«Бір толқында» атты Халықаралық балалар бірлесу-байқауы

БҰҰ-ның шешімі бойынша Халықаралық мәдениеттің жақындасу онжылдығы (2013-2022) аясында «БІР ТОЛҚЫНДА» «НА ОДНОЙ ВОЛНЕ» Халықаралық балалардың бірлесу- байқауын жариялайды.

Ережесімен танысу үші осы жерді басыңыз

Байқаудың ұйымдастырушылары: Балаларға арналған Украин Ұлттық кітапханасы (НБУ балаларға), балалар мен жасөспірімдер кітабының Халықаралық кеңесі Ұлттық секциясы  (IBBY), балаларға арналған Украин кітапхана қызметкерлерінің ассоциациясы.

Қазақстан Республикасы бойынша кураторлар – Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, байқау координаторы – Конарова Алма (Алматы қ. С.Бегалин атындағы ОҚБК жетекшісі).

Өтетін мерзімі: Байқау 01 шілдеден 16 қараша аралығында (Халықаралық толеранттық күні)  2020 жылы үш турда өткізіледі:  

Бірінші тур  Қазақстан бойынша байқауға қатысқандар үшін – 01 шілдеден 10 қыркүйек аралығында;   

Екінші тур (Әділ қазылар үшін) – 11-нен 20 қыркүйек аралығанда. Ал 21- нен 30 қыркүйекте – жеңімпаздардың жұмыстарын ұйымдастырушыларға жөнелту. 

Үшінші тур (Халықаралық) – 01  қазаннан   16  қарашаға дейін,  қорытындылау.

Кім қатыса алады: 1 – 11 сыныптар оқушылары.

  1. 1-4 кл.оқушылары;
  2. 5-8 кл. оқушылары;
  3. 9-11 кл. оқушылары.
  • Байқауға мына бағыттағы жеке және ұжымдық жұмыстар қабылданады: 
  • Балалар кітабы шекараны еңсереді; 
  • Біздің планетамыздың болашағы;
  • Менің елім әлем картасында;
  • Елің өзіңнен басталады;
  • Балалар нені армандайды?
  • Балалар бейбітшілік үшін!
  • Байқауға әр жас ерекшелігіне қарай қатысушыларуранды сөз жазылған сурет/плакат дайындайды (қазақша немесе орысша). Ол мағанасына, жанрына, тақырыбына сай планетадағы өз еліннің, әлемнің болашағын көрсете алатындай әдемі етіп көркемдеу қажет.
  • Плакат/ сурет А-3 форматта дайындалып, беттік сандары қойылып, электронды түрде alma-kac@mail.ru мекен жайына 2020 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жіберу қажет. 10 қыркүйегінен кейін қабылданбайды.   

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАДАҒЫ ХАТТА хаттың тақырыбын «КОНКУРС  УКРАИНА» «УКРАИН БАЙҚАУЫ» деп жазу керек.

Яндекс.Метрика