«Кітап оқу лидері - 2017» сайысына қатысыңыз!

Құрметті студенттер!  Әл-Фараби кітапханасы жалпыуниверситеттік «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Кітап оқу лидері» оқырмандар сайысының басталғанын хабарлайды.

Сайыс биыл үшінші жыл ұйымдастырғалы отыр. Сайыстың ережесімен әл-Фараби кітапханасының сайтынан (http://elibrary.kaznu.kz/)таныса аласыздар. Сайысқа қатысу үшін ұсынылып отырған сауалнаманы толтыруларыңыз қажет.

Студент сауалнамасы

Сайыс 2016 жылдың қарашасының 21- нен басталып, қорытындысы 2017 жылдың сәуірінің 26 –да шығарылады.

Байланыс телефоны: + 7 727 393 62 53