Университеттің 2021 жылға жазылған газет-журналдары

Құрметті қызметкерлер, оқытушылар және зерттеушілер, кітапхана сайтына университеттің 2021 жылға жазылған газет-журналдарының тізімі ілінгенін хабарлаймыз.

Қолжетімді газет-журналдар тізімімен сайттың «Ресурстар» мәзіріндегі «Мерзімді басылымдар» бөлімінен немесе төмендегі терезеден табуға болады:

Егер сіз басқа қалада болсаңыз немесе карантин режиміне байланысты Қазақ ұлттық университеті кітапханасының Мерзімді басылымдар залына келе алмасаңыз, онда «Бюллетеньдер мен хабаршылар» бөлімін пайдалануға кеңес береміз:

Егер сіз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршыларын іздесеңіз,  ҚазҰУ Хабаршысы деген арнайы платформаны қолдануды ұсынамыз.

Scopus мәліметтер базасында және басқа ғылыми ресурстарда индекстелетін шетелдік ғылыми басылымдар сайттың басты бетінде қол жетімді. Сондай-ақ, Scopus деректер базасындағы журналдарды қашықтан тек қарауға болатындығын, алайда әл-Фараби кітапханасы өз докторанттары мен зерттеушілеріне қашықтықтан қол жетімділікті орнатып бере алатындығын еске саламыз. Ол үшін аты-жөніңізді, Scopus деректер базасында тіркеу үшін пошталық мекен-жайыңызды, оқитын факультет пен курсты көрсетіп, tastankulov.yerkin@kaznu.kz мекен-жайы бойынша жіберуіңіз керек. Сұрақтар туындаса, біз Instagram парақшасында жауап беруге қуаныштымыз.

Төменде Scopus деректер базасы туралы толығырақ білуге болады.

Яндекс.Метрика