IPR MEDIA компаниясы студенттерді электрондық кітапхана жүйесімен жұмыс істеу бойынша тегін сабақтарына шақырады.

Құрметті студенттер, сіздерді оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Пандемия жағдайында жоғары деңгейде білім алуыңыз үшін қол жетімді онлайн-құралдар мен кітапханалар туралы білу өте маңызды!

IPR BOOKS электрондық кітапхана жүйесін (ЭКЖ) әзірлеуші IPR MEDIA компаниясы сіздерді ЭКЖ-мен жұмыс істеу бойынша ақысыз Бүкілресейлік цифрлық сабаққа шақырады.

Өткізу күні: Цифрлық сабақ екі ауысымда 2020 ж. 9 қыркүйекте өтеді.

Өткізу уақыты: Мәскеу уақытымен сағ. 11:00-ден 12:00-ге дейін және сағ. 15:00-ден 16:00-ге дейін.

Сіздер өздеріңізге ыңғайлы уақытты таңдай аласыздар. 

Қатысу үшін қатысу формасын толтыру қажет: осы жерді басыңыз

Назар аударыңыздар! Zoom-да өтетін конференцияға және/немесе YouTube-тан трансляцияға сілтеме көрсеткен почтаңызға сабақ алдында жіберіледі. 

Маңызды: IPR BOOKS ЭКЖ-сінде тіркелгеніңізге көз жеткізіп алыңыз. Әлі тіркеуіңіз болмаса, нұсқаулықты пайдаланып, жеке тіркелуден өтуді ұсынамыз:

Сонымен қатар сіз жоғарыдағы форманы толтыру барысында IPR BOOKS ЭКЖ-сіне тіркелуге келісім бере аласыз, сол кезде ұйымдастырушылар сізді жүйеге автоматты түрде тіркейді.

ЭКЖ-мен жұмыс істеу бойынша Бүкілресейлік цифрлық сабақ электронды-кітапханалық жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларымен және контентпен қашықтықтан танысуға, ЭКЖ-нің барлық қызметтерін қолдануды үйренуге, оларды оқу үдерісінде қалай пайдалануға болатындығын білуге және оқытушы мен студенттің әлеуметтік желілерде өзара әрекеттесуі үшін қандай құралдары бар екенін білуге ​​мүмкіндік береді. Сабақтарды тәжірибелі лектор және белсенді оқытушы жүргізеді.

Сабақтың жазбасы барлық тіркелген қатысушылар үшін қол жетімді болады.

Яндекс.Метрика