Дерек қорларында индекстелетін журналдарды қалай таңдау керек

Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан әлемдік ғылыми қоғамдастыққа белсенді еніп келеді, нәтижелері халықаралық конференцияларда және әртүрлі ғылымиметриялық дерек қорларында (Scopus, Web of Science, Elsevier, PubMed және т.б) индекстелетін журналдарда жарияланатын ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Бұл дерек қорларының кейбіреулері зерттеушілердің ғылыми тиімділігін бағалау критерийі ретінде ұлттық деңгейде қабылданған. Мәселен, PhD дәрежесін алу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты диссертациясының тақырыбы бойынша Scopus дерек қорында индекстелетін журналдарда ғылыми мақала жариялауға міндетті (толығырақ осы жерде).

Мақалаңызды жариялау үшін Scopus пен Web of Science-та индекстелген журналды қалай таңдау керек?

Көбінесе зерттеуші мақала дайындайды және оған сәйкес журнал таңдайды, бірақ кез келген тренингте сізге алдымен журналды таңдау керек екендігі айтылады. Біз сіздер үшін белгілі дерек қорларының менеджерлері мен лекторларының ұсыныстарының тізімін жасадық, одан сіз Scopus және Web of Science-та немесе басқа деректер базасында журналды қалай таңдау керек екенін білесіз.

  1. Өз пәндік салаңыз бойынша қол жетімді журналдар тізімін жасаңыз және оларда жарияланған мақалалардың түрін қарап шығыңыз.
  2. Журналдардың мақсаттары сіздің зерттеуіңіздің мақсаттарымен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
  3. Журналдарда жарияланған типтік мақалалардың бар болуын тексеріңіз.
  4. Әрі қарай журналдардың соңғы тізімін жасаңыз және сіздің барлық критерийлеріңізге сәйкес келетін журналды таңдаңыз. Журналды дұрыс таңдау сіздің жұмысыңыздың жариялануын қамтамасыз ету үшін маңызды. Көбіне мақалалар зерттеу тақырыбы журнал шеңберінен шығу себебінен немесе басқа мақсатты аудиторияға бағытталғандықтан қабылданбайды.

Scopus туралы толығырақ мына жерден оқыңыз

Подробнее о Web of Science читайте здесь

Хирш индексі қалай есептеледі?

Сондай-ақ Elsevier компаниясының «Scopus және Science direkt-тен тиімді іздеу» вебинарын көруге кеңес береміз.

Мақаланы халықаралық журналда жариялауға қалай дайындауға болатынын келесі бейнематериалдан көруге болады:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жазылым бойынша қандай дерек қорлары қол жетімді екенін әл-Фараби кітапханасы сайтының негізгі бетінің төменгі жағындағы «Жазылымдық дерек қорларынан» білуге болады.

Дерек қорларымен жұмыс туралы қосымша ақпаратты әл-Фараби кітапханасының Даму және коммуникация орталығында мына нөмірден алуға болады: +77273773333 (ішкі 1712), сонымен қатар сіз Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшалардың менеджерлерінен кеңес ала аласыз.

Яндекс.Метрика