IPRbooks

Әл-Фараби кітапханасы сіздерге ірі IPRbooks Электронды-кітапханалық жүйесі тестілік режимде қолжетімді болғанын хабарлайды! Университетіміздің әрбір оқытушысы мен студенті оқу мекемелерінің білім беру қызметінде қолдануға ұсынылған, еліміздегі ең алғашқы сертификатталған электронды-кітапханалық жүйе болып табылатын, IPRbooks ЭКЖ – электронды басылымдарының Ресей лицензиялық толықмәтінді қорымен тегін жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.

IPRbooks ЭКЖ – семинарларға, сынақтарға және емтихандарға, жобалар мен қажетті жұмыстарды орындауға, оқудың әртүрлі бағыттарына арналған, жаңа ақпараттық технологиялар мен лицензиялық оқыту әдебиеттерін біріктіретін, оқуға және ғылыми зерттеулерге арналған сенімді және пайдалы ресурсы. IPRbooks ЭКЖ оқытушыларға оқу жоспарын құруда, сабаққа дайындалуында, әріптестерінің жаңа жарияланымдары туралы ақпараттар алуында пайдасы зор.

ЭКЖ-де 100000 аса басылымдар, 26000 әртүрлі пәндер бойынша оқу және ғылыми жұмыстар бар, басым бөлігі ЖАК тізіміне кіретін 400-ге жуық ресей және шетел журналдары, 500 аса федералдық, аймақтық, ЖОО баспалары, ғылыми-зерттеу институттары, ғалымдардың еңбектері мен жетекші авторлық ұжымдардың әдебиеттері ұсынылған. IPRbooks ЭКЖ контенті білім беру саласында, жоғары мектеп, орта кәсіби білім беру стандарттары бойынша, қосымша және қашықтықтан оқыту бойынша РФ заңнамалық талаптарына толықтай сай келеді.

Сонымен қатар «Ресей кітапханаларының қоры» (62000 аса басылымдар) – сирек басылымдар, ноталар, мерзімді басылымдар, тарихи, өлкетану әдебиеттері және т.б қолжетімді.

Сайтта әртүрлі пәндер бойынша өзінің білімін тексеруге көмектесетін, онлайн-режимдегі тесттер (350 аса тесттер) ұсынылған.

Оқытушыларға РҒДИ (Ресей ғылыми дәйектеме индексі) (IPRbooks ЭКЖ Elibrary Ғылыми электронды кітапхана серіктесі болып табылады) қорында келесі индекстеумен IPRbooks ЭКЖ-не өз жұмыстарын электронды жариялау мүмкіндігі бар. Жұмысты ЭКЖ жариялау IPRbooks ЭКЖ сервистері мен барлық мүмкіндіктерін қолданып ыңғайлы платформада студенттер үшін басылымдарға қолжетімділік оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, яғни сабаққа дайындалу барысында студенттерге өзінің басылымдарын ұсыну, білімді бақылау, студенттердің басылымдармен жұмыс жасау статистикасын талдау.

IPRbooks ЭКЖ күнделікті қазіргі заманғы жаңа басылымдармен толықтырылып және жаңартылып отырады. Оның айтарлықтай ерекшелігі, қорды жинақтау барысында оқытушылардың, студенттердің талаптарын ескере отырып оқу үрдісіне арналған әдебиеттерді сапалы іріктеу болып табылады. Тағы бір артықшылығы – қолданушыға арналған жаңа ыңғайлы сервистер, жүйенің жоғары бейімділігі, кеңейтілген функционал, іздеудің қолайлылығы және жылдамдығы.

Басылымдардың толық мәтініне ​​жүйеге кіргеннен кейін ​ғана ​қолжеткізуге болады​. Ол үшін​ ​у​ниверситет компьютерінен  http://iprbookshop.ru ​сайтын​да авторлану қ​ажет. IPRbooks ​сайтында жоғарғы​ ​оң жақ бұрыштағы КІРУ пернесін басып, ​​​​​келесі логин мен парольды енгізесіз: ​Логин - kaznu.kz, пароль – EZBMkNjh,​ ​содан соң ​жеке  тіркелуден​ ​өтесіз​ (​аты-жөні, электронды пошта, пайдаланушы тұрпаты​)​.  ​Т​ірке​у аяқталғаннан кейін жеке логин мен парол​ь​ ашылған терезеде​ бейнеленеді​, сондай-ақ ​с​​іздің ​электрондық пошта​ңызға жіберіледі. 


Қолданушы нұсқаулығы