Біз туралы

Әл-Фараби атындағы кітапхана – 1934 жылы университеттің құрылуымен қатар жұмыс істей бастап, университеттің оқу және ғылыми үдерістерін ақпараттық-кітапханалық қызметпен қамтамасыз ететін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  құрылымдық бөлімшесі. 

Алматы қаласының ең шырайлы аудандарының бірінде орналасқан ҚазҰУ қалашығы деген атымен танымал студенттік кампуста 2004 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен сол кездегі Чехия Президенті Вацлав Клаус университет кітапханасының жаңа ғимаратының іргетасын қалаған. 

2012 жылы кітапхана жалпы ауданы 17 856,6 м2   құрайтын, шығыс стилінің нақыштары жаңа технологиялармен және коммуникациялық шешімдермен жақсы үйлесім тапқан, Орталық Азияда аналогы жоқ заманауи ғимаратқа көшті.

Бүгінгі әл-Фараби атындағы кітапхана – бұл:

  • 2 миллион данадан асатын кітап қоры.
  • Толықмәтінді дерекқор жинақталған дербес электрондық кітапхана (http://jirbis.kaznu.kz/cgi-bin/irbis64r_141_ft/cgiirbis_64_ft.exe).
  • Халықаралық танымал баспалар мен дерек қорларының электронды кітаптарына (EBooks) қол жеткізу: EBSCO дерек қорының 3456 электрондық кітабына (http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/785), Springer-дің 10817 электрондық кітабына (http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/140), Elsevier-дің 114 электрондық кітабына (http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/1098).
  • Ауданы 1850 м2 құрайтын адамға арналған классиқалық оқу залы.
  • «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін барлық факультеттерге арналған абонементтер, мұнда студенттерге факультеті, мамандығына қарамастан, бір жерден қызмет көрсетіле береді.
  • Шартты түрде аймақтарға (мультимедиалық аймаққа, Интернетпен, графикалық бағдарламалармен, электронды ресурстармен, жеке ноутбуктармен жұмыс істеу аймақтарына) бөлінген, 220 адамға арналған электрондық кітапхана.
  • Диссертациялық қоры ұдайы толықтырылып отырып, қазіргі уақытта 7867 дана диссертация, 11407 дана автореферат құрайтын магистранттар залы.
  • Газет пен журналдың 250 атауын табуға болатын мерзімді басылымдар залы. 
  • XVI-XIX ғасырлық сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталған сирек кездесетін және құнды басылымдар залы. 2017 жылы алғаш рет 13992 дана құнды және сирек кездесетін кітаптардың электрондық картотекасы жасалды.
  • 2017 жылы ашылған Тұңғыш Президент залы. Бұл зал Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігінің қалыптасу және нығаю тарихы бойынша ақпарат ауқымын жасау, үнемі толықтыру және сақтау міндеттері жүктелетін мәдени-ағартушылық орталық болып саналады.
  • Әлем елдерінің кітап бұрышы. Оның мақсаты – өкілдері университетте оқитын немесе университетпен ынтымақтастық ететін шет елдер мен халықтардың әдебиет қорын қалыптастыру және насихаттау, оқырмандарға таныстыру.
  • Ғалымдар клубы. Бұл зал 2017 жылы толықтай жаңартылды: жөндеу жасалып, қонақтар қабылдау мен түрлі кездесулер өткізуге арнайы жабдықталды.
  • Шығыстың ұлы ойшылының ғылыми мұрасын зерттеумен айналысатын әл-Фараби орталығы
  • Шығыстың ұлы ойышылының өмір жолы мен шығармашылығына арналған әл-Фараби музейі. Жыл бойы университет студенттері мен қонақтарына музейге экскурсиялар жүргізіліп тұрады.
  • Ауданы 1800 м2 –ден астам жеке көрме алаңы.
  • 300, 80, 60 және 50 орындық 4 бірегей конференц-зал.
  • Оқырмандардың демалысына арналған коммуникациялық-релаксациялық аймақтар.
  • 75 адамға арналған кафе.

Кітапхана құрылымына 3 басқарма кіреді (http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/70).

