Дүниежүзі тарихының өзекті мәселелері

9 желтоқсан 2016 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының конференция залдарында тарих, археология және этнология факультетінің ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Дүниежүзі тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді. Конференцияға Варна қаласының аймақтық тарихи мұражайының докторы В.В Йотов, Италия қаласының «La Sapienza» университетінің профессоры Л.Фобио, Тюбинген университетінің профессоры М. Мейер қонаққа келді.

Конференцияның бағдарламасына сәйкес секциялық, пленарлық мәжілістер болды, өзекті мәселелер талқыланды.

2014­2016 жылдарға «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалған ғылыми зерттеулер қорытындылары негізінде, Отан тарихы мен дүние жүзі тарихының өзекті мәселелерінің теориялық­методологиялық тұжырымдарын еуразиялық және орта­азиялық саяси, әлеуметтік­экономикалық және этномәдени даму контексті туралы докладтар оқылды.

Осы іс-шара бойынша кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды.