ИРБИС жеке кабинеті немесе кітаптар бойынша қарыздың бар-жоғын қалай тексеруге болады

Электрондық каталогтағы жеке кабинет кітапхана қолданушысының кітап бойынша қарызының бар-жоғын, қолдағы басылымдарын және кітап алу тарихын көруге арналған.

Бейненұсқаулықты мына жерден көруге болады (өту үшін басыңыз).

Әл-Фараби кітапханасына тіркелген қолданушылар өз оқырман формулярында тіркелген кітаптарды, олардың ішінде өткізу мерзімі өтіп, қарыз болып тұрған кітаптарды бірнеше тәсілмен біле алады.

Бір тәсілі – дәстүрлі, бұл кітапханаға барып білу, екінші жолы – кітапхана телефондары арқылы байланысу немесе «Кітапханашыға сұрақ қою» қызметін пайдалану, бірақ ең жақсы тәсіл – жеке аккаунт арқылы тексеру. Бұл функция компьютерде де, қолданушының Интернетке қосылған смартфонында да жұмыс істейді.

Егер қолданушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушысы немесе оқытушысы, қызметкері болса, онда ол ID-карта деректерін пайдаланады, егер бөгде қолданушы болса, онда тіркеу кезінде қолданған құжат деректерін пайдаланады.

Біздің Jirbis электрондық каталогына өтіп, нұсқауларды орындаңыз.

Нұсқаулық:
«Фамилия» деген өріске ID-картада көрсетілген тегіңізді, ал «Пароль» өрісіне ID-карта нөмірін енгізіңіз, бөгде қолданушылар кітапханаға тіркелу кезінде құжатта жазылған тегі мен құжаттың нөмірін (мысалы, жеке куәліктің нөмірі немесе ұлттық паспорттың нөмірін) көрсетеді).

Әрі қарай «Оқырман формуляры» мәзірін басыңыз, сонда сіз қолыңыздағы басылымдар туралы ғана емес, сонымен қатар, уақытында қайтарылмаған қарыз кітаптар туралы және кітаптар алу тарихы туралы ақпарат аласыз.

Яндекс.Метрика