Әл-Фараби атындағы кітапхана 2015 жылдан бастап кезең-кезеңмен жаңа технологияларға көшуде. 2017 жылы кітапхананы жаңғырту бойынша қорды талдау, түгендеу, ескі базаны жаңа базаға біріктіру, деректер қорының әрбір жазбасын түзету және жөндеу сияқты біршама жұмыс атқарылды. Кітап қорының электрондық деректер қоры «Кабис» автоматтандырылған кітапханалық жүйесінен «Ирбис» жүйесіне көшіріліп, түзету жұмысы жүргізілуде. 

Жаңа құрал-жабдықтар алынды, оның ішінде:  

  • Көпбейінді жұмыс станциясы, кітапхана қорының маркировкасын және RFID-технологиясы негізінде пайдаланушыларға қызмет көрсетуді бағдарламамен қамтамасыз ететін жиынтығымен; 
  • Кітапхана қорын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі;
  • RFID қолдауымен оқырмандардың өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы;
  • Басылымдарды цифрлау бойынша оқырмандардың өздігінен жұмыс істеуіне арналған сканерлік станция;
  • RFID-технологиясы негізінде кітапхана қорының сақтау бірліктерін сәйкестендіретін және түгендейтін бағдарламалық қамтамасыз ету пакеті алдын ала орнатылған автоматты түрде инвентаризациялайтын мобильді құрылғы.

Монтаждау жұмыстары жасалды, қосымша желі жүргізілді, құрал-жабдықтарды орнату және барлық жүйені ретке келтіру жұмыстары жүзеге асырылды. RFID жүйесі автоматтандырылған кітапханалық Ирбис 64 жүйесімен ықпалдастырылды.

2 ай көлемінде қордағы 60000 кітапқа радио-белгі жабыстырылды және белгілер бағдарламаланды. Аппараттық-бағдарламалық кешенді жеткізіп берушілермен кешенді іске қосу бойынша және университеттің ID-картасын оқырман билеті ретінде қолдануды мүмкін ету бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 

Қазір кітапханада қызмет көрсетудің 2 түрі ұйымдастырылған: абонементте кітап беру және классикалық оқу залының режимінде кітап беру. Оқырмандардың кітапханаға жазылуы абонементте университеттік ID-карта бойынша жүргізіледі, әрбір оқырманға электрондық формуляр толтырылады. Сонымен қатар, кітапхана оқырмандарына оқу залы мен Ғалымдар клубының қорына еркін кіруге рұқсат етіліп, оқырмандардың өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі енгізілген. Оқу залының кітабын өзіне-өзі қызмет көрсету станциясының көмегімен қайтаруға болады. Алу-беру операциясы біткен соң, оқырман алынған және қайтарылған кітаптар тізімінің чегін ала алады. Кітапхананың кіреберісіне орнатылған қорғау қақпасы рұқсат етілмеген құжаттарды оқырман алып кетіп бара жатса, белгі  береді. 

J-Irbis модулі іске қосылды, оның көмегімен Интернет арқылы кітапхана қорларына кіруге болады. Қазіргі уақытта электрондық қаталогтың барлық қорларына кіруге болады. Сайт басқа платформаға ауыстырылып, дизайны жаңартылды,  онда «Айқап», «Аманат», «Мәдениеттану кітапханасы» электронды журналдары орналастырылды.

PlayMarket-тен ашуға болатын Android телефондарға арналған «Әл-Фараби кітапханасы» (https://play.google.com/store/apps/details?id=com.wLibrary_3789543&hl=ru) деген мобильді қосымша әзірленіп, іске қосылды. 

Әл-Фараби кітапханасында  университеттің ғылыми форумдары, конференциялары, тренингтері, сондай-ақ, халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады.

Әл-Фараби атындағы кітапхана қазіргі таңда университеттің ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы ретінде сапалы білім беруге және жоғары білікті мамандарды даярлауға белсенді ықпал етіп, университеттің білім бағдарламаларына сәйкестендіріліп жинақталған кітап қорымен және заманауи ақпараттық электронды ресурстарымен қызмет көрсетіп келеді.