атты халықаралық ғылыми журналдың тұсаукесері өтеді.